Өскеменде бесінші қабаттан құлап кеткен бойжеткен былқ еткен жоқ

(Дауыстар: 1)
Өскеменде бесінші қабаттан құлап кеткен бойжеткен  былқ еткен жоқ

Өскемен қаласында жаңа жыл түні 17 жастағы бойжеткен бесінші қабаттан құлап кеткен. Бақытына орай ол бірнеше метрлік биіктіктен құласа да, тірі қалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Екінші қалалық аурухана дәрігерлерінің айтуынша, 17 жастағы қыз мереке күні құрбыларымен бірге бесінші қабаттың балконына шығып, шылым шегіп тұрған. Біршама биікте екендігін ұмытып кеткен ол балконның ернеуіне асылып, тепе-теңдікті сақтай алмай қалған. Жаңа жыл мерекесі күндері Өскеменге мүлдем қар жаумағанын ескерсек, бойжеткенді періштесі қорғап қалды деп айтуға толық негіз бар. Қас пен көздің арасында төмен қарай зулаған ол жердегі қалың өскен сирень бұталарының ішіне топ ете түскен. Бұтақтары жұмсақ, ұйысып өскен ағаштың үсті бойжеткенді ажалдан сақтап қалды. Салмағы жеңіл қыз бесінші қабаттан төмен қарай зуласа да жерге «жеңіл қонған». Жеңіл-желпі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген қыздың қазіргі жағдайы жақсы. Дәрігерлер қыздың қиналса да, қалжыңдап жатқанын айтады.

– Ауруханаға жеткізілген қыздан біз: «сен қай жақтан келдің?» деп сұрағанымызда ол: «бесінші қабаттан» деп жауап берді. Бесінші қабат – екінші қабат емес. Мұндай жағдайлардың соңы, көбінесе, қайғылы аяқталып жатады, бойжеткеннің жолы болған, – дейді дәрігерлер.

Қазір ол жарақаттарынан айығып, үйіне қайтқалы жатыр. Дәрігерлер болса, бұтағы қалың ағаш болмағанда абайсызда биіктен құлаған қыз оңбай мертігіп, мәңгілік мүгедек болып қаларын айтады.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар