Өз ұлының өлеңін оқыған ана байқау жеңімпазы атанды

(Дауыстар: 1)
  • 16 қаңтар 2014, 11:11 |
  • Пікірлер: 12
Өз ұлының өлеңін оқыған ана байқау жеңімпазы атанды

Зайсан қаласының тұрғыны Бақытжан Құсайынова «Қазақстан» ұлтты телеарнасының таңғы бағдарламалар шығармашылық бірлестігі ұйымдастырған «Парасатқа құштарлық» атты байқауға қатысып, бірінші орын алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Халықты кітап оқуға тарту мақсатында қазақ әдебиетінің жауһар дүниелерін бойына сіңіріп, поэзия мен проза әлеміне терең бойлай білген оқырмандарды анықтаған шарада үміткер көрнекті ақындардың өлеңін жатқа оқуы тиіс болған. Алайда Бақытжан Құсайынова байқауда өз баласы Аян Өрібаевтың «Әдемі» атты өлеңін жатқа оқыды. Еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан жүдеген үміткердің арасында жерлесіміздің үздік шығуына әдебиетке деген сүйіспеншілігі де септігін тигізді.

«Осындай байқаудың басталғанын ести сала Астанаға жол тарттым. Әуелі оқитын шығарма танымал ақынның туындысы болу керек деген шарт қойды. Алайда мен өз ұлымның өлеңін оқығанда жобаны ұйымдастырушылар жоғары бағалап, жүлдемді ұсынды» дейді ақынның анасы.

Есімжан Нақтыбай
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Аида | 16 қаңтар 2014 11:48
Ұлы неге өзі қатыспаған? Ұлын бірге апарып қатыстыру керек еді
Диас | 16 қаңтар 2014 11:55
Бақытжан Құсайынова секілді алтындай аналарымыз аман болсын! Баласының атын шығарып, елге танытып жүрген. Ана жүрегі қашан да балам деп соғады ғой. Әрдайым осылай баласының өнерін асқақтата берсін
Жұлдыз Жарсудан | 16 қаңтар 2014 12:03
Біз жақта Аян Өрібаев деген ақынның бар екенін білмейді екем ше. Осындай байқаулардың арқасында бір-бірімізді танымасақ басқалай ешқашан сәті түспейді.
Назерке Зайсаннан | 16 қаңтар 2014 12:12
Бұл қуанышты жаңалық екен. Зайсанның барлық жастары өнерлі, ал аналарымыз асыл жүректі жандар! Бізде жас ақындар өте көп деп айта аламын, біз солармен мақтанамыз!!!
Ғалия Семейден | 16 қаңтар 2014 12:46
«Қазақстан» ұлтты телеарнасының таңғы бағдарламалар шығармашылық бірлестігі ұйымдастырған бұл шара бүгінгі интернет заманында адамдардың кітаптан қол үзіп бара жатқанына байланысты деп ойлаймын. Демек, телеарнанынң қызметкерлері бұл жағдай бейқам қарамайды деген сөз. Оқырман қауымды кітап оқуға тарту мақсатында өткен осы сайысты ұйымдастырушыларға ризамын
Маржан Народныйдан | 16 қаңтар 2014 13:46
Сайыстың ережесін бұзғаны қалай? Мұнда өз баласының или нағашының бауырының інісінің өлеңін болсада оқуға болмайды. Жарыс пен сайыстың ережесін бұзбау керек. Мұнда тек қана қазақ поэзиясының жауһарларын оқысын деген талап қойылған. Шартты сол қалпында орындау керек ессе, мұны жеңіс деп мойындамаймын
Гүлім | 16 қаңтар 2014 15:16
Аян Өрібаевтың болашағынан үлкен үміт күтеміз. Анасы ұлын дәл осы қалпында алға жетелеп, елге танытып жүрсе, ол кісінің ұлының да мерейі өсіп тұратына анық. Аян Өрібаевқа шығармашылық табыс тілеймін
Тарзан | 16 қаңтар 2014 17:12
Маржан, ол кісінің ұлының өлеңі қазақ поэзиясының жауһары емес деп кім айтты саған? Әлде жауһарлар жазатын адам сеніңше танымал "классик" болуы керек пе? Неше түрлі керемэээттттт данышпан ақындар бар өлеңін ешкім білмейтін. Жас ақындар бар өлеңі мықты бірақ сол кеңкәстөм ақындардың "абройы" кесірінен танылмай жатқан. Та што жастар жауһар жырлар жазбайды деп ойласаң қателесесің
Азиз | 16 қаңтар 2014 17:46
Осындай аналардан қалай ғана айналмайсың!!
9-корпус | 16 қаңтар 2014 17:52
Ооо Аянды танимын, мықты ақын ғой ол. Жарайсың бауырым!
каныш | 20 қаңтар 2014 05:40
Жарайсың Аян. Анашыңа да көп рахмет сендей дарынды дүниеге әкелген. Келесіде өзің оқысаң нұр үстіне нұр болар еді. Мен Жезқазған қаласында 5 сынып оқушысымын.
Арай | 20 қаңтар 2014 16:10
Осындай талантты жанмен бирге окыганымызды мактан тутанбыз. Ол бойга биткен талантын колденен журтка жарнамалап ешкашан кеуде керип мактанган емес аркез карапайым минези ашык жаркын Жан Анасын группаластары атынан шын журектен куттыктаймын! Осындай акылды кабилетти болуы сиздин арканызда деп билемин! Осы оленин умытпасам окып журген кезде шыгарды гой деймин Сиясы кеппеген жана туындыларын унеми бизге келип окып беретин адети бар болатын барлыгымыз уйып тындап ерекше асер алатынбыз типти кеибир окытушылар онын оленине танти болгандары соншалык бирауыз оленин окыган сон оган тагы да бир еки олен окып беруге колка салатын. Аяннын казир кайда екенин билмейтиндерге кулаккагыс казирги уакытта ол аскерде Отан алдындагы касиетти борышын отеп жур. Ен кымбат жанынын колымен аперилген бул женис Аяннын сонгы жениси емес екенине сенимимиз камил. Кайта, орели талант иесинин келешекке бастар жолы, Онер айдынында оз несибесин алатындыгынын нышаны болар.
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Қаңтар 2017    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Жаңалықтар