ШҚО әкімі балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін құттықтады

(Дауыстар: 1)
ШҚО әкімі балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін  құттықтады

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Өскемендегі «Үміт» балалар үйінде болып, ондағы тәрбиеленушілерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, аймақ басшысы осы күні облыстық Балалар ауылына да барып, бүлдіршіндерге базарлық таратты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бүгіндері 200-ге тарта бүлдіршіннің құтты ұясы – «Үміт» балалар үйінде жайлы өмір сүрудің, тәлім-тәрбие алудың барлық мүмкіндіктері жасалған. Еліміздің қарқынды дамуымен қанаттаса балалар үйіне қолдау көрсететін қамқор һәм қалталы демеушілер қатары да жыл санап артып келеді.

Жаңа жыл мерекесімен құттықтауға арнайы келген аймақ басшысын «үміттік» балалар ерекше ықыласпен қарсы алды.

ШҚО әкімі балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін  құттықтады

Жаңа жыл шыршасын айнала дөңгелене билеп, ән шырқаған шаттық сезім құшағындағы балғындар келесі кезекте облыс әкімі бастаған меймандарды концерт залына бастап, дарын-таланттарын паш етті, болашақ ой-армандарымен бөлісті. Әсіресе, балалардың хормен ән шырқауы мерекелік шараның куәсі болған кім-кімді де бейжай қалдырмағаны сөзсіз.

Бүлдіршіндерді мерекемен құттықтап, өнерлі, білімді, отансүйгіш болып өсулеріне тілектестігін білдірген аймақ басшысы «Үміт» балалар үйі қызметкерлерінің жұмысына жоғары баға берді.

ШҚО әкімі балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін  құттықтады

– Мекеме ұжымы жас ұрпаққа саналы тәлім-тәрбие беруде зор жетістіктерге жетіп келеді. Олармен қатар балалар үйіне үнемі қаржылай көмек көрсетіп келе жатқан демеушілерге де ризашылығымды білдіремін. Балалар үшін жасалып жатқан мұндай игі істерді мемлекетіміз әрдайым қолдайды. Барлық арман-тілектерің орындалып, діттеген мақсаттарыңа жетіңдер. Сабақтарыңды жақсы оқып, тәрбие беруші аға-апайларыңның тілін алыңдар. Ал біз өз тарапымыздан әрбір бүлдіршіннің армандарының жүзеге асуына жағдай жасап, мүмкіндік туғызатын боламыз, – деді мерекелік жиында сөз сөйлеген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Бұдан кейін аймақ басшысы балаларды бағалы сыйлықтармен алқалады. «Үміт» балалар үйіне тартылған осы сыйлықтардың ішіндегі ең сүбелісі интерактив-тік тақта болғаны сөзсіз.

ШҚО әкімі балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін  құттықтады

«Үміттен» соң аймақ басшысы бастаған топ Ахмердегі Балалар ауылына ат басын тіреп, мекеменің жұмысымен жақынырақ танысты.

– Қазір біздің ауылда тоғыз отбасына бөлінген 75 бала тұрады. Тәрбиеле-нушілеріміздің арасында қа-зақтар да, орыстар да, бірқатар өзге ұлт өкілдері де бар. Бұлардың бәрі өздерін үлкен бір отбасының мүшелеріндей сезінеді. Біздің әу бастағы мақсатымыз да сол. Бұл балалар ата-ананың қамқорлығын көрмесе де, осындай отба-сында өмір сүру арқылы жетімдіктің тауқыметін тартпай, өзі мен қасындағы көршісі үшін жауапкершілікті сезініп өседі. Бұл тәрбиеленушілеріміздің болашақта үлгілі азамат болып қалыптасуына да аса қажет, – дейді балалар үйінің дирек-торы Аман Ислямов.

Аймақ басшысы Балалар ауылының үйлерін аралап көріп, тәрбиеленушілердің хал-жағдайын сұрап білді. Демеушілердің қолдауымен салынған жаңа хоккей қорабымен танысты және Марина Нестрова есімді тәрбиеленуші салған суреттер көрмесін тамашалады, ауылдағы клуб ғимаратында ұйымдастырылған шырша мерекесіне қатысты. Аймақ басшысы балғындарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтай келе, оларға түрлі базарлықтар мен жаңа тоңазытқышты сыйға тартты.

Нұржан Кенжеұлы
суреттерді түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Қоғам | Кілт сөдер: балалар үйі

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар