«СемАЗ» зауытынан қытайлық «Shacman» жүк көліктері шығарыла бастады

(Дауыстар: 1)
«СемАЗ»  зауытынан  қытайлық «Shacman» жүк көліктері  шығарыла бастады

«СемАЗ» машинақұрастыру зауытынан қытайлық «Shacman» жүк көліктері шығарыла бастады, деп хабарлайды Altaynew«СемАЗ» машинақұрастыру зауытынан қытайлық «Shacman» жүк көліктері шығарыла бастады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.s.kz тілшісі.

«СемАЗ» ЖШС-нің бас директоры Әсемхан Досқожановтың айтуынша, кәсіпорыннан шығарылатын техниканың түр-түрі жыл санап артып, түрлене түсуде. Зауытта 2013 жылдың өзінде ғана «Урал» автокөлігі мен 920 және 892 моделді «Беларус» тракторлары құрастырыла бастаған. Ал таяуда олардың қатарына қытайлық «Shacman» жүк көліктері де қосылыпты.

«СемАЗ»  зауытынан  қытайлық «Shacman» жүк көліктері  шығарыла бастады

– Автокөліктің қосалқы бөлшектерін түгелдей Қытайдан алып келдік. Алайда, машина жасау технологиясын игергеннен кейін бұл бөлшектерді өзімізде шығаратын боламыз. Жалпы, «Shacman» жүк көліктерінің сапасы көңілімізден шығып отыр, – деген өндіріс ісінің басшысы Жандос Ілиясов бір көлік 25 тоннаға жуық жүк тасымалдай алатынын тілге тиек етті.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев зауытта құрастырылатын автобустармен танысты. Аймақ басшысы әсіресе, газбен жұмыс істейтін жаңа автобустардың сапасына жоғары баға беріп, кәсіпорыннан шығарылатын техниканы бірінші кезекте өз қажеттілігімізге жарату керектігін айтты.

суреттерді түсірген Ғылымбек Сәбитов
Мәлімет көзі:Altaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар