Жұмыс істемейтін қоғамдық ұйымдарды есептен шығару мәселесі көтерілді Шығыс Қазақстанда

(Дауыстар: 1)
Жұмыс істемейтін қоғамдық ұйымдарды есептен шығару мәселесі көтерілді Шығыс Қазақстанда

Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік тапсырыстар негізінде жүзеге асыратын жобаларына бөлінетін қаржы бір жылдың ішінде екі есеге артты Шығыс Қазақстанда. Алайда, өңірде тіркелген 700-ден астам қоғамдық ұйымның 200-ден астамы ғана белсенді жұмыс істейді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жайында үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе әрекет ету жөніндегі кеңестің кезекті мәжілісінде сөз болды. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ербол Нұрғалиев алдағы уақытта екі жақты тығыз байланыс одан әрі арта түсетінін жеткізді. Қолға алынған 92 жобаның арқасында біздің облыс еліміз бойынша алдыңғы бестікке кіріп отыр.

Ал жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ж. Сәрсебаев облыс аумағында жастар саясатымен айналысатын 120 үкіметтік емес ұйымның тек 32-сі ғана белсенді әрекет етіп отырғанын айта келіп, осы ұжымдарды бірнеше жылдарды қамтитын ұзақ мерзімді жобаларға басымдық беруге шақырды.

Үкіметтік емес ұйымдар да өз тарапынан екі жақты байланыстың жаңа деңгейін қалыптастырудың жолдарын ұсынып, осы мәселеге қатысты жүргізген зерттеу жұмыстарының қорытындыларымен таныстырды. Әсіресе, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаға тапсырыс беруші ұйымдар мен қарапайым халық алдындағы есеп беруге міндеттілігі, қоғаммен жұмыста креативті қадамдардың аздығы сынды мәселелер назарға алынды.

Алайда облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар өңірде тіркелген 700-ден астам қоғамдық ұйымның 200-ден астамы ғана белсенді жұмыс істеп отырғандығын, қалған ұйымдарды есептен шығару қажеттігін қадап айтты.

Мемлекеттік тілде жұмыс жүргізетін үкіметтік емес ұйымдардың аздығын, қазақ тілді ортада аталмыш ұжымдардың жұмысы мүлде бәсең екенін айтқан облыс басшысының орынбасары алдағы уақытта осы бағытқа басымдық берілетінін атап көрсетті.

Сондай-ақ, ол үкіметтік емес ұйымдар мен әлеуметтік тапсырыс беруші органдар тарапынан мектеп түлектерінің көршілес елдерге ағылуы, ішкі және сыртқы миграция мәселелері, діни ахуал мен суицид, көпбалалы отбасы құруды насихаттау сынды өзекті бағыттарға жеткілікті көңіл бөлінбей жатқанын сынға алды.

Есімжан Нақтыбайұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар