Қабанбай батырдың ескерткіші наурызда ашылады

(Дауыстар: 1)
  • 16 қаңтар 2014, 14:28 |
  • Пікірлер: 15
Қабанбай батырдың ескерткіші наурызда ашылады

Өскемен қаласының кіре берісіндегі Ахмер ауылының тұсына қойылғалы жатқан Қабанбай батырдың қола мүсіні тұғырға орнатылды, бірақ әлі толығымен аяқталған жоқ, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Облыстық мұрағат және құжаттама басқармасы мамандарының айтуынша батырдың тұлғалы мүсіні астаналық «Балқыту» ЖШС шеберлерінің қолынан шыққан. Олар ескерткішті жасап қана қоймай, Өскеменге жеткізу жұмыстарын да мойындарына алған.

Мәдениет және ақпарат министрлігі Өскеменге ұлы батырға арналған ескерткіш қою мәселесін 2012 жылдың қыркүйегінде нақтылап қойған болатын. Осы мақсатқа республика бюджетінен 105 млн теңге қаржы бөлінген. Жергілікті әкімдік бұдан кейін Қабанбайдың қола мүсінін қай жерге орнату керектігін ойластырған еді.

Қала әкімінің баспасөз хатшысы Лариса Поломошнованың айтуынша, ескерткішті орнату жұмыстары ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында аяқталып, батырдың мүсіні Наурызда салтанатты жағдайда ашылмақ.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Өскемен, Мәдениет | Кілт сөдер: Қабанбай батыр

Пікірлер:

УКА | 16 қаңтар 2014 15:19
Қабанбай батырдың мүсіні орнатылғаны көңіл қуантарлық жағдай. Бірақ, неге оны қаланың шетіне орнатып жатыр? Қала кең емес пе, қаланың қақ ортасына орналастырса да артық болмайды Қабанбай бабамыздың мүсінін
Еділ | 16 қаңтар 2014 15:26
Ахмерге орнатқаны неси? Қабанбай батыр көшесіне неге орнатпайды ескерткішті? Айдалаға қоймай кішкене қаланың ішіне қоймай ма, қаланың шетінен ол мүсінді ахмер жақта тұратындар ғана көріп жүрсін деп орнатып жатыр ма әлде
Мөлдір | 16 қаңтар 2014 15:33
Қай жерде орналасса да шаруаларың қанша әйтеуір ең бастысы Қаракерей Қабанбайдың ескерткіші ашылғалы жатыр ғой. Қайта қуанбайсыңдар ма? Керек болса ахмерге барып көріп тұрасыңдар батыр бабаларыңды
Едіге | 16 қаңтар 2014 15:40
Бұл ескерткіштің авторы кім екен? Осы мүсінді салатын мүсіншілер арасында өзара бәсеке болған шығар
Айжан | 16 қаңтар 2014 15:47
Ескерткішті Өскеменге жеткізген бойда орната ма алде тағы да күтеміз бе қашан орнатады деп
Мүсіншіл | 16 қаңтар 2014 15:49
Бұндай ескерткішті неме Өскеменде жасайтын жер жоқ па не? Неге сонау астаналық «Балқыту» ЖШС шеберлеріне жасатып жатсыңдар????????
Руслан | 16 қаңтар 2014 15:58
Дәл осылай Қасым Қайсеновке де орын тауып беріп еді ғой заправканың жанынан, ал енді Қабанбай батырға қандай орын бұйырар екен ааааааааааааа қызық шееееееееееее
Қайрат | 16 қаңтар 2014 16:39
Ер Қабанбайдың ескерткішіне орталық алаңнан орын таппадыңдар ма? Ел қорғаған батырға лайықты құрмет неге көрсете алмай жүрміз, әлде, қолдан келмей ме бұнымыз???????
Жадыра | 16 қаңтар 2014 16:44
Қүрметті ағайын бекерге дауласпаңдар. Меніңше, Қаракерей Қабанбайдың мүсіні Ахмерде орналассатындығында тұрған ештеңе жоқ. Ол жерде военный городок бар ессе, сарбаздарың рухын көтеру үшін ахмерге қойылғалы жатқан шығар
Нұржан | 16 қаңтар 2014 17:00
Бір адамның ескерткішіне бола республика бюджетінен 105 млн теңге қаржы бөлінгені не соры?????? Өз күнімізді әреі көріп жүрген кезде. Шетелдіктерге жасатып жатқан жоқсыңдар ғой мүсінді неге арзанға жасатпайсыңдар вапще
Ейй Нұржан | 16 қаңтар 2014 17:29
Ейй Нұржаан батыр бабаңның арқасында қазір өз мемлекетіңде жер басып жүрсің, сен сол 100 млндың қазіргі шенеуніктер күн сайын табиғаты әдемі жаққа аудара салады. Қабанбайға кеткен ақша ешқашан есептелмеуі керек. Ал бөлінген ақшадн жеген шірік жұмыртқалар болса оны батырдың киесі атысын.
Нұржан | 16 қаңтар 2014 18:00
Батырдың киесі атысын деген сөзіңмен келісемін бауыреееееееееемммммммммм
Мен айтайын | 17 қаңтар 2014 13:23
Қабанбайдың мүсіні бой көтереді. Қуанамыз біз. Ал, орекеңдер шу шығармасын деп бірінші Петрдің мусінін орнатады. Әкімдік алдына Абайды қойып, кейін Пушкин кітапханасының алдына Пушкинді қойғандай болады.
казак | 20 қаңтар 2014 12:34
неге орыстармен санасамыз осы? петр казакка не истеды сонша
Дәулет | 23 қаңтар 2014 02:47
Неге қаланың шетіне қойылаты айтылды ғой! Өскеменді қорғап тұрғандай болады)) Қабанбай Шығысымның тумасы, өмір бойы жерімізде біз үшін соғысқан, 105 млн тенге деген не ол? Ақша жағын айта көрмеңдер! Жаңа жылдағы бір айлық шыршаларымыз бұдан қымбат болған!
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар