2013 жылдың маңызды оқиғалары Шығыс Қазақстандағы

(Дауыстар: 1)
2013 жылдың  маңызды оқиғалары Шығыс Қазақстандағы
Индустрияландыру күні аясында үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы жобаларының тұсаукесеріне арналған жалпыұлттық телекөпір кезінде Елбасы Өскемендегі фотоэлектрлі пластиналар шығару зауытын салтанатты түрде іске қосты.

«Қазақстан Солар Силикон» зауыты – «Қаз-атомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы құрамындағы инновациялық, жоғары технологиялық кәсіпорын. Кешен әлемнің ең озық технологиясымен жабдықталған. Бұл жерде күн батареяларына қажетті, күн сәулесін энергияға айналдыратын фотоэлектрлі ұяшықтар жасалады.

Кәсіпорынның қуаты 60 мегаваттан кем емес. Бұл бір жылда бір жылу электр станциясын салғанмен бірдей. Зауыт іске қосылғанда 440 жаңа жұмыс орны ашылады.

***

Қыркүйекте Өскеменде Қазақстан-Ресей орман форумы өтті. Бұл форум орман өнеркәсібі саласында қордаланған талай түйткілді мәселенің түйінін тарқатуға, саланы өркендетудің, орманды қорғап, қалпына келтірудің, ағаш өңдеу өнеркәсібін дамытудың тетіктерін табуға арналды.

****
Биыл Шығыста өткен IV халықаралық бал фестиваліне Сауд Арабиясы корольдігі, Түркия, Біріккен Араб Әмірлік-тері, Қытай, Ресей, Беларусь мемлекеттерінің өкілдері қатысты.

****

Ел аймақтарының өзара ықпалдастығы аясында облысымыздың Алматыдағы күндері өтті. Ерекше атап өтерлігі сол, облыстардың Алматыдағы күндерін елімізде тұңғыш болып Шығыс Қазақстан бастады. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысының Астанадағы күндері де сәтті өтті.

****
«Fresh Market» – облысымызда, тіпті, елімізде ашылып отырған (Өскемен) алғашқы фермерлік гастроном. Оның ашылуы арқылы облысымыздың фермерлері өз өнімдерін өткізуде еш қиналмайтын болды. Әсіресе, бұл тұтынушылар үшін өте пайдалы болмақ.

****
Татарстанның тұңғыш Президенті Минтемир ШАЙМИЕВ биыл Семей қаласында өткен сабантойға қатысты.
Айтпақшы, ол 1957-1958 жылдары Бесқарағай ауданының сол кезде Балапан деп аталатын ауылында комбайншы болған екен.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz


Экс-Президент Семейге соңғы рет 1995 жылы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілген ұлы Абайдың 150 жылдық тойына келіп, Қазақстанға КамАЗ автокөлігін сыйға тартқан көрінеді.

Осы сапарында ол Семейде татар мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосып жүрген бірнеше адамды сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапаттаған болатын.

***

«Айтас-МП» ЖШС тауық етін толық өңдейтін жаңа зауытты іске қосты. Өскемен құс фабрикасынан шыққан тауық еті мұнда дайын өнімге айналады. Мекеме тәулігіне 40 тонна суытылған етті қалдықсыз өңдей алады. Мұнда қазір 200 адам еңбек етуде.

****
Облысымызда ауыл жастарының бірінші халықаралық конгресі өтті. Оған Облыс Әкімі Бердібек Сапарбаев, Ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков, Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов, шетелдердің төтенше және өкілетті елшілері, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен ауыл жастары қатысты.
Республика бойынша тұңғыш рет өтіп отырған ордалы жиынға қазақ жастарынан бөлек, Вьетнам, Түркия, Қытай, Ресей, Моңғолия жастары да шақырылды.

Шара соңында ауылшаруашылық саласында үздік инновациялық жобалар жасаған студенттерге «Байер» халықаралық компаниясының арнайы стипендиялары табысталды.

****

Биыл Ресей Федерациясы Алтай өлкесінің Белокуриха қаласында «Алтай – біздің ортақ үйіміз» атты халықаралық үйлестіру кеңесі жұмысының 10 жылдығы аталып өтті. Оған облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған Шығыс Қазақстанның ресми делегациясы қатысқан-ды.

Алтай өлкесінің губернаторы Александр Карлин кеңес жұмыс істеген он жыл ішінде өлке мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы үш есеге ұлғайғанын атап өтті. Алтай өлкесі үшін экономикалық өзара тиімді ынтымақтастық саласында Шығыс Қазақстанның алар орны ерекше.

Басқосуда аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев бірқатар тың бастамаларды алға тартып, Үлкен Алтайдың әрбір аймағында халықаралық үйлестіру кеңесіне мүше өлкелердің сауда үйлерін ашуды, «Үлкен Алтайдың алтын дауысы» атты халықаралық фестивальды жыл сайын өткізіп тұруды ұсынды.

«Алтай – біздің ортақ үйіміз» халықаралық үйлестіру кеңесінің аясында «Үлкен Алтай – өркениеттердің тоғысқан жері» атты халықаралық конференциясы, сондай-ақ, «Алтай. Дамудың жаңа межелері» атты халықаралық жастар форумы өтті.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар