Мәдина Сәдуақасоваға сақина салынды ма?

(Дауыстар: 2)
  • 15 қаңтар 2014, 12:13 |
  • Пікірлер: 37
Мәдина Сәдуақасоваға сақина салынды  ма?

Негізінен сырлы сезім турасында сыр шертетін әндерді орындаушы Мәдина Сәдуақасова туралы «тұрмысқа шығыпты» деген ақпар соңғы бірер күнде ғаламтор бетінде кеңінен талқыланып жатыр. Алайда, оның өміріндегі осынау өзгерісті көпшілігі болжаммен, жұрттан естігеніне сүйеніп қана білдіріп әлек. Шын мәнінде, ол тұрмыс құрды ма? Біз осы жайтты білу үшін әншінің өзіне хабарласқанбыз.

Өнер иесіне телефон шалғанымызда, тұтқаны оның көмекшісімін деп таныстырған Азамат есімді жігіт көтерді. Мәдинаны қазіргі таңда өзі де таба алмай жүргенін жеткізген ол, оның «ұзатылғаны» турасында әлдебір мәлімет таратудан бас тартты. Сондай-ақ сахна саңлағының өзі бұл турасында БАҚ өкілдерінің ешқайсысына жақ ашпағанын, оның жеке өмірі турасында осылай хабар таратылуының құптамайтынын және қосты.

- Бір айтарым, ұзатылу тойы әлі болған жоқ. Мәдина Сәдуақасова әзірге келін атанбады. Журналистердің бізге хабарласпай, жаһанға жар салғанына қайранмын, – дейді әншінің әкімшісі.

Сенімді дереккөздердің сөзіне сенсек, махаббат тақырыбында ән салатын Мәдинаның сүйген жүрегі – еліміздегі телеарналардың бірінде қоюшы-режиссер болып қызмет атқаратын Олжас Смағұлов есімді жігіт екен. Осы жылы 35-ші көктемін қарсы алғалы отырған Сыр өңірінің тумасы, осылайша, сүйгеніне сүрініп барып қосылмақшы.

Жастар порталы алдағы уақытта Сәдуақасованың өмірі мен өнері турасында нақтылы деректерге негізделген ақпараттарды таратып, әншінің өзімен жүргізілген сұхбатты жариялайтынын айта кету керек.

Ермек Естияр
Мәлімет көзі: Aynaline.kz

Пікірлер:

