Үйден үйге электр желілері арқылы жетпекші болған

(Дауыстар: 1)
  • 13 қаңтар 2014, 12:53 |
  • Пікірлер: 16
Үйден үйге  электр желілері арқылы жетпекші болған

Өткен сенбіде Өскемен қаласының құтқарушылары үйден үйге электр желілері арқылы жетпекші болған 25 жастағы жігітті құтқарып алды. Ащы суға тойып алған ол достарына өзінің мықтылығын дәлелдемекші болыпты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Құрдастарымен дастархан басында ішімдік ішіп отырған жігіттің ойына аяқ астынан ерекше «ерлік» жасау туралы ой келген. Протозанов көшесіндегі №29-шы көпқабатты үйден, №27-ші үйге жалғанған желі арқылы жетемін деп жұлқынған жігітті достары тек қана жігерлендірген көрінеді.

Өскемен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз хатшысы Марина Лискованың айтуынша, жерден бірнеше метр биіктіктегі желімен жылжып бара жатқан жігіттің жарты жолда саусақтары үсе бастаған. Қолдарынан әл кете бастағанын сезген «батыр» біраздан соң жердегілерден айғайлап көмек сұрай бастаған.

- Құтқарушылар тобы жылдам жетті. Өрт сөндіру машинасының сатысы арқылы біз оны қауыпті биіктіктен түсіріп алдық. Мас жігіт өзінің бұл қадамға достарымен бәстескендіктен барғандығын айтты, -дейді баспасөз хатшысы Марина Лискова.

Дарын Нұрсапаров
сурет ШҚО ТЖД
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

nurdar84 | 13 қаңтар 2014 13:27
Неше түрлі джындылар бар бұл өмірде))
Айко | 13 қаңтар 2014 13:47
Ну, айтпа дим мынау тошна ерлік екен))) Медаль берек керек мұндайларға)))
Айко | 13 қаңтар 2014 13:49
Десең ия)))
ұстаз | 13 қаңтар 2014 14:41
Ужас қой мынау, осындай адамдарды түсінбеймін вообще.
nurdar84 | 13 қаңтар 2014 14:44
Өскеменнің Гәряший жігіттері ғо))
Мууу | 13 қаңтар 2014 15:01
Тарзан жив!
Болат | 13 қаңтар 2014 15:03
Бәріміз жас болдық, біреудің балалық пен жасаған ісі шығар. Күле салуға да болады ауылда мұндай батырлар жетіп артылады қайта құламай немес тоққа түсіп қалмай құдай сақтаған.
Баке | 13 қаңтар 2014 15:26
Биікті бағындырған батыр жігіт, спецназға резюмеңді апарып көрсеңші
777 | 13 қаңтар 2014 15:45
Негізі қазіргі арақтардың құрамында адамды жындандырып жіберетін неше түрлі химиялық қоспалар бер деп естіп жүрмін. Бұл жігіттің мұндай әрекеті сол ішімдіктен болған ба деп ойлаймын.
))) | 13 қаңтар 2014 16:01
Жүрек жұтқан ЭкстреМАЛ
Нурик | 13 қаңтар 2014 16:18
откен жазда менин коршим жаңбырдың суына малтаған, арақ ішіп алып. онын жанынды мынау тук емес
asy | 13 қаңтар 2014 16:25
каскадер болуға болад екен мына батыр жигитке. бирак бұл каскадер болу кооооооооооппппппппппппп арак керек шыгар ияяя аааааааааа как думаете?????????
Қуаныш | 13 қаңтар 2014 16:33
циркке барып та қызмет етуге жарап тур екен. осындай азаматтар аман болсын қазақты танытып журген. айтпакшы6 трамплиннен секируге де мыкты шыгар
Брокер | 13 қаңтар 2014 17:14
мааааааааааа мына жігіттің басы бас, жаны жан екен ше. недеген мыкты журек десеңші! анадай ток желиси аркылы отып журген. Мыкты, батыл жігіттер керек болса, Өскеменге келіп, Асқаралы Алтайдың ұландарын алыңыздар жұмысқа......әйтпесе, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге пока что улгере алмай жатырмыз
Ерболат | 13 қаңтар 2014 17:24
Өскеменнің жігіттері өрен екен))))))
Жұбандық | 13 қаңтар 2014 20:36
ондай ондай жас кезде болып тұрады. соған бола жігітті мазақтамаңдар, балаларым. Жастық пен мастық не істетпейді
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар