2013 жылдың таңдаулылары Шығыс Қазақстандағы

(Дауыстар: 1)
2013 жылдың таңдаулылары Шығыс Қазақстандағы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 2013 жылдың қорытындысы бойынша облыс әкімдерінің арасында бірінші орынға шықты.

«Саясат-Monitoring» тобы әдеттегідей ағымдағы жылдың соңғы онкүндігінде қала және облыс әкімдерінің рейтингісін жариялады. Сауалнама сарапшылар, қоғамдық қызметкерлер мен саясаткерлер, саяси технологтар, журналистер мен блогерлер арасында жүргізілген болатын. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Астана мен Алматы қалаларының әкімдерінен кейін, яғни, үшінші орынды, ал еліміздегі облыс әкімдері арасында бірінші орынды иеленіпті. Аймақ басшыларының рейтингісі бірнеше көрсеткіштер бойынша анықталып, олардың орташа есебі рейтингтің негізгі көрсеткіші болып белгіленген екен.
Айта кетейік, әкімдердің жұмысына рейтингтік бағалау жүйесін енгізу бастамасын 2010 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. Бүгінде рейтинг жүйесін тек түрлі агенттіктер мен институттар ғана емес, Президент Әкімшілігіндегі жұмыс тобы да жүргізіп келеді.


ЖЫЛ ТАҢДАУЛЫЛАРЫ

Серік Қоржикенов– «Спорт саласының үздігі». Серік Сәпенұлы жас-тарды салауатты өмір салтына тәрбиелей отырып, спорттың дамуына үлкен үлесін қосты. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы. Ол халықаралық дәрежедегі 12 спорт шеберін, самбо, дзюдо күрестерінен Қазақстанның спорт шеберлерін дайындады. Сонымен бірге биыл үшінші мәрте өткізілген «Қазақстан барысы» сайысында Шығыстың намысын абыроймен қорғап, жеңімпаз болған Айбек Нұғымаровтай талантты балуанымыздың бапкері ретінде көпшілікке кеңінен танымал.

Алексей Межебицкий – «Үздік кәсіпкер». Ол жеке кәсіппен 1995 жылдан бастап айналысып, өңір тұрғындарын жиырма жылға жуық уақыт сапалы нан өнімдерімен қамтып келеді.

– Мен үшін мұндай марапатқа ие болу күтпеген жағдай болды. Алғашында толқығаным рас. Мен бұл жетістікке ұжымымның арқасында жеттім деп есептеймін. Осы сәтті пайдаланып, еңбегімізді бағалап, кәсіпкерлігімізге қолдау білдірген облыс басшылығына алғысымды айтқым келеді, – дейді үздік кәсіпкер.

Әбдірахман Чанбаев - «Жол құрылысы саласының үздік қызметкері». Ол өңірдегі «ОблШығысЖол» мекемесінің машинисі ретінде отыз екі жылдан астам уақыт аянбай еңбек етіп келеді.
– Жерлестерімді келе жатқан Жылқы жылымен құттықтаймын. Елімізде береке-бірлік, тыныштық болсын. Сапалы жол салып, халықтың алғысына бөленгенге не жетсін, – дейді ол.

Петр Кайзер – «Ауылшаруашылық саласының үздігі»
. Ол Шемонайха ауданындағы «Камышинское» шаруа қожалығының бас зоотехнигі қызметін атқарып, ауданда асыл тұқымды мал шаруашылығының дамуына өз үлесін қосып жүр. Өз білгенін кейінгі жастарға да үйретіп келеді.

Қанат Оспанов «Үздік учаскелік полиция инспекторы» атанды. Семей қалалық ішкі істер басқармасы орталық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің полиция майоры Қанат Қабыкенұлы бұл салада 17 жылдан астам уақыт жемісті қызмет етіп, қоғамдық тәртіпті сақтау ісін адал атқарып келеді. Ол бұл жетістікке жауапкершілігінің, кәсіби біліктілігінің арқасында жетіп отыр.

Жанар Абайділдинова «Халықты әлеуметтік қорғау саласының үздігі» аталымының жеңімпазы деп танылды. Жанар Дуғалиқызы Аягөз қаласындағы мүмкіндігі шектеулі және ақыл-ойы жетілмеген балалар мен ересектерге арналған мекемеде 22 жылдан астам уақыт дефектолог мамандығымен қатар, тәрбиешілікті де қоса атқарып, кембағал жандардың өмірден таршылық көрмеуіне, қоғамға пайдасын тигізуіне атсалысып келеді.
– Еңбегімнің бағаланғанына ризамын. Сондай-ақ, бұл марапат жауапкершілікті де арттыра түседі, – дейді ол.