Айзада | 15 қаңтар 2014 14:00
Осы жылы қызымыз 35-ші көктемін қарсы алғалы отырса,күйеубаламыз Олжас Смағұлов нешінші көктемін қарсы алғалы отыр екениии)))
Айша | 15 қаңтар 2014 14:03
Әншілер өздері жиналған жерде ешқашан ән айтпайт дид сол қаншалықты рас? Сонда олар бір-бірінің тойына барғандада ән айтпайтын болғаны ғой. Мәдинә апайды жылатпай, тойында 10 шақты ән орындай салыңдар бұлбұлдар
Автомаркет | 15 қаңтар 2014 14:10
35? Жылы ескіріп кетіпті, бірақ состояниесі жақсы...
Хасан бай | 15 қаңтар 2014 14:13
Мадина мықты әнші! Оның өнерін ұрметтеймін, шаңырақ көтерсе сүйікті әншіме шексіз бақыт тілегім келеді. "Сүйген жүрек" әнінде айтылатындай өмірдегі тірегін тауып жатқанына қуаныштымын!
Әже | 15 қаңтар 2014 14:22
Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды значит бұл новость шын мына жаналыкты окып в шоке болып отырм Мадинаны немереме алып берем ба деп ойлап ем өкінішті жылай жылай көзім ісіп кетті қайран менің болашық келінім
Толик | 15 қаңтар 2014 14:24
Сақинасын қойшы, спиралі бар ма өзінің?)
УКА | 15 қаңтар 2014 14:24
Агентте отырған қызбен сахнада ән салып жүрген қыздар далада қалмайды))
цфлдт | 15 қаңтар 2014 14:33
Бұндай отирик ангимеге сенбейм сендерде сенбеңдер достар кореалмай журген бир дурактын немесе дурочканын шыгарган осеги гой. Мадинаны анши ретінде емес, тележургизуши ертинде сыйлайм
Мархабат | 15 қаңтар 2014 14:36
Мадинаның қандай жақсы тележүргізуші екенін Азиада өткенде көрдік ессе, көрермендерді кәдімгідей қатырды гой ана келе жаткан немеене деп ози билмей
Перизат Семейден | 15 қаңтар 2014 15:19
Еларнаға елге танымал, халыққа сыйлы келін түсті. Барған жеріне балдай батып, судай сіңсін! Бақыт тілеймін!
Самал | 15 қаңтар 2014 15:21
"Ел арнадағы" көптеген бағдарламалардың қоюшы-режиссері Олжас Смағұлов бауырымызға күйеуге шықты Мадина Садуақасова. Қуаныштары құтты болсын
Шалқар | 15 қаңтар 2014 15:24
Келіннің аты Мәдина, фамилиясы Садуақасова екенін мәлім. Қызық, енді жаңа түскен келіннің фамилиясы өзгерер ме екен?
Іңкәр | 15 қаңтар 2014 15:37
Мәдина СӘДУАҚАСОВА бір сұхбатында көктемге қарай тұрмысқа шығамын депті. Мені шын мәнінде сүйетін жүректі жолықтырғандаймын. Өзім бұрыннан танитын, жақсы азамат. Бастысы, менің өткеніме түсіністікпен қарап, өнерімді сыйлайды. Амандық болса, наурыз немесе сәуір айында тұрмысқа шығамын деген болатын бір сұхбатында
Серік А. | 15 қаңтар 2014 15:44
Құдалардың екі жағы да қатты риза болуы үшін Мәдинаның фамилиясын СадуаҒұлова немесе СмаДуақасова варианттарымен ауыстыруға болатын сияқты.
Серік А. | 15 қаңтар 2014 15:47
Құдалардың екі жағы да қатты риза болуы үшін Мәдинаның фамилиясын СадуаҒұлова немесе СмаДуақасова варианттарымен ауыстыруға болатын сияқты.
Бекзат | 15 қаңтар 2014 15:51
Мәдинаның орындауыңдағы халық әні «Көзіңнің мөлдірін-ай» дегенін әнін естіп, риза боламын. Болашақта тыңдарман ретінде одан осы сияқты ғұмырлы әндер күтемін
Еділ | 15 қаңтар 2014 16:02
Өнерге әркімнің де таласы бар ғой, әркім өзін таныту үшін емес, сол талантын жұртқа сыйлап, табындыру үшінн сахнаға шығады. Сол сахнаға шыққандардың елге сыйлы болатындары біршама. Себебі бүгінгі көрерменнің талғамы биік, талабы күшті. Көрерменнің сұранысы мен заманнын ағымына ілесе алмай жүрген өнер адамдарын жрртшылық өз көңіл сахнасынан өшіріпп тастап та жатыр. Бірак Мадинанын жолы да жөні де бөлек. Таза ашық даусы тындарманды еріксіз елең еткізеді. Сүйген жүрегін жастар ғана емес, алдынғы толқын да шырқап жүр. Сондықтан Мадинанын алар асуы әлі алда деп білемін
Азамат | 15 қаңтар 2014 16:06
"Мен өзімді намысшыл қазақтың қатарына жатқызамын" деген сөзіне шын жүрегімнен қуандым. Ал айтып жүрген әндері туралы айтар болсам онша жақсы әндер емес. Жеңіл-желпі. Әннің сөзі өткір, майтып жүрген әндерінің де тыңдәнді, мағыналы болса ғана ол жүрекке қонымды болады. Бірақ, Мәдинаның тыңдаушылары бар екеніне сенемін. Негізі елдің ел, ұлттың ұлт болып толық қалыптасуы үшін, патриоттық әндер керек. "Күйдім", "сүйдім", "мен сені сүйемін" деген сөзді қайталай бергеннен жақсы ештеңе шықпайды
Сая | 15 қаңтар 2014 16:07
Мадина! жарайсың, өнерің өркендей берсін! Бақытты бол
Құралай | 15 қаңтар 2014 16:12
Мадинаның даусы әдемі, өзі де сүйкімді қыз. "Нағыз қазақ қызы" деуге болады, ал оның жеке өмірінде шаруам жоқ, ол сондықтан да "жеке өмір" деп аталады емес пе? Оның жеке өмірін білу міндетті емес, ол бізге дарынды әнші ретінде жақсы таныс, тек талантын бағалауымыз керек қой. Меніңше, осы олы Мәдинанның жолы болды, жақсы жігітке тұрмысқа шығып жатыр екен. Болашақта оның күйеуі Мадинаның өнер жолындағы тамаша мүмкіндіктерін аша түсуге септигин тигізеді. Өнерің асқақтай берсін, Мәдина!
Әділет | 15 қаңтар 2014 16:18
Кімнің есінде осы Мадинаның"Аңсағаным" деп аталатын өзінің тұңғыш ән жинағы шығып еді ғой, сол может осы Олжас Смағүловқа арналып шығарылған-ау дим да
Райхан | 15 қаңтар 2014 16:29
Көркіне өнері сай қыз ертең-ақ қайтадан жарқырап, құлпырып шыға келеді, қай фамилияны алса да
Думан Өскеменнен | 15 қаңтар 2014 16:29
Мадинаның жүрегін жаулаған Олжас та мықты жігіт болуы керек. Екеуіне мәңгілік махаббат тілеймін!
Райхан | 15 қаңтар 2014 16:32
Көркіне өнері сай қыз ертең-ақ қайтадан жарқырап, құлпырып шыға келеді, қай фамилияны алса да
Думан Өскеменнен | 15 қаңтар 2014 16:32
Мадинаның жүрегін жаулаған Олжас та мықты жігіт болуы керек. Екеуіне мәңгілік махаббат тілеймін!
Жарқын | 15 қаңтар 2014 16:37
Жасы жағынан үлкен дейді жігітінен Мадина қыз. Сол шын ба
Бөөө | 15 қаңтар 2014 16:45
Мадинаның күйген жүрегін, сүйген жүрекке айналдыра білген жігіт мықыт жігіт емей немене? Бақытты болсын жастар. Тойлары жынды өтетін шығар
Анар | 15 қаңтар 2014 17:04
Куйеу жігіт неде болса мықты екен. Мадинадай қызды алып жүрген. Әнші әрі сұлу қыз талай жігіттің арманы болды.Жастар бакытты болсын! Мадина , бакытты болуга лайык. Кашан тенiн табып турмыска шыгады деп ойлап журушi едiм.. Куаныштары куанышка ұлассын, тойлары-тойга жалгаса берсiн!!
Гүлдана | 15 қаңтар 2014 17:05
Мәдина мен Олжастың тойы Алтынбек Қоразбаевтың туған күні болады, Құдай қаласа...
Айым | 15 қаңтар 2014 17:11
Алдыннан бері Мәдинаны Хабарға біресе Еларанға келін болды деп жатыр ұзынқұлақтар, не де болса бақытты болсын, дегенмен, қай телеарнаға келін болды аааааа?
гүлдана | 3 ақпан 2014 13:42
Мейлі бақытты болсын! Әдемі ғой Мадина.
Баян | 3 ақпан 2014 18:17
Мадина үшiн қуаныштымын. Бақытты болыңдар. Тезiрек ана болуыңды тiлеймiн!
айка | 13 ақпан 2014 13:02
Сен бакыттысың Мәдина, өзіңнен 6 жас кіші жігітті қалай қараттың.
Өсербай Айгерім | 24 ақпан 2014 23:26
Салем достар! Менің айтарым кімде кім болса да өз болашағын болжап алалмайды ғой. Мадина да өзінен кішкентайға тұрмысқа шығам деп ойламаған шығар. Алайда тағдырына солай жазылған шығар. Тағдырдан ешкім қашып құтылмайды ғой не бақытты болса болды емес па. Маған Мадина қатты ұнайды. Әрдайым бақытты болыңыз.
Жауһар Қаратерең | 7 сәуір 2014 18:13
Мадина былайша жақсы қыз, алайда өзінен 6 жас кіші Олжасты қалай қаратып жүр таңым бар.
Айко | 11 сәуір 2014 04:06
Мадина 3-ші рет үйленіп отыр!!!
Гулбану | 12 сәуір 2014 21:46
Әркім өз тағдырына өзі жауап береді гой. Сіздер неге бастарыныз ауырып жазып отырсыздар. Қазақтың қыздарын осылай айтуға бола ма?!
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар