Шығысқазақстандық кәсіпорынның тауарлары отандық нарыққа шықты

(Дауыстар: 1)
Шығысқазақстандық кәсіпорынның тауарлары отандық нарыққа шықты

«Екі дос и К» ЖШС кәсіпорнының өндірістік базасында өндірілетін құрылыс материалдары мен тауарлары өз қажеттіліктерін өтеумен бірге, отандық нарыққа шығарылады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Өндіріс өнімдері қатарында фанер, металл жабындысы, металлпластикалық жабдықтар, ағаштан жасалған өнімдер, қарағайдан қиып салынған үйлер, жиһаз, құм және шлакоблоктар, жұмысшылар киімі, сондай-ақ, ұлттық үлгідегі тауарлар (сырмақ, текемет, т.б.) бар.

Шығысқазақстандық кәсіпорынның тауарлары отандық нарыққа шықты

ШҚО басшысы Бердібек Сапарбаев Глубокое ауданында орналасқан өндіріс базасындағы цехтармен және қызметкерлерге арналған қонақүй, асхана, әкімшілік корпус ғимараттарымен танысты. Компания жетекшісі Тельман Жәментіков құрылыс нысанын салу кезінде 50 жұмысшы жұмыс істесе, өндірістік база іске қосылған соң қосымша 150 жұмыс орны ашылатынын жеткізді. Әсіресе, шеттен келген қандастарымызды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Жалпы, инвестиция көлемі – 220 млн. теңге. Кәсіпорын толық қуатымен іске қосылғанда 8 мың текше метр фанер шығармақ. Тельман Қабылкенұлы келесі жылдың мамыр айында іске қосуды жоспарлап отырған кәсіпорынды дөңгелетіп алып кету үшін шикізаттың жеткілікті болуы қажеттігін жеткізді. Облыс әкімі қазіргі кезде ағаш өңдеу саласы кенжелеп қалғанын, ағаш шикізатына бай өңірдің қолда бар ресурсты дұрыс игере алмай отырғанын, сондықтан компания жетекшілеріне жергілікті билік тарапынан қолдау болатынын атап өтті.

Шығысқазақстандық кәсіпорынның тауарлары отандық нарыққа шықты

– Тіс шұқығыш, сіріңке, қарындашқа дейін шетелдерден сатып аламыз. Осы сияқты шикізатты көп қажет етпейтін бұйымдарды өндірумен шұғылдану қажет. Алдымен облыс жұртшылығының сұранысын қанағаттандырсақ, сонан соң республика нарығына шығаруға да мүмкіндік болады, – деді өңір басшысы.

Думан Анаш
суреттерді түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар