Қаңтардың ортасында Қалғұты өзені тасып, шаруалар қауіпсіз жерлерге көшіп жатыр

(Дауыстар: 1)
  • 20 қаңтар 2014, 11:33 |
  • Пікірлер: 15
Қаңтардың  ортасында  Қалғұты өзені тасып, шаруалар қауіпсіз жерлерге көшіп жатыр

ШҚО, Күршім ауданындағы Қалғұты өзені қыстың ортасында арнасынан асып, бірнеше шаруа қожалығы су құрсауында қалды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өзен Ақши ауылынан екі шақырым қашықтықта арнасынан асып, жағаға жайылып кеткен. Сол маңдағы үш шаруа қожалығы, бірнеше тұрғын үй мен қора-қопсы қыстың ортасында ойламаған жерден тасыған судан зардап шегіп отыр. Аталған қожалықтардың иелігінде 1300 ден астам қой, 425 бас ірі қара бар. Қазір шаруалар малдарын Ақши ауылына айдап апарып, жергілікті тұрғындарының қораларына орналастыруға мәжбүр болып отыр.

- Ауыл әкімдігінің мәлімдеуінше, өзеннің тасуы өткен жылы Ақши ауылын судан сақтандыру мақсатында Қалғұты өзенінің арнасын бұру жұмыстары салдарынан болып отыр,-деп хабарлайды ШҚО ТЖД.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Алмас | 20 қаңтар 2014 12:01
Бұл жағдайдың алдын неге ертерек алмаған? Ылғи да осылай су басып кеткен соң тіріледі екен осылар
ИНДИРА | 20 қаңтар 2014 12:03
Малды қойш, әйтеу адамдары аман ба екен десеңші
Ауылньюс.кз | 20 қаңтар 2014 12:04
Ауылдың әкімдері базар жоқ жақсы жұмыс істейт))
Географ | 20 қаңтар 2014 12:09
Қалғұтты негізі – Зайсан алабындағы өзен ғой. Күршім ауданының жерімен ағады. Ұзындығы 62 км, су жиналатын алабы 652 км². Бастауын Күршім жотасындағы Салқыншоқы тауының етегінен алып, Қарақұдық қыстауына 8 км жетпей жерге сіңіп кетеді. Жоғарғы арнасы шатқалды, орта ағысы сайлы-жыралы, қырқалы-төбелі жерлермен ағады. Қаратоғай ауылынан төменде арнасы кеңейіп, жайылма пайда болады. Ақши аулына дейінгі арнасында жыл бойы су болады. Қар, жауын-шашын суларымен толығатын бұл тентек өзен тез арада қалпына келіп, ел-жұртқа зиянын тигізбесін деп тілейік
Ғалия Семейден | 20 қаңтар 2014 12:13
Аңғары мал жайылымына қолайлы деуші еді. Енді мына жерде айтылып отырған малдан да көп қырылған шығар мал басы, ол жақта ірі қара мен қойды бағып, күнін көріп жатқан жандар көп деп естуші едім, обал-айййййй
Айнаш Риддерден | 20 қаңтар 2014 12:15
Айтпақшы, Қалғұттының жалпы ұзындығы 45 км болатын 15 саласы бар өзен емес пе? Енді қыс мезгілінде осындай үлкен өзендер тасымағанда платиналар тасит дейсіңдер ме
Батырхан | 20 қаңтар 2014 12:17
Ауылды түгелімен шайып кетіп па екен? Әлде, жай топан су ма ауылдың ішіне кіріп кеткен?
Тақыр | 20 қаңтар 2014 12:21
Қалғұттылықтардың жағдайы тым қиын екен. Тезірек, шаруалары қалып келсін, мал-жандары аман болсын! Ешқай ауыл бұндай жағдайға тап болмасын
АнАнДи Қалжырдан | 20 қаңтар 2014 12:24
Өзеннің ағысы қатты сияқты ғой. Дереу бұл өзендерді тасытпайтындай жөндеу жұмыстарын жүргізіп, арнасында ұстаудың амалын табу қажет, былай бәрі таси беретін болса, онда жағдайымыз не болмақ????
Айшуақ | 20 қаңтар 2014 12:26
Қыстың кезінде тасығаны қиын болыпты. Бірақ, ештеңе етпейді, алдын алу шараларын жасамаған өздерінен көрсін
Мен | 20 қаңтар 2014 12:29
өзеннің тасуы өткен жылы Ақши ауылын судан сақтандыру мақсатында Қалғұты өзенінің арнасын бұру жұмыстарының салдарынан болып отыр дейді ғой, меніңше олар өздерін ақтау үшін айтып отырған секілді
Жагдишия | 20 қаңтар 2014 12:31
Мынау сендердің араласатын шаруаларың емес, бұл геоэкологиялық мәселе
Санжар мен Қайсар | 20 қаңтар 2014 12:37
Ақшиліктердің жағдайы бір оңып тұрғандай, онда малдарын апарғандары несі
Балжан | 20 қаңтар 2014 15:05
Төтенше жағдайлар нестеп жатыр екен? мені сол қызықтырады!
арай | 8 ақпан 2014 19:32
Күршімдіктер өте жай жұмыс атқарады. Әкімнің жұмыс атқарып жүргені шамалы.
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар