Қазақ күресінен өткен Әлем чемпионатынан еліміздің тоғыз балуаны жүлдемен оралды

(Дауыстар: 1)
Қазақ күресінен өткен Әлем чемпионатынан еліміздің  тоғыз балуаны жүлдемен оралдыМинск қаласында қазақ күресінен өткен Әлем чемпионатынан еліміздің тоғыз балуаны жүлдемен оралды. Олардың ішінде Шығыстың балуан жігіттері де бар, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

28 елдің балуандары белдескен жарыстарда спортшылар бес салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Қазақстан құрамасы сапында 10 балуан кілемге шығып, соның тоғызы жүлделі орындарды еншіледі. Сарапқа салынған барлық алтын жүлдені қазақстандық балуандар жеңіп алғанын мақтанышпен атап өткен жөн.

Команданың осындай жетістігіне біздің облыстың балуандары да елеулі үлес қосты. 90 келі салмақ дәрежесінде бірінші орын үшін жерлестеріміз семейлік Мұхит Тұрсынов пен Алпамыс Төкеев ақтық сынға түсті. Бұл белдесуде Мұхит жеңіске жетті. Ал 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде 2013 жылғы «Қазақстан Барысы» Айбек Нұғымаров беларусь Евгений Бедулинді жеңіп, алтын медальды қанжығасына байлады.

Сондай-ақ, 60 келі салмақ дәрежесінде белдескен Абзал Арыстанбеков те құрама қоржынына алтын жүлдені салды. Ол ақтық сында қырғыз Санжар Османалиевті тізе бүктірді. 70 келіде бақ сынаған Ерлан Естек армян Армен Назарянды айқын басымдылықпен ұтты. 80 келіде айқасқа түскен Ерсін Мұхамеджанов та қарсыластарының жауырынын жер иіскетті.

Қазақстан балуандары бес алтынмен қоса бір күміс, үш қола медальды иеленді. Күмісті ақтық сында Мұхитқа есе жіберген Алпамыс Төкеев алса, қола Амангелді Сатыбалдиновқа (60 келі), Ерасыл Сәкенұлына (70 келі) және Әділжан Ыстыбаевқа (80 келі) бұйырды.

Әлем чемпионатын ұйымдастырушылар алтын медаль иеленген балуандарға 1000 АҚШ доллары, күмiс жүлде иеленген спортшыларға – 500, ал қола медальға қол жеткiзгендерге 300 доллардан сыйақы тапсырды.

сурет Tengrinews.kz сайтынан алынды
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар