Жаңа 1000 теңгелік банкнотымызда Якут халқының ұлттық елтаңбасы бейнеленіпті

(Дауыстар: 1)
  • 15 қаңтар 2014, 11:34 |
  • Пікірлер: 16
Жаңа 1000 теңгелік банкнотымызда  Якут халқының ұлттық елтаңбасы бейнеленіпті

Төл теңгеміздің түрі өзгерген сайын түрлі-түрлі қызықтар шығып жатыр. Өткен айда жарық көрген жаңа 1000 теңгелің банкнотта Саха республикасының (Якутия) ұлттық елтаңбасы бейнеленіпті.

Біздің жыл санауымызға дейінгі 6-9 ғасырлардан мұра болып жеткен тастағы таңбалардан алынған бейне бүкіл түркі халықтарына ортақ жәдігер екендігі анық. Алайда, Якутияның Ykt.ru порталында бұл сурет жергілікті якут елінің түп-төркіні болып саналатын курыкан халқының ұлттық мұрасы болып саналады, салт атқа мініп, қолына байрақ ұстаған жауынгер бейнесі республика халқының бірлігі мен күш қуатын айқындайды деп жазылған.

Бұл жерде Ресей ғалымдары да пікір білдірген. Тарих ғылымдарының кандидаты Виктор Дьяконов былай дейді:

«Ежелгі Курыкан елі Лена өзенімен солтүстікке қарай жылжып отырып саха халқының пайда болуына негіз болды. Қолына байрақ ұстаған жауынгер орта ғасырларға тиесілі сурет. Демек оған түркі халықтарының барлығы ортақтаса алады. Біз оны тек қана якут халқының мұрасы деп айта алмаймыз. Ал қазақ халқы бұл жерден мүлдем алыста орналасқан».

Ресей ғалымдары осындай пікір білдіріпті. Ал бүкіл түркі әлемінің алтын бесігі Алтай екендігін ескерер болсақ ежелгі халықтардың қай жақтан, қай жаққа көшкендігін, тастағы таңбаның төркіні қайдан екендігін еш қиындықсыз екшелеуге болатын сияқты.

Дарын Нұрсапаров
Сурет Ykt.ru
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Қазақшыл | 15 қаңтар 2014 11:54
"Орыстар оттай береді" деуші еді менің бір атам ауылдағы. Сол айтпақшы орыстың ғалымдары да оттай салады екен ғой ауыздарына келгенін. Жылқыны адамзат баласының ішінде ең бірініш қолға үйреткен қазақтар екенін сол ғалымдар білмей ме екен. Тебінгісі терге шіріп, күн-түн қатып ат үстінде өмірін өткізген де қазақтар болғанын орманда сасып журген сол орыстар білмей ме екен. Былшылдаған осындай әңгімелерді немеге айтады екен. Әлде қазақтардың өті жарылсын дей ме? Ендеше өле қалыңдар, теңдегеді бейне қазақтың төл тарихы, нақ бейнесі...
nurdar84 | 15 қаңтар 2014 11:58
Нақ бейнесі нақ
Алтай азаматы | 15 қаңтар 2014 12:07
Мына орыстың залымы Виктор Дьяконов "бұл түркілерге ортақ сурет болса да, қазаққа қатысы жоқ" деген пкірімен не айтпақшы болған. осы сүмелектердің аузына құм құю үшін теңгемізге бұл суреттің басылғаны дұрыс болды,
Қазақ | 15 қаңтар 2014 12:21
Виктор Дьяконов мына түрімен қалайша тарих ғылымдарының кандидаты болмақ? "Біз оны тек қана якут халқының мұрасы деп айта алмаймыз" - деген сөзімен-ақ ол өз сөзіне қарсы келіп отырған жоқ па?
УКА | 15 қаңтар 2014 12:27
Қайдағы бір якут елінің таңбасын неге қазақтың ұлттық теңгесіне салып отыр сурет қып, басқа сурет табылмай қалды ма Абылай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбайларды неге бейнелемеске?
Берік | 15 қаңтар 2014 12:30
Өткенде жиырма мың теңгелік банкнотқа орыстың Аленушкасын салып тастап еді, енді міне еще не хватала бизге Якуттардың бейнесін салып атыр. Күлейін бе или жылайын ба даж не знаю
Айнаш Риддерден | 15 қаңтар 2014 12:34
Праста сумдык мына жана акшанын турин журегим ауырып, давлением котерилип отыр. Саха Республикасы неси Қазақстанда тұрып жатып, айтарға сөзім жок
Рустем | 15 қаңтар 2014 12:36
Бұғы Катон-Қарағайда көп, так што новый шыққан мың теңге Шығыстықтардың жүрегіне жақын))) немеге ренжисіңдер, нап-нармалный сугретти окпелетип
Оқымысты | 15 қаңтар 2014 12:38
Ана бар гой Саха Республикасы дегенди алып тыстасандар нармальный гой, саханы алыпсасан Түркі халқының бейнесі шыгып тур
АнАнДи | 15 қаңтар 2014 12:40
Ескерткіш емес, Саха браттан естелік дей салу керек ед)))))
Жагат | 15 қаңтар 2014 12:42
Ақша болса болды ессе главный онын туринде нелерин самый бастысы карындарын ток, койлектерин кок
Жагдишия | 15 қаңтар 2014 12:44
Менин аке-шешем барлык банктагы есепшоттарымды жауып тастады кординдер гой қазақ ағайындар сондыктан акшанын турине емес ен бастысы бар екенинне куанындар журмиз гой мине кайыршы боп асхана должен квартирага тож карыз боп
Каляни | 15 қаңтар 2014 12:51
Құрметті ағайын бекерге даурықпаңдар Самашевтан сұрау керек дұрысын, Берелді ашты, Алтын адамды тапты, қайткенменде тарихшы ғой бір жөнін білсе сол кісі білер
Тюрколог | 15 қаңтар 2014 14:43
Ей, мақұлықтар-ай (орыстарды айтам). Қазақ пен саханың айырмашылығы жоқ, екеуі де кешегі түркінің ұрпағы. Бұл - барлық түркіге ортақ мұра. Сенсация жасағандай болмасын, тарихт оқысың одан да...
Теңгешіл | 15 қаңтар 2014 14:49
Қашан да кешігіп жүреміз. Баяғыда өзбектер Әл Фарабиді бабамыз деп жариялап, мерейтойын ЮНЕСКО бойынша атағанда сасқанымыздан бір теңгеліктегі суреттерін 10 мыңдыққа дейін жапсырып едік. Енді тастағы таңбаларымызды якуттар иелене бастағасын тағы сол әдісті қолданып жатырмыз. Теңгеміз аман болсын әйтеуір.
Олжас | 15 қаңтар 2014 19:28
Ылғи да ұйықтап қалмас үшін ертеерек тарихты жақсылап зерделеп, өз ұлтымыздың ұлттық құндылықтарын паттентеп алуымыз керек. Көрші елдерді жарылқай бермей
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар