Семейде антикафе ашылды. Ол қандай кафе?

(Дауыстар: 1)
  • 15 қаңтар 2014, 17:19 |
  • Пікірлер: 14
Семейде антикафе ашылды. Ол қандай кафе?

Семейдегі қоғамдық орындар тағы бір мекемемен толықты. Шаһар тарихында алғаш рет антикафе есік ашты.

Антикафенің өзге дәмханалар мен ойын-сауық кешендерінен айтарлықтай айырмашылығы бар. Бұл нысанды мәдени орын деу дұрысырақ. Мұнда ішімдік пен шылымға, дауыс көтеріп сөйлеуге тыйым салынған. Есесіне келушілердің уақытты пайдалы өткізу мақсатында көңілі қалаған музыкалық аспаптарда ойнауына болады. Ас мәзірі жоқ, орнына әлемдік немесе өз еліміздің ақын-жазушыларының шығармаларына тапсырыс бере аласыз. Кітапқұмарлар үшін арнайы веб-бөлмелер бар.

Сондай-ақ, тақталы ойындардың барлық түрін осында келіп ойнауға болады. Ал, демалыс күндері жергілікті өнерпаздар ұйымдастырған шағын концертті тамашалауға мүмкіндік жасалған. Даңғаза музыка қойылмайды, оның орнына әлемдік классикадан жайлы әуен тыңдауға болады. Тағы бір ерекшелік, келушілерге тамақ пен сусынды өзімен бірге алып келуіне рұқсат. Тек демделген шәй ғана мекеме тарапынан тегін беріледі.

Мұнда келушілердің жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмайды екен. Әсіресе, студент жастардың жиі бас қосып, өз өлеңдерін оқып, талқылап, әдеби кеш ұйымдастыруы қуантады дейді антикафе қызметкерлері.

- Алдағы уақытта мекемені мұражайдағыдай безендіруді қолға алмақпыз. Сондай-ақ, қаладағы қылқалам шеберлері мен фотосуретшілердің таңдаулы туындыларынан көрме жасап, сатылымға қоятын боламыз. Бұл шараны қаламыздағы мәдениет пен өнер саласына жасалған қамқорлық деп білеміз, – дейді мекеме басшысы Ілияс Құрманғалиев.

Түс әлетінде ашылып, жай күндері кешкі 21:00-ге дейін есік ашатын антикафе ақылы қызмет көрсетеді. Әйтсе де, оқушылар мен студенттер үшін қалта көтерімді.

Айта кетелік, мұндай қоғамдық орындар 2012 жылы Батыс елдерінде пайда болған еді. Бүгінде еліміздің көптеген қалаларында бар.

Қуаныш Шакенұлы
Мәлімет көзі: Munara.kz

Пікірлер:

Алмас | 15 қаңтар 2014 17:30
Антикафесі несі? Осы семейліктердің де шығармайтыны жоқ
Беер | 15 қаңтар 2014 17:33
Сыра жоқ па екен? жоқ болса баратыны бар ма өңшең ботаниктер мен тормыздар келіп қыздармен танысатын жер шығар))
Асхат | 15 қаңтар 2014 17:39
Бұны антикафе деп кім айтты. Бұл нағыз кітапхана ғой и
Шоқан | 15 қаңтар 2014 17:42
Мынау мұражай ма әлде анти-темекі-ішімдікке қарсы акцияның аясында ашылған бірдеме шығар, мұнда ешкім бармай та көп ұзамай жабылып қалатынына сенемін
Аида | 15 қаңтар 2014 17:47
Бұндай орындардың ашылғаны жақсы. Жастарымыз темекі мен ішімдіктен бойларын аулақ ұстағанға өз септігін тигізедіі. Осындай антикафелерді Қазақстанның барлық қалаларында ашқан дұрыс
Дархан Затон | 15 қаңтар 2014 17:52
Аида сені осы антикафеге шақырсам келесін бе? бірге барайык
Дамир Семейден | 15 қаңтар 2014 17:53
Біз секілді студент жастардың жиі бас қосуына жане жас ақындардың өз өлеңдерін оқып, оны оқырманмен бірге талқылауына жақсы. Ойын-сауықтық кештер жасағаннан қарағанда әдеби кештің ұйымдастырылатыны қуантады
Аида | 15 қаңтар 2014 17:56
Барайық, барайық сауатымызды ашып қайтамыз
Патриот | 15 қаңтар 2014 18:01
Абай туған, Шәкәрім туған деп Семейді жақсы көруші едім, енді мына антикафесі тіпті әйбат болды
Дархан Затон | 15 қаңтар 2014 18:06
Аида, мен ертен түскі 14 00 де сол жерде боламын. Терезенің алдында кітап оқып отырамын, өзің тауып аласың, мен де сені танып қоюға тырысамын))
Аида | 15 қаңтар 2014 20:06
Дархан Затон, ертең маған да бір жақсы кітап ала сал))
Фотосуретші | 16 қаңтар 2014 10:56
Сүйікті қалам Семей мен ерке Ертісті талай рет фотаға түсіріп едім. Болашақта фотосуретші болғым келеді. Енді осы анкафенің ашылғаны жақсы болды, жеке шығармашылығымды осы араға апарып жастарға таныстырсам ба деген ойдамын
Жанерке Семейден | 16 қаңтар 2014 11:04
Оқушылар мен студенттер үшін сабақ оқуға арналған таптырмас жер екен. Сіздер де барып көріңіздер. Өте жақсы антикафе десем болады. Әсіресе, кітапқұмар жандар үшін арнайы ашылған веб-бөлмелер керемет!!!
Мұғалім | 16 қаңтар 2014 11:08
Бұл жерде ұйымшыл, әдебиетке жаны жақын, көркемөнерге не болмаса фотоөнерге бейім студенттер мен оқушылардың жиналатын мекеніне айналатынына сенемін
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар