Петр I ескерткіші Өскемендегі православ шіркеуінің алдына қойылуы мүмкін

(Дауыстар: 1)
  • 17 қаңтар 2014, 16:56 |
  • Пікірлер: 8
Петр I ескерткіші Өскемендегі православ шіркеуінің алдына қойылуы мүмкінСоңғы күндері осы сұрақтар төңірегінде өңірде қызу ой-пікір таласы қыза түскендей белгі береді. Бұқаралық ақпарат құралдары таратқан хабар жаңа жылдың алғашқы айы ішінде ғана облыстық және Өскемен қалалық ақсақалдар алқасы кеңестерінің екі рет бірлескен мәжілістерінде талқыланды. Өңірдегі қоғамдық азаматтық институттары өкілдері мен жергілікті тұрғындардың ой-пікірлерімен санаса келе Өскемен қаласында Петр патшаның құрметіне ескерткіш орнатуға ешқандай саяси да әлеуметтік негіз жоқ екендігіне баса назар аударылды.

Қазақстан халқы өз тәуелсіздігінің 22 жылдығын атап өткені күні кеше ғана еді. Осы тарихи оқиғаның жылуы еліміз бен жерімізді жарқын болашаққа үндеп тұрған тұста, тағы да кешегі отаршыл саясаттың астары белгі берді. Аталған газеттердің «Өскемен бекінісінің салынғанына 300 жыл толуына байланысты ескерткіш орнатылады» деп арнайы мақала жазуы мың өліп, мың тірілген қазақ халқының ақтаңдақтар ізі қалған ғасырлар бодандығын жаңғыртумен тең емес пе? Жергілікті халықтың жан жарасына тұз сепкендей, өткенді қопарып, патшалық дәуірдің ызғарлы астарын қозғаудағы аталған газеттер мен оның астарында тұрған саясаттың мақсаты не?

Қазақстан Республикасының Конституциясында қоғамдық бірлестіктер пен мемлекеттік атқарылатын шаралардың ара жігі айна қатесіз айқындалған. Аталған басылымдардың ел-жұртты дүрліктірген хабарды бермес бұрын Республикамыздың негізгі заңдылықтарын басшылыққа алуға тиіс еді деп ойлаймын. Орыс ұлтының үш ғасыр бұрын жүргізген саясатын ұлтаралық келісім мен түсіністікті берік ұстанып отырған Қазақстанның Шығыс өңіріне таңуы санаға қонымсыз, жайсыз хабар. Ұшқары айтылған осы пікірдің елдің ынтымағы мен бірлігіне сызат түсірмей, салдарынын салмағы тереңдемей тұрғанда тоқтау айтуды өзімнің азаматтық борышым санаймын.

Үдемелі индустриалды аймаққа айналып, егеменді еліміздің ертеңіне үлкен сеніммен қадам басып келе жатқан Өскемен қаласында бұдан басқа да шешімін таппай келе жатқан жергілікті түйткіл мәселелер жоқ емес. Облыстың көзі қарақты жұртына Шығыс Қазақстанның бас газеті «Дидарда» жылма-жыл көтеріліп келе жатқан көше атаулары жөніндегі сыни көзқарас кеңінен таныс. Сөзім жалаң болмас үшін газетте жарияланған «Колбин көшесі қашан өзгереді?», «Апырмай, мына атау айқайлап тұр», «Біз қандай көшеде тұрамыз?» сын мақаларын айтсам да жетер-ау. Осы ел-жұрт назарындағы сынға алынған көшелердің, атаулардың ілуде біреуі ғана өзгертілді. Ал, «Император» атауын облыс орталығында айқайлатып қою кімнің ойлап тапқаны екендігі әлі күнге белгісіз. Оны басқаша өзгертуге жергілікті атқарушы қалалық билік пен тілдерді дамыту органдары қауқарсыздық танытып келеді. Пұттап кірген осындай сырқатты мысқалдап шығара алмайтынымыз осыдан көрініп тұрған жоқ па?!

Еліміздің аспаны ашық, бағыты айқын. Даму болашағы «Қазақстан – 2050» стратегиялық бағдарламасы негізінде айқындалып отыр. Басқа мемлекеттің бір қаласында патша мүсіні жасалғанын бір газет жазды екен деп емексудің еш жөні жоқ деп білемін. Төрімізді таза ұстайық.

Тияс Түсіпов.
Зайсан, Тарбағатай аудандарының құрметті азаматы,
облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің мүшесі.

Пікірлер:

Мими | 17 қаңтар 2014 17:12
Қайдағы петр?, Қабанбайды қаланың қақ ортасына қою керек
nurdar84 | 17 қаңтар 2014 17:15
Петрді кешке қойып көрсін, таңертең бәрібір құлап жатады.
Батырхан | 17 қаңтар 2014 17:29
Петрдің мүсінінің қажеті шамалы, оданда ана КШТ-да ашылған жаңа мешіттің алдына АБЫЛАЙ ханның ескерткішін неге орнатпаймыз. Үкіметтің қаржысы тасып бара жатса, менің айтқанымды істесін енше
Бөгенбай | 17 қаңтар 2014 17:40
Ей, Қабанбай батырым, сау басына сақина тілемей тыныш отыр. Аттандай бермей, оданда Петр байғұсты орнатқан күні тыныш барып құлата салсай мүсінін
Бүркіт-Айша | 17 қаңтар 2014 17:50
Өскеменнің тілі қазақшаланып келе жатқанын көре алмайтын бейшаралар орнатқалы жатқан шығар Петргүлді, Петр Алтайдың бұрқасын ақ түтек бораны мен аязына шыдамай шытынып кеетсіііііннннн
Райымбек | 17 қаңтар 2014 17:58
Даламыз кең ғой, бір Петрдің ескерткішіне орын бере алмай отсыңдар ма? Батпаққа апарып қоюға болад Петрді))
ВАЗ-14 | 17 қаңтар 2014 18:06
Орнатқалы жатқан ешкім жоқ деп естідім ұзынқұлақтардан, орнатпайды, орнатқызбаңдар қазақтар
тарбагатай | 20 қаңтар 2014 12:30
керек болса ресейыне орнатссын
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар