Алдағы уақытта кейбір пәндер ағылшынша оқытыла бастауы мүмкін

(Дауыстар: 1)
  • 14 қаңтар 2014, 18:42 |
  • Пікірлер: 16
Алдағы уақытта кейбір пәндер ағылшынша оқытыла бастауы мүмкін

Шығыс Қазақстан облыс мектептерінде кейбір пәндер біртіндеп ағылшын тілінде оқытыла бастайды болашақта. Бұл бастама елімізде үш тұғырлы тілді дамыту бағдарламасын жүзеге асырумен байланысты қолға алынбақ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Айта кетейік, қазір ағылшынша тереңдетіп оқыту өңірдегі 32 білім ошағында, оның ішінде тоғыз ауылдық мектепте жолға қойылған. Есесіне, аталған пән Зырян, Катонқарағай, Ұлан және Шемонайха аудандарының шағын комплектілі 18 мектебінде оқытылмайды.

Осы кемшіліктердің орнын толтыру және мемлекеттік бағдарламаны орындау мақсатында білім беру мекемелерінде ағылшын тіліне жете мән берілуде. Айталық, өткен жылдан бастап мектептерде бірінші сыныптан бастап оқушыларға әйгілі Шекспирдің тілінде сөйлеуді үйретуге көштік.

Сол секілді Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінде 2012 жылдан көптілді мамандар даярлау қанатқақты жобасы жүзеге асып келеді.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Аймақтар, Қоғам | Кілт сөдер: ағылшын тілі

Пікірлер:

Тіл жанашыры | 14 қаңтар 2014 19:31
Өз тілін дұрыс білмей жүргенде мына үш тұғырлы тіл саясатын қайтесіңдер ей бірінші қазақша үйреніп алыңдар адамның күлкісін келтірмей
Суықбұлақ | 14 қаңтар 2014 19:39
Қазір ағылшынша тереңдетіп оқыту өңірдегі 32 білім ошағында, оның ішінде тоғыз ауылдық мектепте жолға қойылған дид қой. Ол именно қай ауылдарда оқытылады айтыңдарш біле жүре білейік. Негізі бар ғой ауылда жарытып оқытпайд бір мұғалімнің өзі 4-5 сабақтан беред типа профессор болып сондықтан ағылшынша балалар сайрап кетед деп айта алмайм бәрі бекершілік
Айша | 14 қаңтар 2014 19:43
Мына жаналык кушти болды гой куанып отырм бар ессе шын журектен репетитор жалдап тіл уйренбейтиниме акша кетпейтинин болды репетиторга мектеп ози уйретсе алгыс айтамын үш тұғырлы тілді дамыту бағдарламасын жүзеге асырумен айналысып жаткандарга
Малика Шемонаиха | 14 қаңтар 2014 19:48
Аталған пән Зырян, Катонқарағай, Ұлан және Шемонайха аудандарында неге оқытылмайды? Біз тоқалдан туып па едик? Содан кин еще ауылдын балдары ауылдын мектебин битирген окушылар тупой билимсиз басында дым да жок деп айтканда алдарына жан салмайды
Сабина | 14 қаңтар 2014 19:54
Шекспирдің тілінде сөйлеймін деп, Абайдың тілін ұмытып кетпесеңдер болғаны!
Дастен | 14 қаңтар 2014 19:58
Өз тілің бірлік үшін өзге тіл тірлік үшін ағылшынша үйреніп-үйреніп алыңдар ертең керек болат за то өлмейсіңдер. Жалқауланбай сабақ оқыңдар
Нұрай | 14 қаңтар 2014 20:39
Это еще цветочки скоро французша, испанша, итальянша, латынша, украинша үйренудеріне придеться и тогда мені естеріне аласыңда әлі
Айнур | 15 қаңтар 2014 10:03
Бірден қытайша оқытпай ма одан да
Бақыт Серәлі | 15 қаңтар 2014 10:13
Ағайын, не деп отырсыздар!? Ағылшын тілімен әлемнің жартысынан көбі сөйлейді. Оны емін еркін меңгеріп алсаңыз сіз дүниенің тілінде, ғылым мен мәдениеттің тілінде сөйлейтін боласыз. Тіпті өзіңіздің өреңіз жетпесе балаңыздың сол тілде сайрауына барынша күш салыңыз. Орысша еркін сөйлей берейік, бірақ еріксіз сөйлеуден құдай сақтасын. Алдағы буын ағылшын тілін меңгеріп алса біз нағыз интеллекті жоғары ұлтқа айналамыз. Ең бастысы ана тілімізді көздің қарашығындай сақтайық! Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте!
Құрмет | 15 қаңтар 2014 10:20
Бақыттың айтқанымен толық қосыламын. Біз бір тілді білсек сол тілде сөйлей алатнымызға мақтанып, маймыл құсап сол тілдің ұлтына еліктеп кететініміз жаман. Өзге тілді біл бірақ ана тіліңді алдыңғы орынға қой! Өткенде пиццада екі қазақтың қызы отырды ана тілдерінде сөйлесіп отыр, жандарындағы шетелден келген біреу болуы керек онымен еркін ағылшынша пікір алмасып әңгіме дүкен құрып отыр. Риза болғаным, екі қыз оған қазақ тілін үйретіп, елдің тарихын тіл ерекшеліктерін түсіндіріп отырды. Өзара қазақша сөйлеседі.
Айнұр Жаңабай | 15 қаңтар 2014 10:36
Кейін қайдан білесіз балаңыз сізге ағылшынша сөйлеп тұрмасына кім кепіл? Соны ойладыңыз ба? Бақыт Серәлі мырза, біз нағыз интеллекті жоғары ұлтқа тек қана мына жағдайда толыққанды айналып кетеміз деп айта алмаймын. Келешекте, мысалға дейік сіздің немереңіз болады, сіз оған ұрстыңыз делік сонда ол сіздің қазақша-орысша емін еркін сайрап, өте жақсы ұғып тұрғаныңызды біліп, сізге айтқысы келген өкпе-ренжішін, Құдай сақтасы, әрине былапыт сөздерді ағылшынша сайрап тұрмасына гарантия бере аласыз ба?
Айгерим | 15 қаңтар 2014 10:44
Қытай тілін оқып жатырмын, оын оңай деп кім айтты сендерге. өмірде бәрі жеңіл деп ойлайсыңдар ма, ақымақтық вапще
АнАнДи | 15 қаңтар 2014 10:50
Көршілерім бар өзбектер, үйлерінде өз тілінде сөйлеседі, одан қалса тұрмысқа шыққан (қазаққа шыққан) қыздары өз балаларына өзбекше үйретіп жатыр, бұл сұмдық. Енді, ағылшынша оқытамыз деп отыр. Сонда олардың балдары қазақша, орысша, өзбекше, енді ағылшынша сөйлейтін болады. Құрметті ағайын, балаларыңызға шет тілін үйрете беріңіздер, баланың болашағына балта шаппаңыздар!
Психолог | 15 қаңтар 2014 10:53
Үштұғырлы тіл саясатын қолдаймын, Құрмет сізге айтарым маймыл құсап сол тілдің ұлтына еліктеп кететініміз жаман деп айтқаныңызбен келіспеймін. Еліктеу бәрінде болады ғой, бірақ сол еліктеушілікті жеңе білу қажет.
Диас | 15 қаңтар 2014 10:56
УРААААААААААААААААААААА!!!!!!!!!!! Ағылшынша үйренетін болдым. Болашақта еліме пайдасы тиетін адам болғым келеді. Англияға барып, Францияға барып Қазақты танытқым келеді. Мұғалімім сенен жақсы азамат шығады дейді
Жаннұр | 15 қаңтар 2014 14:20
Дұрыс қой, Түркияда дәл солай. Біздегі орыс мектептерінде де кейбір пәндерді қазақша оқыту керек"
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар