Қылқан жапырақты ағаштарды кесуге тыйым салынған Шығыс Қазақстанда

(Дауыстар: 1)
Қылқан жапырақты ағаштарды кесуге тыйым салынған Шығыс Қазақстанда

Биыл Шығыс Қазақстанда орталық алаңдарға, әкімдіктерге, Президенттің шырша мерекесіне арнап 600-700 ағаш кесіліпті, шыршалар Черемшанкадан әкелінген. Бүкіл Өскемен қаласына бөлінген тірі шыршалардың саны 250 тал ғана. Оның өзі мектептер мен балабақшалардан, тағы басқа әлеуметтік нысандардан аспайды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыста қылқан жапырақты ағаштарды кесуге түбегейлі тыйым салынған. Мереке қарсаңында орманды өңірлерде күзет күшейтіледі. Бір шыршаны кескендерге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл – 25 мың теңгеден артық ақша.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы басшысының орынбасары Виталий Чернецкийдің айтуынша, үйіне жаңа жылдық реңк бергісі келетіндер тек шырша бұтақтарын ғана сатып ала алады екен. Ал үйіне тұтас шырша орнатам дегендерге Ресейден арнай әкелінетін ағаштарды сатып алуға мүмкіндік қарастырылған. Ол жақта осы мақсатқа өсірілетін арнайы плантациялар бар көрінеді. Бірақ оның бағасы өте қымбат.

Қазір кез келген жерде жасанды шыршалар толып тұр. Сапасына қарай емес, көлеміне қарай қымбаттайтын жасанды шыршалардың базардағы бағасы да көңілге қонымды. Енді қараңыз, 60 сантиметрлік шырша 700 теңге болса, 90 сантиметрлігі - 1300 теңге. Одан әрі қарай 1,5 метрлігі 4200, 2,5 метрлігі 12 мың теңге болып кете береді. Бұл - бір мәрте пайдаланып лақтырып жіберетін тірі шырша емес, бірнеше жыл пайдалануға болатын кәдімгі құнды бұйым. Бірақ Жаңа жыл деп өрекпіген көңілдер базарлардан қылқан жапырақты бұтақтарды көптеп сатып алып жатыр.

Базар аралаған көпшілікпен тілдескенде, олардың әрқайсысынан әртүрлі пікір естідік. Қала тұрғыны Евгения Мукушеваның айтуынша, оның үйінде Жаңа жылда міндетті түрде жас шыршаның иісі шығып тұруы керек. Расында да мейлі, сіз бала болсаңыз да, дана болсаңыз да қаланың орталық алаңынан бәленбай метрлік шырша көрсеңіз, көңіл күйіңіз көтеріліп сала беретіні белгілі. Мұрныңызға мандарин мен жас шыршаның иісі, яғни, балалық шағыңыздың жұпары келіп жүрегіңіз дүрсілдеп, көңіліңіз атой салып кететіні бар, ол - туа бітті қанымызға сіңген жаңажылдық көңіл күй. Оны жасыра алмаймыз. Ал Дамир Мейірмановтың айтуынша, Жаңа жыл бір күндік мейрам, сол үшін өсуі баяу қылқан жапырақты ағаштарды балталаудың еш қажеті жоқ.

- Базар маңындағы бұрыш-бұрыштың бәрінде шоқ-шоқ шырша бұтақтарын ұстаған саудагерлер. Қарағай мен шыршаның бұтағы Жаңа жылда өзінен өзі жерге түсіп шашылып жатады, оны ана саудагерлер барып теріп алады деп кім айтты сізге? Мен өзім қарағайлы жерде туып-өскенмін, ағаштың жай-күйін білемін. Сіз қараңызшы, саудада тұрған бұтақтардың кейбіріне адамның құшақ жетпейді. Бұл - бірнеше ондаған жыл өсіп тұрған үлкен қарағайдың бұтақтары. Демек, біреулер ағашты жықты, оны балталады, оны бұтақтады. Олар осы бұтақтар арқылы тұтас шырша сатқаннан да молырақ пайдаға кенеліп отыр. Бір бұтақтың бағасы 300-500 теңге көлемінде, - дейді қала тұрғыны Дамир Мейірманов.

Өрттен абай болыңыз


Кейбіреулер жасанды шыршаның қауіпті екенін, оның тез жануға бейім екендігін алға тартады. Осыған орай біз Өскемен қалалық төтенше жағдай басқармасынан да біршама деректер алдық.

Аталмыш басқарманың баспасөз хатшысының айтуынша, Жаңа жылдағы өрт шығу жағдайларына ең алдымен адам факторы әсер етеді екен. Өскемен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының өртті бақылау бөлімі осы орайда Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде өрт қауіпсіздігін сақтаудың қарапайым ержелерін ұсынады: шыршаны мықты тұғырға орнатыңыз; бұтақтары мен биіктігі қабырға мен жиһаздарға тиіп тұрмауы керек; шыршаны жылыту құрылғыларының жанына орнатпаңыз; оның түбіндегі мақта отқа қарсы қоспаға матырылуы керек; шырша жанында бенгаль оттары сияқты жанатын, жарылатын нәрселерді пайдаланбаңыз; шырша үстіне майшам немесе тағы басқа тез жанатын дүниелерді жақындатпаңыз; электр гриляндалары зауыттық үлгіде жасалған сапалы болуы керек; гриляндаларды өшіріп, қосуды балалардың қолына бермеңіз.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар