2013 жыл көлемінде орын алған маңызды оқиғалар Шығыстағы

(Дауыстар: 1)
2013 жыл көлемінде орын алған маңызды оқиғалар ШығыстағыБүгін – 2013 жылдың соңғы күні. Шығысқазақстандықтар жылды табыспен аяқтады. Altaynews.kz жыл көлемінде орын алған маңызды оқиғаларды оқырман назарына ұсынып отыр.

Облыста атқарылған жұмыстарды оң бағалады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биыл 25 маусымда жұмыс сапарымен облысымызға арнайы келіп, Өскемен мен Семей қалаларындағы бірқатар әлеуметтік индустриялық-инновациялық нысандарды аралап, олардың тыныс-тіршілігімен жете танысып, жұртшылықпен жүздесіп қайтты.

БАҚ өкілдеріне берген қысқа-ша сұхбатында Елбасы Шығыс Қазақстан облысына сапары барысында аса маңызды мемлекеттік бағдарламалар, атап айтқанда, индустриялық-инновациялық даму, сондай-ақ, денсаулық сақтау және халықты жұмыспен қамту салаларындағы бағдарламалардың сәтті жүзеге асып жатқанына көз жеткізгенін айтқан-ды. Мемлекет басшысы сонымен қатар облыстың тұрақты дамып келе жатқанын, орташа алғанда өнеркәсіптің өсімі 6,8 пайызды құрап отырғанын ерекше атап өткен-ді.

2013 жыл көлемінде орын алған маңызды оқиғалар Шығыстағы– Өңірдің өндірістік саласында болсын, әлеуметтік саласында болсын, ауыл шаруашылығында болсын өсім бар. Сондықтан өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағда-йына, осында атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беремін, – деген-ді Елбасы осы сапарында.

Брифингті бірінші болып біздің облыс бастады

Биыл 6 қыркүйек пен 27 желтоқсан аралығында Қазақстан Рес-публикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде әр аптаның жұма күні Астана мен Алматы қалалары және еліміздегі барлық облыстардың әкімдері үлкен форматта баспасөз мәслихатын өткізгені белгілі.

Ерекше айта кетерлігі, отандық «24.kz» телеарнасы арқылы ті-келей эфирде күллі республика
жұртшылығы тамашалаған бри-фингті алғашқы болып облыс Әкімі Бердібек Сапарбаев бастады.
Брифинг алдында елімізге танымал әрі жетекші БАҚ өкілдеріне өңірде атқарылып жатқан жобалар
көрмесі ұсынылды. Баспасөз өкілдерімен кездесуде облыс басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады. Облыс әкімінің баяндамасында өндіріс, ауыл шаруашылығы, құрылыс, шағын және орта бизнес, білім, денсаулық, интеграциялық жобалар, моноқалалар мәселесі, спорт және тағы басқа салада жүргізілген жұмыстар қамтылды.

Екі жақты сұхбат-диалог форматына ауысқан баспасөз мәслихаты барысында тілшілер тарапынан 20-дан астам сауал қойылды.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар