Серебрянка органикалық емес бұйымдар зауытының мәселесі оңды шешіледі

(Дауыстар: 1)
Серебрянка органикалық емес бұйымдар зауытының мәселесі оңды шешіледі

Облыстық ақпараттық орталықта өткен бұл жолғы дәстүрлі брифингте БАҚ өкілдері Зырян ауданының әкімі Ермак Сәлімовке ауданның тыныс-тіршілігі, жетістіктері мен проблемалары туралы сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Брифингтің басында Ермак Сәлімов 2013 жылы ауданда атқарылған жұмыстардың қорытындыларына тоқталып, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жайында ақпарат берді.

– Жалпы, 2013 жыл ауданымыз үшін табысты аяқталды деуге болады. Әрине, бірқатар көрсеткіштеріміз былтырғымен салыстырғанда төмендеп кеткенін жасыра алмаймын. Дегенмен, негізгі бағыттар бойынша алға басушылық байқалады, – деген аудан басшысы аймақтағы түйіні тарқамай тұрған бірқатар мәселелерді атап өтті. Олардың ішінде аудан орталығының қалақұрушы кәсіпорны саналатын «Қазцинк» компаниясының геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуіне қатысты мәселе де бар.

Естеріңізде болса, осыдан біраз бұрын ақпарат құралдары Зыряндағы Малеевка кенішінің қоры 2028 жылға дейін ғана жететіні туралы мәлімет таратқан болатын.

– Қазіргі уақытта кәсіпорынның геологиялық барлаумен айналысуы үшін қажетті бірқатар шаралар қолға алынуда. Әйтпесе, соңғы 20 жылдың ішінде, КСРО кезінен бері кен орындарын барлаумен ешкім айналысқан жоқ, ал бұл өте күрделі жұмыс, – деді Е.Сәлімов.

Аудан басшысы өз сөзінде Зыряндағы тағы бір кәсіпорын – Серебрянка органикалық емес бұйымдар зауытының жағдайын да айналып өтпеді.

– Өз тарапымнан зауытқа қатысты мәселелердің көбі оң шешімін тапты деп айта аламын. Енді инвесторлар табу жағы ғана қалды. Жалпы, инвестор ретінде «Қазақстан инжиниринг» компаниясын қарастырып отырмыз, - деген аудан әкімі журналистердің сұрақтарына жауап берді.

– Жақында ғана өткен алқалы жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев үстіміздегі апта соңына дейін аталмыш компанияның зауытқа инвестор болатыны не болмайтыны анықталады.

– Зырян қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамту мәселесі қаншалықты шешімін тапты?

– Өздеріңіз білесіздер, Зырян қаласы еліміздің ең суық нүктесі болып табылады. Сол себепті, аудан орталығы үшін жылумен қамту мәселесі қашан да өзекті. Осы жайтты ескере отырып, биыл қалада электр қуатымен қамтитын екі турбогенераторды орнату жұмыстарын қолға алдық. Жалпы құны 1 миллиард теңгеден асатын аталмыш турбогенераторлар бізге қыстың қытымыр аязында барлық тұрғын үйлер мен ғимараттарды жылумен қамтып, электр энергиясының бағасын арзандатуға мүмкіндік бермек, сондай-ақ, электр қуатын аудандағы өзге ұйымдар мен мекемелерге сатуға да жол ашады.

– Бұқтырма су қоймасының алабынан белгісіз бір сұйықтық табылғанын білесіз. Біреулер оны Тұрғысын ауылындағы су бөгетінің салынуымен байланыстырып отыр. Осы мәселеге қатысты не айтар едіңіз?

– Жалпы, су бетінде осы бір белгісіз заттың пайда болуына байланысты жедел іс-шаралар кешені қабылданған болатын. Оқиға орнында сынама алынып, экология департаментінің зертханалық-сараптамалық бөлімінде зерттеу жұмыстары жүргізілді. Кейіннен заттың құрамында мұнай өнімдері жоқ деген тұжырымдама жасалды. Сонымен қоса, ластану ошағын анықтау мақсатында, жергілікті жерде тексеру амалдары қолға алынып, оқиға орнына прокуратура, табиғатты қорғау полициясы, Зырян аудандық балық инспекциясы мен экологтар жұмылдырылып, тиісті іс-шаралар жүргізілді. Жалпы, белгісіз сұйықтықтың бірнеше күннен кейін ізім-қайым жоқ болып кетуіне қарағанда, бұл қоршаған орта мен адам денсаулығына ешбір зияны жоқ зат деп айтуға әбден болады. Сонымен қатар, бұл сұйықтық Тұрғысын ауылында су бөгетінің салынуы салдарынан пайда болды деген қауесет те шындыққа жанаспайды.

– Ауыл шаруашылығы саласының аудан экономикасындағы алар орны қандай? Ауданды жұмыртқа өнімімен қамтуға әлеуеттеріңіз жете ме?

– Ауданымыз үшін ауыл шаруашылығының орны қашан да ерекше зор болған. Жалпы, бізде жұмыртқа өндіретін ірі кәсіпорындар жоқ болғанымен, Северный және Соловьево ауылдарында шағын құс фермалары ойдағыдай жұмыс істеп келеді. Алдағы уақытта тағы екі құс фермасын ашу жоспарымызда бар.

– Бұқтырма су қоймасының жағасында үйлердің салынуы қаншалықты заңды?

– Жалпы, көл жағасында мұндай үйлердің салынуына қатысты мәселе бірнеше жыл бұрын да көтерілген болатын. Бүгінде бұл іспен прокуратура айналысып, су қорғау аймақтары мен белдеулері туралы ережені бұзған үй иелерімен жұмыс жүргізуде. Жалпы, қазіргі уақытта Бұқтырма жағалауында құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты бас жоспар әзірленуде. Бұл құжат дайын болғаннан кейін заңсыз салынған үйлерге қатысты мәселе шешімін табатын болады.

– Ауданда жер-су, елді мекен және көше атауларын өзгертуге қатысты қандай шаруалар атқарылды?


- Бүгінде ауданымызда төрт қазақ мектебі бар. Ал көше атауларын өзгерту мәселесіне келер болсақ, осыдан біраз бұрын аудан орталығындағы үлкен көшелердің біріне атақты геолог Арықтай Қаюповтың есімі берілді. Болашақта Советская және Ленин сияқты көшелердің атауларын қазақшаламақпыз. Бұл бағытта аудандық ономастикалық комиссиямен бірлесіп жұмыс істеудеміз.
– Ауданның табиғаты мен жері, ауа райы қысқы спорт түрлерін дамытуға өте қолайлы. Дегенмен, Зырянның қысқы спорт түрінен ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктері де, саңлақ спортшылары да жоқ. Қазіргі уақытта ауданымызда тау шаңғы кешенін салу жөнінде құжаттамалар әзірлеп қойдық. Енді бұл іске инвесторларды тартып, құрылыс жұмыстарына білек сыбана кірісу ғана қалды. Бүгінде «Қазцинк» компаниясының қолдауымен жер-жерде хоккей қораптары мен спорттық алаңқайлар да салынуда.

Нұржан Кенжеұлы
суретті түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар