Иранда 60 жыл бойы жуынбаған адам бар екен

(Дауыстар: 4)
  • 17 қаңтар 2014, 18:57 |
  • Пікірлер: 22
Иранда 60 жыл бойы жуынбаған адам бар екен

Иранның Фарс провинциясындағы Дежга ауылының 80 жастағы тұрғыны, соңғы 60 жыл көлемінде мүлдем жуынбапты. Оның ойынша тазалық адамға ауру әкеледі екен, деп жазады Tengrinews.kz сайты.

Жас кезінде өмірдің ащы-тұщысын көп көріп, тағдыр тәлкегіне ұшыраған Аму Хаджи елден саяқ ғұмыр кешеді. Ол уақытының көп бөлігін өзі қазып алған жер кепеде, немесе маңайындағы адамдар кірпіштен тұрғызып берген шағын лашықта өткізетін көрінеді.

Өлген жан-жануарлар мен құстардың етін отқа қақтап жеп күнелтіп жүрген диуана, таза су ішуді де ұмытқалы қашан. Оның өмірдегі бар қызығы су құбырынан жасалған трубка арқылы будақтатып кептірілген қи тарту.

Иранда 60 жыл бойы жуынбаған адам бар екен

Киімі алба-жұлба Аму Хаджи, қыста тоңбас үшін басына әскери каска киіп жүреді екен. Анда-санда автомобиль айнасына қарап шашын түзетіп қоятын көрінеді. Сақал-мұрты өсіп, шашы ұзарып бара жатса қайшы іздеп әуре болмайды, күйдіріп өрттей салады.

Жергілікті тұрғындар оны ұстап алып бірнеше мәрте жуындырмақшы болған екен. Алайда ол, су атаулыдан ат-тонын ала қашқан. Жартылай жабайы адамға айналып кеткен ирандық, таза тамақ пен таза судан да бас тартыпты.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Қоғам, Әлем

Пікірлер:

Мадияр | 17 қаңтар 2014 19:51
Мадес брат))
асем | 20 қаңтар 2014 05:59
Қалай биттемейді аромат.
Сәмиға | 20 қаңтар 2014 09:59
Мынау жынды ма өзі? Қалай алпыс жыл бойы жуынбауға болады? Аптасына бір рет моншаға түспесек жүре алмаймыз
Дариға | 20 қаңтар 2014 10:01
Ароматы былай тұрсын, қалай өмір сүріп десеңші) неше түрлі адам болад екен ғой))
Замира | 20 қаңтар 2014 10:03
Қыста тоңбас үшін басына әскери каска киіп нең бар, оданда дұрыстап жуынбайсыңба моншаға барып
Ауылньюс.кз | 20 қаңтар 2014 10:05
Өлген жан-жануарлар мен құстардың етін отқа қақтап қалай жеп жүрсің, жиіркнішті ессе, есің барда үйіңді тауып, қайтадан адам қалпыңа орал мақұлық
)) | 20 қаңтар 2014 10:09
Дайын моншаға түспей жүрген сен бір қызық екенсің. Расыменде, сенің есің ауысып кеткен шығар, мынаны тошны емдету керек психиатрға апарып
Айзере | 20 қаңтар 2014 10:12
Сақал-мұрты өртенгенге ұқсап тұрған жоқ. Мынау сақалына қолында тигізіп көрмеген ғой сосын айдалада қайдағы дайын тұрған сіріңке мынаған
Едіге Шугаевадан | 20 қаңтар 2014 10:15
Таза тамақ, таза су ішпей, вапще жуынбай жүрген Дежга ауылының тұрғыны Аму Хаджидің денсаулығы денсаулық екен))
Эльвира | 20 қаңтар 2014 10:17
ФФФФФФФФууууууууууу мынандай жерде қалай өмір сүруге болад түсінбеймін осы қаңғыбастарды
Әйкерім | 20 қаңтар 2014 10:19
Кірпіштен тұрғызып берген лашықтары не болады, неге сразк үй салып бере салмаған, мүмкін сонда мына бейшара адам болып кетер ме еді
Заңғар | 20 қаңтар 2014 10:23
Джунглиде өмір сүруге жарап тұрған азамат)))
Еркебұлан | 31 қаңтар 2014 11:43
Брава Аму Хаджи Тағы бір 60 жаса!
Жайна | 1 ақпан 2014 16:49
Таң қалып тұрмын, расында да осындай адам бар екен ау ия... 1 апта былай тұрсын, 1 күн су болмаса шыдай алмаймын мен.
Акбаршын | 7 ақпан 2014 18:05
Мүмкін ода фобия, ол туралы білмесеңдер сыртынан әңгіме етудің қажеті жоқ))) Не нәрсенің болсын өзіндік себебі бар.
Берік | 19 сәуір 2014 22:02
Ойпырмай, адамға адам ұқсайды деген рас екен. Тура меннің группаласыма ұқсайды екен.
Гауһар | 17 қараша 2014 16:33
Әлемде де қаншама түсініксіз адам бар екен-ау, я. Бұл Иран халқынын азаматы өте ұсқынсыз екен. Не көп су көп емес пе, бұлай судан қашып журген адамды бірінші рет көруім. Сонда бұл адамның отбасы жоқ па?
катя | 19 қараша 2014 16:52
Өте жиіркенішті десеңдерші.
лизка | 4 желтоқсан 2014 00:19
Ужс, түрін қараш бомж ғой.
қанат | 19 шілде 2015 00:22
Бейшараға сабын шақ келмес, ә.
Талша | 24 қараша 2015 01:32
Мұндайда болады екен!
Аряна | 21 наурыз 2016 08:37
Мумкин кудай тагдырына солай жазып берген болар ким билсин
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар