2013 жылдың үздік спортшылары анықталды ШҚО

(Дауыстар: 1)
2013 жылдың үздік спортшылары анықталды ШҚО

Шығыс Қазақстан облысы еліміздің спорттағы жетістіктеріне елеулі үлес қосып келе жатқан аймақтардың бірегейі. Өткен жылы спортта биік асуларды бағындырған шығысқазақстандық үздік спортшылардың есімдері ел тарихына алтын әріптермен жазылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Айбек Нұғымаров – «Қазақстан барысы»


Биыл Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресі бойынша өткен дүбірлі дода – «Қазақстан барысында» Айбек Нұғымаров барлық балуандардан басым түсіп, бас жүлдені жеңіп алды.
Абай ауданының тумасы оған дейін «Қазақстан барысының» қола жүлдегері атанған еді.

Мәртебелі турнирге қатысқан 32 балуанның арасынан алапаты асқан Айбек финалдық кездесуде қарағандылық Ержан Шынкеевті таза жеңіспен ұтты. «Қазақстан барысы» атанған жерлесімізге 150 мың АҚШ доллары, тайтұяқ алтын, алтын белбеу және автокөлік сыйға тартылды.

Елордадағы сынға Семейде өткен облыстық XVII халықтық спорт ойындары кезінде өңір жұртшылығы атынан облыс басшысы Бердібек Сапарбаев Айбектің иығына ырымдап көк бөрінің терісін жауып, ақ жол тілеп, шығарып салған болатын. Жеңіс туын желбіретіп оралған «Қазақстан барысын» жерлестері Өскеменде үлкен сән-салтанатпен қарсы алған-ды.

Айта кетейік, Айбек жақында Минскіде қазақ күресінен өткен IV әлем біріншілігінде топ жарып, екі дүркін Әлем чемпионы атанды.

Сочиде Алексейге сенім артамыз


2013 жылдың үздік спортшылары анықталды ШҚО

Алексей Полторанин шаңғы спорты бойынша біздің облыста ғана емес, республика көлемінде, тіпті, әлемдік деңгейде биылғы жылдың үздік спортшысы екені даусыз.

Алексей өзі қатысқан ха-лықаралық жарыстардың барлығында мықтылығын дәлелдеп жүр. Әлем чемпионат-тарының, Әлем кубогы кезеңдік жарыстарының жеңімпазы һәм жүлдегері атанып, дүниежүзі саңлақтарының алдыңғы қатарында келе жатқан риддерлік шаңғышыға жерлестері, спортсүйер қауым ерекше сенім артуда.
Сочидегі қысқы Олимпиада ойындары қыр астында тұр. Соған қатысатын Алексейдің ең кемінде бір алтын медальға қол жеткізетіндей мүмкіндігі бар екенін оның қазіргі өтіп жатқан жарыстардағы көрсеткіштеріне сараптама жасап жүрген білікті мамандар да айтып отыр.

Алексей жаңа жылда тағы бір белеске шығып, Сочи Олимпиадасында еліміздің абыройын асқақтатады деген сенім мол.

Мыңбұлақтан шыққан Әлем чемпионы


Мерей Ақшалов Аягөз ауданының Мыңбұлақ ауылында туып-өсті. Ал бокс секциясына Семейдегі №21 орта мектепте оқып жүргенде қатысқан көрінеді.

Ол бұл өнердің әліппесін жаттықтырушысы Құрман Қалиевтан үйренді. Келешегінен үлкен үміт күткен Мерейді білікті бапкерлер Астана қаласындағы Қажымұқан атындағы спорттағы дарынды бала-ларға арналған мектеп-ин-тернатқа орналастырып, бокспен түпкілікті айналысуына барынша жағдай жасады.

Өз құрдастары арасында елдегі барлық сынақтардан сүрінбей өткен Мерей Қазақстан құрамасына қабылданды. 2004 жылы ол алғаш рет шетелге шығып, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына қатысып, өз салмақ дәрежесінде ең мықты боксшы екенін дәлелдеп, жат жұртта Көк байрағымызды желбіретіп, Әнұранымызды ойнатты.

Биылғы жыл Мерей үшін жемісті де жеңісті жыл болды. Алдымен Азия чемпионы атанды. Ал күзде Алматыда өткен Әлем чемпионатында 64 келі салмақ дәрежесінде Куба қабыланы Ясниер Толедомен ақтық айқасқа түсіп, оны айқын басымдылықпен ұтып, жанкүйерлері мен мамандардың үмітін ақтады.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі:Altaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар