Қала ішінде темір емес тұлпар ұрлау оқиғасы тіркелді

(Дауыстар: 1)
  • 17 қаңтар 2014, 15:03 |
  • Пікірлер: 10
Қала ішінде темір емес тұлпар ұрлау оқиғасы тіркелдіЖуықта Риддер қаласының полиция бөлімшесіне ауладан көлік ұрланғаны туралы кезекті өтініш түсті, бұл жолғы көлік - темір емес, кәдімгі аулада қаңтарылып тұрған ат-шана.

Ішімдікке тойып алған жігіттің таксиге ақшасы болмаған. Жер үйлердің бірінің ауласындағы орыс шанасына жегілген жарау атты көрген ол, еш ойланбастан шанаға жантая кетіп «шүу» деген сияқты. Жайлы ат-шанамен жетер жеріне жетіп алған жолаушы, қараңғылық қоюланған соң шанаға жегілген жануарды қалаған жағына қоя берген. Экологиялық таза көлігінен тапа-тал түсте көз жазып қалған ат-шана иесі болса бірден жол-патрульдік полициясына темір емес тұлпарының ұрланғаны туралы өтініш түсіріп, оның ішіне ұрланған мүлікті 250 000 теңгеге бағалайтынын да жазыпты.

Аталған оқиғаға байланысты қазір қылмыстық іс қозғалып, айыпталушыға пәтер тонаушылар мен ұсақ ұрылық жасаған қалмыскерлерге қолданылатын бап бойынша іс жүргізіліп жатыр.

Дарын Нұрсапаров

Пікірлер:

ЖТ | 17 қаңтар 2014 15:35
Қалада ат-шана не іздеп жүр? Елдің бәрі темір тұлпармен жүргенде
Фариза | 17 қаңтар 2014 15:41
Таксиге ақшасы жетпей жүрген бейшара араққа ақшаны қайдан тауып алады?
Ауылньюс.кз | 17 қаңтар 2014 15:43
Ат-шананың ұрлануының жол полициясына қандай қатысы бар? Неге ІІД-не хабарламаған?
Қуаныш Катоннан | 17 қаңтар 2014 15:48
Қазір жылқының бағасы 250 000 теңге деп кім айтты? Ондай баға жоқ, елдің бәрі 170 пен 240 тың арасында ғана сатып жатыр ессе или мына жоғалған жылқының иесінің аты ахалтеке ме екен))
Дамир М. | 17 қаңтар 2014 15:52
Бұл Риддерде бірінші рет тіркелген факті емес. Бұндай оқиғалар жиі орын алып тұрады. Осыны жолполдарға айтпай-ақ, жігіт болса күнделікті мініске қолданып жүрген жылқысын өзі неге іздеп тауып алмаған?
Аяз би | 17 қаңтар 2014 15:56
Мааааа, сұмдық жағдай ғой. Ең бастысы, ана ішіп алған жігіт аман-есен. Үсіп қалмай, үйіне жеткені жақсы бопты ше
Жылқыбай | 17 қаңтар 2014 16:01
Айыпталушы жігітті соттап жіберді ме??? Әлде, ұрлап кеткен жылқының құнын төлеп құтылады ма?????????
Балжан | 17 қаңтар 2014 16:07
Бұндай ұрлықшыларды соттау керек 5-10 жылдап әйтпесе көзіне көрінген заттарды алып кете берсе түк қалмайды
УКА | 17 қаңтар 2014 16:10
Қытайдағы сияқты саусақтарын шауып тастаңдар, сонда келесі жолы ештеме ұрламайт
Ерееке | 17 қаңтар 2014 17:48
Саған неме қазақтың шанасы табылмады ма? Орыстардың шанасында нең бар
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар