Аягөздік жасөспірімнің ажалы аттан бола жаздады

(Дауыстар: 1)
  • 15 қаңтар 2014, 16:08 |
  • Пікірлер: 11
Аягөздік жасөспірімнің ажалы аттан бола жаздады

Аягөз ауданы, Өркен ауылының 14 жасар тұрғыны мөңкіген асау аттан құлап оңбай жараланды. Ауыздығымен алысқан шу асау оның тақым қысуына да мұрша бермеген. Маңайдағы діңгектердің біріне басымен соғылған бозбала, жан сақтау бөлімінен бірақ шықты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бала ес-түссіз күйде алдымен Аягөз аудандық ауруханасына әкелінген. Жергілікті ауруханада оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ертеңінде ол тікұшақпен Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығына жеткізілген.

Дәрігерлердің айтуынша баланың жарақаты ауыр. Ол жан сақтау бөлімінде бір неше күн болған. Оның жағдай қазір оңалып келе жатқан сияқты. Жабық бассүйегі жарақаты, мидың зақымдалуы тағы басқа сынықтарға байланысты оған әлі күрделі ем қабылдауға тура келеді.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Бақытбек | 15 қаңтар 2014 16:46
Тез жазылып кетсін. Атты үйретпекші болған ба сонда қалай түсінбедім? Осындай жас баланы қалайша әкесі асау атты үйретуге жіберіп қойған. Өзі бұрын соңды атқа мініп көрген бала ме екен?
Мұхтар | 15 қаңтар 2014 16:57
Қазіргі балалар нашар. Кезінде өзім аттың құлағында ойнайтынмын. Талай бәйгеге қатысып, талай бәйге аттарын жаратып, талай асауды бағындарған едім. Жылқыны жүрісінен тану керек қой қазақ деген.Қасиетті жылқы малын үйрету үшін тақымың мықты болу керек. Қазіргі ұлдар ынжық болып кеткен, темір тұлпарды жағалаймын деп. Тез жазылсын
Әжібек | 15 қаңтар 2014 17:10
Ең бастысы аман қалғанына шүкіршілік етейік. Бәлкім ат үркіп кеткен шығар, жүген мен ертоқымды бірінші рет көргендіктен, сондықтан жылқыны құлын күнінен бастап ноқтаға байлап үйрету керек
Бауыржан | 15 қаңтар 2014 17:22
Өзім бала күнімде ер тоқым аунап кеткен кезде болмаса басқа кезде жылқыдан құлап көрген жан емеспін. Атты ерттегенде айылын мықтап тартып, оған мінерде абай болу керек. Оқыста болған жағдай ғой тегі, жап-жас бала екен Алла шипасын берсін
Макс | 15 қаңтар 2014 17:30
Атта нең бар бауереем оданда бипектен барып кредитке бір 14 сатып алсаншы, жұре бер сонымен
Ерлан | 15 қаңтар 2014 17:34
Баяғыда жас күнімде ат үйретіп жүретінмін, содан бірде асау айғырды үйретпекші болып мініп кеткенмін содан ана айғыр ауылдан 11 киллометр асқанға дейін мөңкіді. Бірақ осы жылқыны үйретем деп, біраз уақытқа дейін ауырдым ішегім шығып кетіп.....
Ринат | 15 қаңтар 2014 17:37
14 жастағы балағы кім кредит беред дейсін Макс?
Макс | 15 қаңтар 2014 17:40
Әкесі сатып береді қазір бипекке уд лич папрып берсен болды, калаган мәшініңді таңдап аласыен да міне бересін, 10 жыл кредит төлейсін бірақ))
Ермек Мукашев | 15 қаңтар 2014 17:42
Жігіттер айтып жіберіңдерш, сол бипэктегі ВАЗдар қалай өзі сапасы жағынан приора алсам ба деп ойлап жүрмін, кредиьке алуға стоит па, айтып жіберіндерш
А. Смайылова | 15 қаңтар 2014 17:44
Ажал мен оқыс оқиғаның бәрі ат пен мәшинеден келіп жатыр десем қателеспейм. Тіптен, міністе жүрген аттың өзі түрлі қылық шығарып, айдалада лақтырып кетпесіне кім кепілдік бере алады?
Индира | 15 қаңтар 2014 17:50
Қазір баланың қал-жағдай қалай? Ана мен бала орталығына емес облыстық аурухананың нейрохирургия бөліміне жеткізу керек еді
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар