Өскеменде автобуспен жол жүру ақысы 80 теңгеге қымбаттай ма?

(Дауыстар: 1)
  • 13 қаңтар 2014, 11:57 |
  • Пікірлер: 12
Өскеменде автобуспен жол жүру ақысы 80 теңгеге қымбаттай ма?

«Өскеменде автобуспен жол жүру ақысы 80 теңге бола ма»? Бұл сұрақ қазір облыс орталығының әрбір тұрғынын мазалауда. Ал жолаушылар тасымалдайтын компаниялар болса, бұл қымбаттатудың өзі аз деп отыр, хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚО автотасымалдау қауымдастығының төрағасы Николай Масичтың сөзіне сенсек, жол жүру билетінің құны шын мәнісінде 90 теңгеден кем болмауы керек. Сонда ғана автопарк қызметкерлерінің еңбекақысын көтеріп, көліктерді жаңартуға мүмкіндік тумақ. Ең бастысы, билет бағасымен бірге көрсетілетін қызметтің сапасы да артады дейді олар.

Сондай-ақ, тасымалдаушы компаниялар, өткен жылмен салыстырғанда биыл жанармай құны 12 теңгеге көтерілгенін және ұзақ жылдар бойы жаңартылмаған автопарктердің тоза бастауын алға тартуда. Соның салдарынан қоғамдық көліктердің қоршаған ортаға шығаратын зиянды қалдықтары қаланың экологиясын ластауда. Жалақының төмендігінен (60-70 мың теңге) автобус жүргізуге ниетті мамандардың тапшылығы өзекті мәселеге айналған. Қазіргі күні 400-дей жүргізуші жетіспейді екен.

– Бүгінде жолаушылардың аздығынан және жол жүру құнының төмендігінен қала ішіндегі төрт бағыт бойынша жүретін автобустар қызмет көрсетуден бас тартып отыр. Расында да, егер адамдар саны аз болса, ол бағыттарда қатынау қып-қызыл шығын, - дейді Николай Масич.

Бұқара халықты сергелдеңге салған 80 теңгеге қатысты түйткілдің соңғы нүктесін депутаттар қояды. Егер депутаттар алдағы уақытта өтетін Өскемен қалалық мәслихатының сессиясында жол ақысын өсіру жөніндегі ұсынысты мақұлдаса, ол үрдіс қарапайым тұрғындардың қалтасына салмақ салмау үшін біртіндеп жүргізіледі дейді мамандар.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Жолаушы | 13 қаңтар 2014 12:07
Пензін қымбаттады, яғни бәрі қымбаттайды.
Көлік жүргізуші | 13 қаңтар 2014 13:19
Бензин қымбаттағаны рас. Бірақ, біздің табысымыз сол қалпында, аз ғана.
қала тұрғыны | 13 қаңтар 2014 13:52
Неге бізбен санаспайды. Осылар қызық ииии. 2012 де 50 теңгені 60 шығарып еді. Енді бұлары неси?
Қазақ | 13 қаңтар 2014 15:08
Сенімен кім санасқалы тұр? проез қымбаттаса ващще қиналамыз. Қымбатшылық қысып барады соңғы кезде байқайсыңдар ма? кредитті беріп-беріп тастады, біз алып-алып алдық жол ақысы қымбаттап барады. Ары қарай не болады кім біледі?
Білемін | 13 қаңтар 2014 15:33
Жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды. 80 деген сөз шықтыма болды жуықта қымбаттайды деген сөз дайындала беріңдер. Бәрі қымбаттайды көресіңдер, это еще цветочки...
Апару | 13 қаңтар 2014 15:34
Автобус қымбаттаса таксимен жүріңдер))
қала тұрғыны | 13 қаңтар 2014 15:47
ары қарай не болатынын кім біліпті?! общым, угай-айдары бітсе, угадайдары басталғалы тұр
жаяу жургинши | 13 қаңтар 2014 15:51
таксимен журетин байдың баласы емеспин. жаяу-ақ журе беруге болады ессе 11 автобусқа отырып алып))))
білгіш | 13 қаңтар 2014 15:54
ондай ештеңе болмайды, 80 теңгеге апаратын жында емес қой бұлар. автобустары жүріп тұр, табыстары да жаман емес, соған қарағанда қымбаттамайды деп ойлайм ше
Белгисиз жан | 13 қаңтар 2014 16:43
қымбаттаса да маған бәрібір менде проездной)))) барлыктарын проездной алып алыңдар. сонда ызыңдай бермисиндер
Кім-Ким | 13 қаңтар 2014 17:21
Қарағандыдағыдай шағын микрореволюцияға шығу керек. может сол кезде проблемамыз шешилетин шыгар. хотя бы зарплатаны кобейтсе, жол акысын толеуге болады гой. а так та халыкты ойлап, олармен ким санасып жатыр. лучше автобуска отырмай жаяу-ак барындар жумыстарына, сонда бұл жылап отыргандарын мулдем койып кетеді автобус иелери. халык когамдык колиике отырмаса, оларга пайда да жок екенин тусинет кой оларда адам баласы ессе
Қала тұрғыны | 13 қаңтар 2014 17:35
хабардан жаңалықтардан айтып жатыр гой, что карагандының әкімі автобуспен журипти деп бугин и автобус суык екен деп тож айтыпты дид. биздин акимдиде осылай автобуска отыргызып корейікші потом коремиз не дитинин
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар