Бірінші Петрді Өскеменде құрмет тұғырына қондырудың қисыны жоқ

(Дауыстар: 3)
  • 20 қаңтар 2014, 17:50 |
  • Пікірлер: 16
Бірінші Петрді Өскеменде құрмет тұғырына қондырудың қисыны жоқ

Ілкіде Ғабит Мүсірепов бастаған қазақтың ақын-жазушылары Өскеменге келген ғой. қонақасы үстінде сол уақтағы қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы: «Вот, к нам приехали гости из Казахстана» депті. Мінсіз оспадарлық қой!.. Жарайды, ол – өресізді өрге, тексізді төрге сүйреген кеңестік кезең делік. Қазір ше? Шеменін ішке жасырған шерлі жұрт болудан кеттік емес пе? Бүгінде сырбаз Ғабең де, оған еріп келген қаламгерлер де, осы келеңсіздікті жазып қалдырған Қадағаң, Қадыр Мырзалиев те, тіпті, қай пұшпақты илеп отырғанын білмейтін, білсе де білгісі келмейтін хатшы да арамызда жоқ.

Бірақ оспадарлық өлмепті...

Жуырда «Мой город» газеті мен «Yk.kz» сайты жерден жеті қоян тапқандай «сүйіншіледі». Сүйіншісінің парқы мынадай: облыс орталығында жаңа мүсіндер пайда болып, қала «көркін» ашпақ. Олар – бірінші Петр мен тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин ескерткіштері.

«Русская общинаның» Қазақстандағы филиалының төрағасы Олег Масленниковтің аталған басылымдарға жасаған мәлімдемесіне үңілсек, жоғарыдағы екі тұлғаның ескерткішін қою негізсіз емес көрінеді. Бірінші Петрдің жарлығымен Өскемен қаласы салынған, Гагарин қазақ топырағынан ғарышқа аттанған дегенге саяды.

«Масленников мырзаның сөзі бойынша, қазірдің өзінде Андреевский кафедральды соборы жанынан келешек монумент іргетасын құятын орын анықталып қойылды. Тіпті, санкт-петербургтік билік тарапынан қолдауға ие болды. Орыс қауымдастығы филиалының өкілдері өздеріне көмек көрсету туралы ресейліктерге өтініш жасаған. Ресей тарапы сызба жұмыстарына байланысты барлық шығындармен бірге тапсырыстың орындалуын, сондай-ақ, мүсінді қазақстанға жеткізіп беруді өз мойнына алуға келісіп отыр» деп жазады «Мой город» газеті («Оскульптуриваемся В Усть-Каменогорске появятся новые памятники?» №1 (355), 2 қаңтар, 2014 жыл).

Асыға сөйлесе де, асыра сөйлеуге болмайды. Оларға айтар ажырғы сөзіміз төмендегідей:

Біріншіден, Өскемен – Тәуелсіз қазақстанның қаласы, Шығыс Қазақстан облысы әкімшілік құрылымының орталығы. Яғни, қандай ұйым болса да, бұл шаһарды Ресей Федерациясына телудің заңды қисыны, жөні жоқ. Сондықтан орыс қауымдастығы қоғамдық ұйымы қолдауды ресейлік, петербургтік биліктен емес, еліміздің Мәдениет және ақпарат министрлігінен, ономастикалық комиссия өкілдерінен және жергілікті биліктен күткені дұрыс.
Екіншіден, Өскемен – Ресей патшасы бірінші Петр салдырған қала емес, отарлау дәуірінде салдырған әскери бекіністердің бірі. Яғни, қала саламыз деген ізгі мақсат емес, алтынды қаптап сүзіп аламыз деген басқыншылық-отарлау пиғылымен экспедиция шығарған жарлығы үшін бірінші Петрдің бұл шаһарда құрмет тұғырына қонудың еш моральдық қисыны жоқ. Шығыс өңірінде осыдан 280 жыл бұрынғы тарихты былай қойғанда, одан әлдеқайда тереңге кететін мыңжылдықтар ауқымында көне қимақтар, түркілер алапаты асқан мемлекет құрғанын, өз өркениетін қалдырғанын араб, парсы, қытай тарихшыларының дерекнамалық жазбаларынан жиі кездестіруге болады. Әйтпесе, оның іздері археологиялық ескерткіштерде де сайрап жатыр.

Ұлтаралық ынтымақтастықтың ғажап үлгісін көрсетіп отырған қала болса, бұл – Өскемен. Мұнда облысты ұзақ жыл басқарған А.Протозанов, осы округтен КСРО Жоғары кеңесіне сайланған Е.Славский, орыс ақыны А.Пушкин ескерткіштерінің ашылғанын былай қойғанда, бекініс салған Лихаревтің мүсіні, оның атында көше, ертеректегі большевик Я.Ушанов, қызыл көсем С.Киров, ҮМЗ директоры болған Потанин мүсіндері бар. Қазір ғаламтордағы көптеген дерек көздерінде Өскемен қаласының тарихы Лихарев экспедициясының келуінен басталады. Бұл – комформистік сананың жемісі болса керек. Сондықтан, қаланың тарихын үш ғасырлық тар ауқымда, отарлау шеңберінде емес, өңірдің дәйекті тарихымен бірге кешенді түрде қарастырғанымыз жөн. Тіпті, бір жағрафиялық аумақтағы Берел мәдениеті (б.з.б. V-IV ғғ.), Шілікті қорғандары (б.з.б. VII-VI ғғ.) сынды бүгінде кеңінен зерттеле бастаған көне дәуірлер қатпарының аясында қарау керек. Яғни, Өскемен қаласының тарихына қатысты шолақ көзқарасты жою үдесінде нумизматикалық, археологиялық һәм жазба ескерткіштерге сүйене отырып, тың тұжырымдама жасау ғалымдарымыздың еншісінде. Өскемен қаласы әкімдігі осы игі іске мұрындық бола отырып, ескерткіш мәселесіне есті көзқараспен нақты нүкте қойғаны ләзім.

Думан Анаш
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Мұстафа | 20 қаңтар 2014 19:04
Петрді орнатам деп жүрген қай ақымақтар???
Амангелді | 20 қаңтар 2014 19:09
Өскеменнің орыстары әбден құтырған Петрды орнатамыз дегендерә неси?
Марат | 20 қаңтар 2014 19:15
Бірінші Петрді Өскеменде құрмет тұғырына қондырудың канешна еш қисыны жоқ, қиыстырсанда вапще қиыспайт
Аида | 20 қаңтар 2014 19:16
Петрді батпаққа қойсаңдар болад, орны сол жер онын))
Мен | 20 қаңтар 2014 19:30
Петрді қойған күні барып құлатып тастайм
Руслан | 20 қаңтар 2014 20:02
көп сөйлемесін
Абылай хан | 20 қаңтар 2014 22:01
ООООООООО бейшара, саған неме брат ресейден орын табылмай қалған ба не бауырым??? Менің елімнен ары барып жайыл
Мерхат | 20 қаңтар 2014 22:04
Оттай бермесін орыстар
Еркін | 21 қаңтар 2014 11:26
ҚҰЛДЫҚ ПСИХОЛОГИЯ-дан арылу керек
Санат | 21 қаңтар 2014 11:28
Құлдық психологияға бәрін жаппай-ақ қоялық, дұрысы Петрді орнатқалы жүрген сорлы қазақтың санасы жоқ десек қалай болады
Раушан | 21 қаңтар 2014 11:29
Құлдық санадан арыла алмағандар ғана сондай еліктегіш. Жағымпаз, өзінің түп-тарымына немқұрайды қарайды, басқа ұлтты ҚАЗАҚТАН жоғары қояды.
Айдана | 21 қаңтар 2014 11:30
Нағыз ақымақтық бұлары, намыстың жоқтығынан бәрі
Ауылбай | 21 қаңтар 2014 11:31
Құлдық санадан арылтудың қандай жолдары бар? Осындай сорақылықтар орын алмас үшін
Назира | 21 қаңтар 2014 11:33
Ең төте жолы - тіл, діл, дін, тарих, әдет-ғұрып, салт дәстүр сияқты қазақы құндылықтарды ұлықтайтын, кеңінен насихаттайтын ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯ
Қазақ | 21 қаңтар 2014 22:24
Петр тұрмақ жаулаушы Лихаревтің Өскеменнің символы боп тұрғанының өзі масқара.
Қонақ | 26 қаңтар 2014 15:57
Басқаны қайдам, дәл осы жолы орысы көп Өскемендегі қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдары мен қазақтың зиялы қауымы өрекпіген орыстарға нақты дәлелдермен тойтарыс бере алды, былайша айтқанда ауыз бірлігін танытты.Сөйтіп, Петрге ескерткіш қойылмайтын болды. Міне, бізге осы керек! Әманда осындай ауыз бірлікте болсақ, бізді алатын жау болмайды. Ендігі жерде орекелер Ресейге қарап ұлымай кімнің нанын жеп, суын ішіп жүргенін біліп жүретін болады. Қазақтың айтқанына құлағын түріп жүретін болады... Алға, Алаш! Өз жерің мен еліңе иелік ету 21 ғасырда өз қолында болады, егер жұдырықтай жұмыла білсең...
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар