Семейдегі мұражайдың ішін жазушының «елесі» кезіп жүр

(Дауыстар: 2)
  • 16 қаңтар 2014, 16:47 |
  • Пікірлер: 12
Семейдегі мұражайдың ішін жазушының «елесі» кезіп жүрОрыс әдебиетінің классик жазушысы Федор Достоевскийдің мұражай-үйі Семейдің орталығында орналасқан. XIX ғасырдың басында тұрғызылған бұл тарихи ғимарат жайлы қауесет жергілікті жұртшылық арасында бұрыннан бар.

Көрмеге қойылған жәдігерлер қызметкерлердің қатысуынсыз орын ауыстырып, түрлі тосын дыбыстар шығады екен-мыс. Тіпті, келушілер арасында «шинель киген сақалды егде адамның бұлдыр бейнесін көрдік» деушілер де табылады. Мұражай ішіндегі фотоаппаратпен суретке түсіру немесе бейне түсірілім жасаудың көп жағдайда нәтижесіз аяқталатыны да жұртшылық арасындағы бұл дақпыртты еселей түскен.

Бір қызығы, мәдени мекемедегі бірқатар жұмысшылар да үйде елес жүретініне сенімді. Мәселен, ғылыми бөлімнің бұрынғы қызметкері Евгения Рыбченко ымырт үйірілген шақта ғимарат ішінде жүрген тылсым бейнені сан мәрте көргенін айтады. Дегенмен елес жайлы ұжым арасында екіұдай пікір бар. Бұған сенбейтіндер қарсы уәж білдіреді.

- Жұмыс бабымен тәуліктің қараңғы мезгілінде де қайтатын кездеріміз болады. Бірақ, Федор Михайловичтің елесімен кездескен емеспіз. Үй өте ескі, жай тарсыл-тұрсылдың барлығын елестің әсеріне телуге болмайды, – дейді екінші жақ.

Хабарласқанымызда аталмыш мұражай-үйдің жетекшісі Татьяна Автушко да бұл қауесетті жоққа шығаратынын жеткізді.

Алайда, қалалықтар арасындағы дақпырт азаймай тұр. Тіпті, келушілердің кейбірі «жазушының елесін қалай көрсек болады?» деген сауал қоятын көрінеді. Олардың басым көпшілігі мектеп оқушылары екен.

Айта кетелік, Сібірге жер аударылған Ф.Достоевский 1857-1859 жылдары қос қабатты осы ғимаратты жалдап тұрғаны жайлы мұрағат деректері бар. Бұл үйде даңқты жазушының сол замандағы Семей өмірі арқау болған, әлемдік әдебиетке қосылған бірқатар шығармалары дүниеге келген еді. Ал қаламгермен тығыз достықта болған Шоқан Уәлиханов, П.Семенов Тянь-Шаньский сынды тұлғалар осы үйде жиі қонақ болған.

Қуаныш Шакенұлы
Мәлімет көзі: Munara.kz

Пікірлер:

Федыр | 16 қаңтар 2014 17:33
Мамаааа қорқып отырмын, мамаа. не деген қорқынышты уа-ха-ха
Лермонтыв | 16 қаңтар 2014 17:50
Өтірік қырта беред музейге келушілр көбейсін деп
Диас | 16 қаңтар 2014 17:54
Бааааа енді мына музейдің жанына енді қайтып жоламаймын
Буратина | 16 қаңтар 2014 18:02
Елес бар деп кім айтты бұл өмірде, елес түгілі сайтанда да жоқ. Жалған сөздің керегі не? Жұртты бостан бос алаңдатып. Осындай өсек аяңдарыңды қойсаңдаршшшиииии
Күлімхан | 16 қаңтар 2014 18:59
Күлетін жағдай емес қой, неменеге жетісіп мәз болып отырсыңдар? Жазушының үйінде заттардың өз-өзінен қозғалып кетуі күлкінішті жағдай емес. Күлетін болсаңдар басқа нәрселер толып жатыр, мұндай қорқынышты жағдай қаламызда орын алып жатқанда сендердің мыналарын жарамайды
Абай | 16 қаңтар 2014 19:06
Мұражайдың жетекшісі Татьяна Автушко жоққа шығарып отыр дид қой, сендер неме потет етіп отсыңдар, қайдағы бір орыстың жазушысына бола??? Ехххх, қайран қазағым-ай уайымдайтын ештеңе табылмағандай енді келіп Федордың музейінің мәселесіне алаңдап отсыңдар оданда ТІЛ үшін уайымдаңдар!!!!!!!!
Санжар мен Қайсар | 16 қаңтар 2014 19:14
Өтірікті кішкене келістіріп айтсаңдарш, түсінерем если домовой бар десе, а мына айткандарф таза 100 процент өтірік
Гага | 16 қаңтар 2014 19:19
Мүмкін бұған кәсіби операторларды шақыртып түсіру керек шығар. Шетелдерде арнайы елес аулаушылар бар ессе соларды шақырту қажет сөйтіп бір елді тыныштандырсақ қалай болады, достар?
Серик | 17 қаңтар 2014 08:35
Жазушынын туракты уйі емес, елеси кайдан болсын. Сол отирик акпарат беру аркылы, елди музейге тарту гой. одан ша шынайы жолмен насихат жасау керек болар...
Айман Глинкидан | 17 қаңтар 2014 10:58
Өстіп өстіп тағы да қырық өтіріктеріңді құрай беріңдер, музейге келушілер азайып бара жатқанда тағы бір рет таратуға жарап қалар
Жайна | 1 ақпан 2014 16:40
Қайдағыны айтпаңдарш, музейде елес бар деп айтса керiсiнше ешкiм бармайды ғой... Мысалы, мен солай естідім, енді ол жаққа мүлдем жоламауға тырысам... Оның үстіне қайтыс болған адам өзінің жаны жай табатын жерде жүретінін ұмытпаңдар... Елес дегенге өз басым сенем.
кымбат | 20 ақпан 2014 23:27
Өз басым елес дегенге сенемін, бұндай жағдайлар өз басымнан жиі алып тұрамын, сондықтан да бұндай нәрсеге күлуге болмайды, өмірде бар нәрсе болады.
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар