8,5 мың ауылдық шағын несие берілді шығысқазақстандықтарға 2013 жылы

(Дауыстар: 1)
8,5 мың ауылдық шағын несие берілді шығысқазақстандықтарға 2013 жылы

2013 жылы шығысқазақстандықтарға Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 8,5 мың ауылдық шағын несие берілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл жайында тілшімізге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нармұхан Қалмаханұлы Сарыбаев баяндады.

– «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» ауыл тұрғындарына өтіп бара жатқан жылы қандай игі іс-шаралар жасады?

– 2013 жылы ауыл тұрғындары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді несиелендіру көлемін екі есеге дерлік ұлғайтты. 2012 жылы жалпы сомасы 11,2 млрд. теңге көлемінде 5 мың несие берілсе, үстіміздегі жылы бұл көрсеткіш 20 млрд. теңгені құраған 8,5 мың несиеге дейін өсті! Несиелеу саны мен көлемінің өсуі ең алдымен «Жұмыспен қамту-2020» жол картасына байланысты жүзеге асып отыр.

8,5 мың ауылдық шағын несие берілді шығысқазақстандықтарға 2013 жылы

Сонымен қатар, біз бірнеше жаңа несие өнімін аштық. Олардың бірі – Ислам Даму Банкінің қаражаты негізінде жүзеге асырылған «Мурабаха» бағдарламасы. Ислам қағидатының негізінде бөлшектеп несиелендіруді қор елімізде тұңғыш рет енгізді. Елдің алды болу қашан да оңай іс емес. Десек те, біз Ислам Даму Банкінің қойған барлық талаптары мен өзімізге жүктелген міндеттерді орындай алдық. Жуық арада банк тарапынан бөлінген 10 млн. АҚШ доллары толық мөлшерде ауылдық шағын несие түрінде беріледі.
Атап өткен жөн, биылғы жылы біз «Жылыжай» бағдарламасын қайта жандандырдық. Бағдарлама негізінде еліміздің оңтүстік аймақтарында фермерлік шағын жылыжайлар құрылысы қарқын алды.

Бұған қоса, несиелендіру шарттары бойынша несие алушыларға қойылатын талаптар да біршама жеңілдетілді. Мысалы, кепіл саясаты жұмсарып, несие қайтару мерзімі ұзартылды және т.б.

2013 жылдың маңызды нәтижелерін де атап кетуім жөн: 3 жыл көлемінде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 3 мың несие берілді, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алу үшін 10 мыңыншы жас маманға несие берілді. «Егінжай», «Шағын несие беру ұйымдарын несиелендіру», «Бизнес-аймақтар», «Кәсіпкер» және тағы басқа бағдарламалар сәтті орындалуда.

- Яғни, әрбір ауыл тұрғыны өз кәсібін жүргізу үшін, мейлі ол мал шаруашылығы, цех немесе жеке шаштараз ісі болсын, Сіздерге келіп несие алуға мүмкіндігі бар ма?

– Дәл солай. Өзіңіз айтқан кәсіптердің барлығы – бүгінгі ауыл тынысының негіздері. Егін салу мен мал басын өсіру ғана емес, цехтар, дүкендер, қызмет көрсету орындарын ашу – бұлардың барлығы ауыл инфрақұрылымына кіреді және ауылдың жағдайын жақсартады. Біздің басты мақсатымыз – қаржы құралдарын пайдаланып, Қазақстан ауылдарының әл-ауқатын көтеру.

Осы тұста айта кетерлік жайт, қандай да болмасын қаржыландыру бағдарламасының табысты орындалуы оның шарттарында ғана емес. Табыс көзі ең алдымен – адамдарда. Яғни, бағдарламаны жүзеге асыратын мамандар ауыл тұрғындарымен тіл табысып, бағдарлама талаптарын түсіндіретін, тиісті құжаттар әзірлеуге көмектесетін, несие қаражатын мақсатты жұмсалуын қадағалап, қайтарылуын бақылау қажет. Біздің негізгі ресурсымыз – шалғайда қызметте жүрген біздің қызметкерлеріміз. Оларға менің алғысым шексіз. Жаңа енгізілім, мөлшер өсімі, уақыт пен мамандар тапшылығына қарамастан, олар өз міндеттерін адал атқара білді.

– Атқарылған жұмыстар ауқымды екені көрініп тұр. Дегенмен, келесі жылы тағы қандай іс-шаралар жоспарда бар?

– Келер жылға жоспарымыз көп. Біздің басты бағытымыз, ұстанымымыз – ҚР Ауыл шаруа-шылығы министрлігі әзірлеген «Агробизнес-2020» бағдарламасын орындау. Осы бағдарлама аясында біз ұсақ фермерлік шаруашылықты, отбасылық сүт фермаларын, фермерлік жылыжайларды қаржыландыру жөніндегі несиелік өнімдерімізді жүзеге асыратын боламыз. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мен аймақтарды дамыту бойынша басым бағыттарды орындау негізінде ауыл кәсіпкерлерін «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы бойынша несиелендіру шаралары да жалғасатын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар