Православ христиандарының Рождество мерекесі өтті

(Дауыстар: 1)
Православ христиандарының Рождество мерекесі өтті

ШҚО Әкімінің бірінші орынбасары Ермек Көшербаев Өскемендегі Андрей Первозванный соборында болып, облыс орталығындағы православ христиандарын дәстүрлі Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Православ христиандары мен барша шығысқазақстандықтарды облыс басшылығының атынан Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан бүгіндері мемлекеттік деңгейде Рождество мерекесін атап өтетін әлемдегі көптеген мемлекеттердің қатарына кіреді. Елбасымыз тәуелсіз еліміздің өркендеп, дамуы жолында исламмен қатар, жетекші діннің бірі саналатын православ дінінің де маңызды рөл атқаратынын үнемі айтып келеді. Мемлекеттің өз азаматтарының рухани ұмтылысына деген ізгі де сыйластықты көзқарасы – біздің еліміздегі дінаралық келісімнің ең басты негіздерінің бірі. Адамзаттың мәңгілік ақиқаттарына, адамгершілікке, өзара құрмет пен қолдауға сүйене отырып, біз барлық конфессиялардың дамуына жағдай жасадық, ортақ үйіміз – Қазақстанда бейбітшілік пен келісімді сақтай алдық. Келісім мен бейбітшілік – тұрақтылық пен өркендеудің кепілі екендігі даусыз, – деді Ермек Көшербаев құттықтау сөзінде.

Православ христиандарын Өскемен және Семей епархиясының епископы Амфилохий Рождество күні мерекесімен құттықтап, оның халықтар арасындағы достық пен сенімді бекемдей түсудегі маңызына тоқталды. Рождествоны мерекелеу әрі қарай діни рәсімдермен жалғасын тапты.

Сондай-ақ, Өскеменде мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Облыстық Достық үйінде өңірдегі этномәдени бірлестіктер өкілдерінің, облысқа белгілі өнер ұжымдарының қатысуымен Рождество мерекесінің мәні мен маңызын ұлықтаған мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Оған православ діні өкілдерімен қатар ұлттық-мәдени бірлестіктер өнерпаздары қатысты. Достық үйіне жиналған православ діні өкілдерін Өскемен және Семей епархиясының епископы Амфилохий, Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Еркінбек Аязбаев құттықтады.

Православ христиандарының Рождество мерекесі өтті

– Рождество – жақсылық пен рухани тазарудың бастауы. Рождество православтар үшін тек діни ғана емес, әлеуметтік сипатқа да ие. Олар бұл күнді қайырымдылық пен бейбітшілік және төзімділік мерекесі деп таниды. Осы күннен барлық ізгілік пен мейірімділік бастау алады деп түсінеді. Елімізде тыныштық, береке-бірлік болсын, – деді епископ Амфилохий.

Сондай-ақ, Рождество мерекесін тойлауға жиналған қалың көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлаған концерттік бағдарлама облыс орталығындағы Республика алаңында жалғасын тапты.

Алаңға жиналған қала тұрғындары мен қонақтарын епископ Амфилохий, Шығыс Қазақстан облыстық мешітінің бас имамы Нұрлан қажы Асанов және басқалар құттықтады.

Мерекелік концертпен қоса, қолданбалы өнер көрмесі мен арзан бағадағы азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Дәурен Аллабергенұлы
суреттер Ғылымбек Сәбитовтікі
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар