«Өнерқұдірет» Жастар театры ашылды Семейде

(Дауыстар: 1)
«Өнерқұдірет» Жастар театры ашылды СемейдеСемей шаһарында тағы бір мәдени шаңырақ көтерілді. М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі студенттерінің бастамашылығымен «Өнерқұдірет» Жастар театры ашылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпаратына сүйеніп.

Алғашқы қойылымдарында студент әртістер өз өмірлерін, студенттік шақтың қызығы мен шыжығын сахналауды жөн көріпті. Қалалық мәдениет сарайында Қанат Жүнісовтің «Студенттер хикаясы» (комедия) атты пьесасын жас театр өзінің тырнақалды дүниесі ретінде жұртшылыққа ұсынды. Бұл туындыға 16-19 жас аралығындағы педагогикалық колледж студенттері қатысып, комедия жанрындағы қойылымды көрерменнің көңілінен шығарды. Шығармаға жоғарғы курс студенттерінің төменгі курс жастарына көрсеткен өктемділіктері, сол қызықты шақтағы махаббат сезімдері арқау болған. Жас әртістер өз рөлдерін асқан шеберлікпен сомдады. Қойылым режиссері – колледж ұстазы Ақерке Досымбаева.

«Халықтың болмысын, өткені мен келешегін танытатын – мәдениет. «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады», - деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, адамзат тарихының күре тамыры мәдениет. Мәдениеттің өзекті бөлігі – өнер. Болашақ жастардың қолында, соның ішіндегі басымдылық өнерлі жастарда», - дейді ұйымдастырушылар.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар