Өскеменде І Петрге ескерткіш қою мәселесі мүлдем қарастырылған емес

(Дауыстар: 2)
  • 21 қаңтар 2014, 12:21 |
  • Пікірлер: 22
Өскеменде І Петрге ескерткіш қою мәселесі мүлдем қарастырылған емес

Бүгін Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық мұрағат және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрболат Ахметжанов журналистермен брифинг өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Басқосуда Өскемен қаласының 300 жылдық мерейтойына орай, қалада І Петрдің ескерткішін орнату жоспары туралы ақпараттың анық-қанығы жөнінде айтылды.

Мәдениет басқармасы өкілінің мәлімдеуінше, мәселені талқылап, ушықтыруға еш негіз жоқ. Санкт-Петербург пен Өскемен басшылығы арасында ескерткіш орнату туралы ресми келісім болған емес.

- Қоғам өкілдерімен кездесуде облыс басшылығы тарапынан қаланың дамуына сүбелі үлес қосқан тұлғалардың есімін тарихи жадыда мәңгілік сақтаудың құптарлық іс екендігі жайлы айтылған болатын. Осылайша, 2013 жылы облыс орталығында белгілі қоғам қайраткері Н. Протозановтың, еңбек сіңірген металлург әрі «Халық қаһарманы» А. Күленовтің кеуде мүсіндері және атақты жазушы, драматург О. Бөкейдің ескерткіштері орнатылды. Ал орыс императоры І Петрге ескерткіш қою мәселесі мүлдем қарастырылған емес,-дейді Нұрболат Ахметжанов.


Дарын Нұрсапаров
Видео: Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Айзада | 21 қаңтар 2014 14:24
Орыстарды басқа шығарғанша, әкиматтың мына шешімдері дұрыс болды
АнАнДи | 21 қаңтар 2014 14:27
Жаудың бетін қайтаруларыңмен))
Ауылньюс.кз | 21 қаңтар 2014 14:34
Қуанышты жаңалық. Қабанбайды орнатқан соң, ренжітпей сразу Бөгенбай мен Наурызбай бабамызда да орната салмадыңдар ма? Аруақтары риза болсын деп.........
Нағима Алматыдан | 21 қаңтар 2014 14:42
Александр Протозановтың ескерткішінің көзін құртыңдар енді шамаларың жетсе шала қазақтар, намыстарың қайда орыстың бәріне мүсін қойып атсыңдар, ұялмайсыңдар тарихтан
Айбар | 21 қаңтар 2014 14:44
Алыпқашпа әңгіме екен ғой. Дұрыс болды. Көрші сайттарда, көрші халық пір тұтқан Петрлерін жоқтап жатыр. Көңіл айтайық)))
Оскеменнен | 21 қаңтар 2014 14:50
Ол дегеніміз тарих ғой. Петрге де Лихоревке де ескерткіш орнатсақ дұрыс болар еді.
Дәулет | 21 қаңтар 2014 14:56
Ештеңкеде шаруам жоқ, бірақ, фотадағы Абай атамыздың мүсіні мошный)) ұнады
Ей Оскеменнен | 21 қаңтар 2014 14:57
Тарихта басың қалсын, Петр мен Лихоревке ескерткіш орнатайық дегенің сатқындық
Аида | 21 қаңтар 2014 14:59
Жеңіс құтты болсын жерлестер, барлықтарыңды шын жүректен құттықтаймын
Аида карындасым | 21 қаңтар 2014 15:27
Әлі жеңіске жеткеміз жоқ. Шайқастың басы ғана сияқты. Енді „олар„ арнайы комиссия қарасын деген мақсатта Петрге ескерткіш орнатайық деп ұсыныс жасауы мүмкін. Осының алдын алайық.
Ернат | 22 қаңтар 2014 10:15
Әй, осы ескерткіш орнатқаннан басқа істейтін істерің жоқ па? қыруар қаржыны баяғыда сүйегі қураған адамға Шығын қылудың не керегі бар? Шәкәрімге қойыңдар қойғыш босаңдар
Лаурик Цемпостан | 22 қаңтар 2014 10:17
Оскеменнін орыстары "оттапты"! Петр-І патшага ескерткіш орнатпак ниеттерін Ресейге жолдапты дит сол каншалыкты шын? Шыгыс Казакстаннын билігіне колдау корсетейік! Ескерткіштін орнатылуына жол бермейік! Жетпегені сол еді бізге!
Дамира Риддерден | 22 қаңтар 2014 10:19
Петр \ отарлаушы оңбаған. Қазақ жеріндегі орыстардың отарлаушыларды аңсауы-Қазақстандық ұғымға,Мәңгі Ел -ұлттық рухымызға қарсы әрекет.
Аида | 22 қаңтар 2014 10:21
Астанаға жазса, бұл жақта мақұлбайлар көп қой! Құл-Мұхаммедтің ұлтжандылығы жеңіп кетсін деп тілеңдер мұндайларды
Дастаниус | 22 қаңтар 2014 10:22
Кеше естідік қой орнатылмайтынын, қайдаағы жоқты айтпай тыныш отырыңдар
Қуаныш | 22 қаңтар 2014 10:23
Жергілікті билік солай дегенімен, маселені Астана шешеді
Зарина | 22 қаңтар 2014 10:24
Бул не деген озімбілермендік, а! Жергілікті биліктен аттап кетіп, Ресейге хат жолдайды! Барып тұрған опасыздық!!!
Асылзат | 22 қаңтар 2014 10:25
Олардын жергиликти биликтин шешиминсиз оз бетимен баска елден комек сураганы ушин зан тургыдан мумкин болса ондайларды жазаалау кеерееееккккккк бар ессе
Мағжан | 22 қаңтар 2014 10:26
Петр І ҚАЗАҚқа кім, қандай еңбек сіңірген біздің тарихымызда қалатын. Оданда ҚАЗАҚ деп өліп кеткен Дулат, Мағжан, Қайрат, Әлия секілді аға-апаларымыздың ескерткішін орнатпаймызба? Оян ҚАЗАҚ!
Казах | 22 қаңтар 2014 10:27
Бұл ниеттің артында кім тұр екен
Әйкерім | 22 қаңтар 2014 10:30
Жат жерде бір айелге абайсызда саусагынын ушы тиіп кеткені ушін, бір казак сотталып кете жаздады! Ресейліктердін оздері шеттен келген коконіс, жеміс сатушыларга не корсетпей жатыр! Журттар торін калай сыйлатады, ия! Тыныштык боп турганда тыныш жатпай ма?!!
Жетішатыр | 24 қаңтар 2014 14:02
Жарайсың, Дарын! Петр Ұлы болса да орыстарға, Хақы жоқ төрімізге қоныстауға, Мың жерден шуласа да қойдырмаймыз, Кеудеде найзағайдай намыс барда, Және де тиіспесін Қабанбайға, Қазақ үшін қан мен тер төгісті ол да, Шамданса әруағы Дарабоздың, Орысқа әзір о дүниеге жол ұшқанға, Тәубе деп тыныш жесін пеш түбінде, Тартып ап саласымен борщты алға!
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар