Полиция генерал-майоры қаза тапқан полицейлердің балаларын Жаңа жылмен құттықтады Өскеменде

(Дауыстар: 1)
Полиция генерал-майоры қаза тапқан полицейлердің балаларын Жаңа жылмен құттықтады ӨскемендеЖаңа жыл қарсаңында ШҚ облысының бас полицейі қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан әріптестерінің балаларымен кездесіп, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі ШҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО ІІД бастығы полиция генерал-майоры Рашид Жақыпов балғындарға ойыншықтар мен тәтті сыйлықтардан басқа ноутбуктер, iPadтар және спорттық жабдықтар табыс етті.

Полиция генерал-майоры қаза тапқан полицейлердің балаларын Жаңа жылмен құттықтады ӨскемендеБалалар мен олардың аналары сыйлықтар мен көрсетілген құрмет үшін ілтипаттарын білдіріп, шынайы алғыс-сезімдерін жеткізді. Әрі қарай мерекелік шаралар Өскемен қаласындағы «ULBA» Орталық мәдениет үйінде жалғасты. Онда балаларға жаңажылдық көрініс ұйымдастырылды.

Қызметтегі полицейлер қаза тапқан әріптестерін ешқашан ұмытпайды, құрметтейді. Және де құқықтық тәртіпті қорғауда жанын қиған қызметкерлердің отбасыларын қолдаусыз, ілтипат пен қамқорлықсыз қалдырмайды. Облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы ІІО қызметкерлерінің балаларымен жұмысқа ерекше көңіл бөледі. Балалар үшін жыл сайын Білім күніне, Жаңа жылға, Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шаралар өткізу жақсы дәстүрге айналған.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар