Дін мәселелерін түсіндіретін керуен жасақталады Шығыс Қазақстанда

(Дауыстар: 1)
Дін мәселелерін түсіндіретін керуен жасақталады Шығыс Қазақстанда

Шығыс Қазақстанда жұртшылықтың діни сауатын тереңдетіп, бұрыс бағыттағы адасқан ағымдардан қоғамды, оның ішінде әсіресе, жастарды сақтандыру үшін арнайы жасақталған керуен ел ішін аралап, ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізетін болады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл бастаманы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі облыстық кеңестің биылғы қорытынды отырысында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар көтерді.

Керуен құрамына қарапайым тұрғындардың кез келген діни сауалдарына тұщымды жауап бере алатын имамдар мен дінтанушылар, құқықтық мәселелер және заңдылықтарды егжей-тегжейлі түсіндіретін құқық қорғау органдарының мамандары, сондай-ақ ұлтымыздың тағылымы терең, ғибратты өлең-жырлары арқылы көпшілікке насихат айтатын термеші-жыршылар және басқа да жауапты орындардың, басқармалардың өкілдері кірмек.

– Жолға шығатын керуеннің құрамында ислам дініне қатысы бар мамандар болуы керек. Бұған қоса ақпараттық-насихат жұмыстарының тәсілін өзгерткен дұрыс. Керуенді шығарудағы мақсаттың бірі осы. Жалаң сөзбен айтқанша, қазақтың жанына жақын жыр-термелерімен ата дәстүрімізді, дінімізді түсіндіріп, үгіт жүргізу әлдеқайда тиімді болады, - деп сөйлеген Жақсылық Омар теріс ағымдардың жетегіне еретіндердің дені жастар екенін, сол себепті облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасына артылған жүктің ауыр екенін айтты.

Алайда кеңес отырысында бұл басқарманың тарапынан қоғамның ең белсенді тобы – жастармен нәтижелі жұмыс істеуге бағытталған көңілге түйер нақты бір ұсыныстың айтылмағаны қынжылтты.
Кеңесте сонымен қатар облыстық дін істері бақармасының басшысы Манарбек Мұхаметжанов баяндама жасады. Ол өз сөзінде дін саласына қатысты ағымдағы жылы аймағымызда атқарылған жұмыстарға тоқталып, 2014 жылға белгіленген жоспарлар турасында баян етті.

– Облыстық кеңестің жүйелі жұмысының арқасында бүгінде өңірдегі діни ахуал тұрақты деуге болады. Ағымдағы жылдың алғашқы жарты жылдығында жоспарға сәйкес экстремистік идеологияны таратуға жол бермеу мақсатында кешенді шаралар жүргізіліп, 12 мың дана діни әдебиет (кітаптар) тексерілді. Тексеру нәтижесінде олардың ішінен сотпен тыйым салынған әдебиеттер анықталған жоқ. Облыс әкімдігінің қаулысына сәйкес аймақта діни мазмұндағы әдбиеттер мен басқа да ақпараттық материалдарды тарататын 78 арнайы стационарлық ғимарат анықталды. Діни рәсімдер мен жоралғылар өткізетін үш жүздей орын (намазханалар, шағын шіркеулер) белгіленді, - деп мәлім еткен Манарбек Мұхаметжанов бір жыл көлемінде орындалған жұмыстар жайлы қысқаша айтып өтті.

Бұл жиында сондай-ақ Күршім және Үржар аудандарындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестердің жұмыстары тыңдалуы керек еді. Бірақ аудандармен тікелей байланысқа шығу мүмкіндігі болмағандықтан ол мәселе кейінге қалдырылды. Отырыс соңында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар кеңес мүшелеріне алдағы жылдың жоспарына енгізу үшін бір аптаның ішінде өз ұсыныстарын жазбаша түрде жолдауды еске салды.

Серік Әбілхан
суретті түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар