Мәңгілік махаббатқа арналған мүшәйраның жеңімпаздары анықталды

(Дауыстар: 1)
Мәңгілік махаббатқа арналған мүшәйраның жеңімпаздары анықталды«Мәңгілік махаббат» атты республикалық жыр мүшәйрасының қорытындысы жарияланып, үздік шыққан ақындар марапатқа ие болды Аягөз қаласында, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл мүшәйра былтыр Аягөз ауданында Қозы Көрпеш-Баян сұлу ескерткішінің ашылуына байланысты ұйымдастырылған болатын. Жыр додасына еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 107 үміткер қатысып, қос ғашықтың махаббатын жырлаған ақындардың шығармалары интернетте дауыс беру арқылы іріктелінген екен.

Қозы мен Баянның мәңгілік махаббатын ту еткен ақындар үш орын бойынша қомақты қаржымен марапатталды. Бірінші орынды Қарағанды облысының тумасы, белгілі ақын Серік Ақсұңқарұлы иеленсе, екінші орын тараздық ақын Ерлан Жүніске және үшінші орын семейлік жас ақын Олжас Қасымға бұйырды.

Айта кетейік, осынау жыр додасы жақында ғана күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін ашылған аудандық Мәдениет үйінде өтті. Мүшәйраға және аталған Мәдениет үйінің ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, жерлесіміз, ақын Несіпбек Айтов, жазушы Сұлтан Оразалин мен айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазин да қатысты.

Осы шара аясында аудан әкімі Нұрбол Нұрғалиев танымал журналист-жазушы Сұлтан Оразалинге «Аягөз ауданының Құрметті азаматы» атағын салтанатты түрде табыстады.

– Бұған дейін мемлекет тарапынан, басқа да алған сыйлықтарым аз емес. Алайда туған өлкем –
Аягөздің Құрметті азаматы атануым мен үшін ең үлкен әрі ең қымбат сыйлық деп ойлаймын, – деп ағынан жарылды Сұлтан Оразалин ағамыз.

Думан Арғынгелді
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Ақпан 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728 
Жаңалықтар