Марат Башабаев «Денсаулық сақ-тау саласының үздігі» атанды. Оның есімі облыс жұртшылығына хирург-дәрігер ретінде кеңінен таныс. Ол ұзақ жылғы дәрігерлік қызметінде мыңдаған адамның өміріне араша түсіп, аман алып қалды.
– Медицина саласындағы 30 жылдық еңбегімді бағалап жатқан облыс басшылығына шынайы алғысымды білдіргім келеді. Алдағы уақытта да ел үшін қызмет ете береміз, – дейді білікті хирург-дәрігер.

Мұрат Мамкенов «Үздік металлург» аталымы бойынша жеңімпаз деп танылды. Ол өңір металлургиясының өркендеуіне отыз жылдан астам уақыт еңбек сіңіріп келеді.
– Мен ұзақ уақыт түсті металлургия саласында еңбек етіп келемін. Еңбегімді бағалап, марапат көрсеткен басшыларға алғысымды білдіремін, – дейді ол.

Сапархан Байжанова «Білім беру саласының үздігі» болды. Ол Үржар ауданындағы Абай атындағы орта мектеп-лицейінде көп жылдар физика пәнінің мұғалімі бола жүріп, көптеген талантты шәкірттер тәрбиелеген. Сапархан Шынарбекқызының шәкірттері түрлі білім сайыстарында жыл сайын ағарып алдан көрініп келеді.
– Бүгінгі күн біз үшін ерекше болды. Еңбегімізді бағалап, ерекше марапат көрсетті. Әлі де білімді шәкірттер тәрбиелеп, білім беруге өз үлесімді қосамын деп сеніммен айта аламын. Мені осы марапатқа лайық деп тапқан облыс әкіміне, білім саласының басшыларына ризашылығымды білдіргім келеді, – дейді Сапархан Шынарбекқызы.

Надежда Новожилова – «Мәдениет саласының үздігі».
Надежда Николаевна жиырма бес жылдан астам уақыт осы салада қызмет етіп, Глубокое ауданының Секисовка ауылында иесіз қалған мәдениет үйінің талан-таражға түсуіне жол бермей сақтап қалған. Сөйтіп, бұл нысанды мемлекет меншігіне өткізіп берген. Бүгінде өзі сол мекемеге басшылық жасап отыр. Бұдан бөлек аудан, облыс көлемінде өтетін сан түрлі мәдени шараларға белсене қатысып, халықаралық байқаулардың жүлдегері атанып жүр.

Жанболат Қазанов – «Үздік құрылысшы». Ол «Элхон» ЖШС директорының орынбасары ретінде облыстағы құрылыс саласының дамуына өз үлесін қосып келеді. Әсіресе, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылысшылары салған мектеп, аурухана сынды әлеуметтік нысандардың маңызы зор.
– Биыл Семей қаласында 300 орындық аурухананы пайдалануға бердік. Бұдан бөлек көптеген құрылыс нысандарын салдық. Глубокоеда 100 орындық аурухана, Өскеменде жүзу бассейнін салудамыз, – дейді Жанболат Байрахметұлы.

Гүлнәз Байқадамова «Үздік мемлекеттік қызметші» атанды. Ол 2013 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Ең үздік мемлекеттік қызметші» байқауында үздік атанған. Гүлнәз Қажиахметқызы 2002 жылдан бері облыстың кедендік бақылау саласында абыройлы қызмет етіп келеді. Филология ғылымдарының кандидаты ретінде саладағы мемлекеттік тілдің дамуына қомақты үлес қосып отыр.

Мейіржан Шоқабаев – «Ең үздік жас маман». Мейіржан Көпжасарұлы – Семей мемлекеттік педагогикалық институтының үздік студенті атанған. Қазір Зырян ауданындағы №1 Жаңа Бұқтырма орта мектебінде математика пәнінен сабақ беріп, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүр. Оның мақсаты – ғылымға ден қояр болашақ мамандар даярлау.

Дәурен Аллабергенұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар