Аса мұқтаж жандар Қасым Қайсенов кентінде баспанамен қамтылды

(Дауыстар: 1)
Аса мұқтаж жандар Қасым Қайсенов кентінде баспанамен қамтылды

асым Қайсенов кентінде 40 пәтерлі екі бірдей көпқабатты тұрғын үй қолданысқа берілді. 2012 жылдың шілде айында алғашқы қазығы қағылған құрылыс нысаны межелі уақытында беріліп, пәтер кілттері тапсырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

«Қол жетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша салынған тұрғын үй ең алдымен кезекте тұрған аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы аналарға, ардагерлер мен жетімдерге, жас мамандарға үлестірілді.

Осы салтанатта сөз сөйлеген облыс басшысы атқарылған шаруаға ауданның бұрынғы әкімі Серік Төленбергеновтың үлесі мол екендігін атап өтті.

– Бұл – ел экономикасының қарыштап алға жылжып бара жатқандығының айқын көрінісі. Елбасымыз жүргізіп отырған салиқалы саясаттың арқасында қазір Өс-кемен, Семей сынды қалаларда ғана емес, аудан орталықтарында да тұрғын үйлер құрылысы қарқын алып келеді. Біз алдағы уақытта да баспаналы отбасылардың санын көбейте түсеміз, – деді аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев.

Салтанатты жағдайда пәтер кілтіне 10 баланың анасы, алтын алқа иегері Зұлқарнайын Қайсақызы, ата-анасыз қалған, тәрбиеші қамқорлығына алынған Аяна Әлімбаева сынды бірнеше адам ие болды.

Облыс әкімі бұдан кейін аудандық мәдениет үйінде аудан активімен кездесіп, тұрғындар сауалына жауап берді.

Дарын Нұрсапаров
суретті түсіргенЕсімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар