Аймақ басшысы өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті

(Дауыстар: 1)
Аймақ басшысы өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті

Кеше ШҚ облысы әкімі Бердібек Сапарбаев жылдағы дәстүрге орай өңірдегі бұқаралық ақпарат құрал-дарының өкілдерімен кездесу өткізді. Журналистер қауымы өздерін мазалаған сауалдарға аймақ басшысының тарапынан тұщымды жауаптарын алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Кездесу барысында өңір басшысы ақпарат құралдары тарапынан болатын сын материалдарға қатысты өз ойын жеткізді.

– Егер сын орынды болса, оны қабылдауымыз керек. Сіздер, журналистер қауымы, ел ішінде көп жүресіздер, біз байқамаған кемшіліктерді көріп, ескертіп жатасыздар. Мен бұны өте дұрыс деп санаймын. Сіздердің сын-ескертпелеріңізге дер кезінде әрекет етіп, одан тиісті нәтиже шығарғанда ғана қоғамдағы орын алған олқылықтардың орны толып, жұмысымыз ілгері баса бермек. Сол үшін мен өзімнің орынбасарларымнан бастап, барлық басқармалардың, жауапты орындардың басшыларына бірде-бір сын материал назардан тыс қалмасын, оларға тиісті жауап қайтарыңыздар деп тапсырма бергенмін, – деді облыс басшысы.

Аймақ басшысы өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті


Айтмұхамбет Қасымов, ардагер журналист:
– Мен Сізге өңірлік БАҚ мұражайын құру жөнінде өз ұсынысымды білдіргім келеді. Оған негіз де бар, біздегі тарихы ғасырға тақаған облыстық газеттер, сондай-ақ, еліміз бойынша ең алғаш болып ашылған облыстық телевидение тағылымы мол жәдігерлерден кенде емес.


– Құптарлық іс. Облысымызда түрлі бағыттағы мұражайлар жетерлік, солардың бір бұрышын, не болмаса, бір бөлігін өңірдегі БАҚ тарихына арнауға әбден болады.

Ирина Якунина, «Астана» телеарнасы:
– Сіз тілшілер үшін әркез қолжетімдісіз, кез келген сауалымызға жауап беруге әзірсіз, Сіздің орынбасарларыңыз да сондай. Бірақ жекелеген департаменттер басшылары туралы олай айта алмаймыз. Олардың тарапынан біз «Сауалдарыңызды ресми түрде жазбаша жолдаңыз» деген жауапты жиі естиміз.


– Қай басшылар? Айтыңыз, олармен сөйлесейін. Олардың бұл әрекеті дұрыс емес. Мұндай бюрократияға жол беруге болмайды. Барлық басшыларға тиісті тапсырмалар жүктеледі. Ақпарат дер кезінде берілгенде ғана маңызды, уақыт өтіп кеткен соң, оның ешкімге керегі жоқ. Ал қағазбастылық біраз уақытты талап етеді.

Оңдасын Елубай, «Егемен Қазақстан» газеті:
– Өскеменде Жазушылар одағының филиалы табысты жұмыс істеп келеді. Өңір жазушыларына белгілі бір тақырыптарға көркем шығармалар жазу жөнінде міндеттемелер беріліп тұрса жөн болар еді.


– Мен келер жылдың қаңтарында өңірдегі жазушылармен кездесемін. Сол басқосуда осы және өзге де мәселелерді егжей-тегжей қарастыратын боламыз.

Екатерина Гуляева, «Рудный Алтай» газеті:
– Жуырда Семейде екі әріптесімізге пәтер кілттері табыс етілді. Өте қуаныштымыз, Сізге айтар алғысымыз шексіз. Осы іс жалғасын табады деп сенеміз.


– Рақмет! Жас мамандарды, әсіресе, мұғалімдер мен дәрігерлерді, өзге де аса қажетті мамандық иелерін пәтермен, жатақханамен қамту ісі, әрине, алда да жүргізіле береді.

Людмила Малько, «Қазақпарат» агенттігі:
– Ағымдағы жылы өңірдегі қаржының игерілу көрсеткіші қалай болады?


– Бюджет қаржысының игерілу деңгейі 95,5 пайыз болады деп күтілуде. Яғни, шамамен 800-900 миллион теңге ғана қалады. Біздің негізгі көздегеніміз – экономика өсімінің қарқыны жөнінен биыл республика бойынша алғашқы орынға көтерілу. Екі жыл бұрын бірінші, былтыр екінші орында болғанбыз.

Аймақ басшысы өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті

Кездесу соңында аймақ басшысы соңғы кездері «түрлі фестивальдар, форумдар, конференциялар көбейіп кетті, олар не үшін керек?» деген сөздердің жиі айтылып жүргенін тілге тиек етті. Ол өзге өңірлермен, елдермен араласу, ақпарат алу үшін және өңіріміздің имиджін арттырып, өз өнімдеріміз бен мүмкіндіктерімізді насихаттау үшін қажет екенін айтқан облыс Әкімі осы жылы ғана осындай басқосулар нәтижесінде өңірге 15 миллиард теңге қаражат тартылғанын да жеткізді. Сонымен қатар, ол облыста жұмыс істейтін «Парыз» қорында жинақталатын қаржының жұмсалуы қатаң қадағаланатынын айтты.

– Қаражат негізінен әлеуметтік-мәдени нысандарды салуға, ауыр науқастанған балаларды емдеуге кетеді. Аталмыш қаржыға Өскеменде облыстық мешіт және Жекпе-жек сарайы бой көтерді, сондай-ақ, Жеңіл атлетикалық манеж бен Жүзу бассейні салынуда. Мен қор қаржысының қандай мақсаттарға бағытталғаны туралы ақпаратты облыстық «Дидар» және «Рудный Алтай» газеттеріне жариялауды тапсырамын. Барлықтарыңызға жұмыстарыңыз үшін өз атымнан ризашылығымды білдіремін, алда келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға береке-бірлік, табыс тілеймін! – деді кездесу соңында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Ержан Әбіш,
Серік Әбілхан
суреттерді түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар