Белсенділер Ресей Президентіне Хан Кененің басын қайтару жөнінде хат дайындап жатыр

(Дауыстар: 1)
  • 21 қаңтар 2014, 14:28 |
  • Пікірлер: 16
Белсенділер Ресей Президентіне Хан Кененің басын қайтару жөнінде хат дайындап жатыр

«Хан кенені қайтарайық!» қозғалысының белсенділері, Ресей Президенті Владимир Путиннің атына Кенесары ханның басын елге қайтару өтініші бойынша петиция дайындап жатыр, деп жазады "Экспресс-К".

Өтініш құжатына қазір 350 ден астам қазақстандық қол қойған. Олардың қатарында еліміздегі белгілі ғалымдар мен тарихшылар жалпы қоғам тынысына бей-жай қарай алмайтын азаматтар бар. Белсенділердің мақсаты миллионнан кем емес қол жинау.
Хан Кененің басын қайтару мақсатындағы жұмыстар енді ғана қолға алынып жатқан жоқ. Тіпті кеңес заманында да бұл мәселемен Өзбекәлі Жәнібеков, Бауыржан Момышұлы сияқты танымал тұлғалар айналысқан. Өткен жылы мәжіліс депутаттары да осы сұрақ төңірегінде біраз әңгіме қозғаған болатын.

Бірақ аталған талпыныстар еш нәтиже берген емес. Хан кененнің басы Ресей мұражайларының бірінде патшалардың күлсалғышы болып әлі күнге дейін сақталып тұр. Бас сүйек 1987 жылға дейін Эрмитажда тұрып, кейін Ресей құнды металдар мен құнды бұйымдар мемлекеттің қорына ауыстырылған.

«Хан кенені қайтарайық!» қозғалысының белсенділері ханның басы сол жерде әлі күнге дейін сақталып тұрғанына сенімді. Бірақ солтүстіктегі көршіміз атамыздың басын айтаруға асығар емес.

- Біз миллионнан астам қол жинамасақ жабулы қазан жабулы күйінде қала бермек. Бұл – біздің қасиетті борышымыз. Аталарымыздың «аруақ разы болмай – тірі байымайды» деген қанатты сөзі бар,-дейді қозғалыстың үйлестірушісі Нұрлан Әміреқұлов.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Алмас | 21 қаңтар 2014 15:20
Кенесарының басын алдырамыз дегелі қай заман? Бос сөз жай әшейін қолдарынан түкте келмейді былжырап оттай бергеннен басқа
Мейрам Семейден | 21 қаңтар 2014 15:30
Хан Кененің басын қайтарғанша өліп қаламын-ау, өстіп өтірікті желдей қылып айтыватқандарына көп болды, өкіметке сенуден қалдық
УКА | 21 қаңтар 2014 15:32
Ресей сендерге "Қазақтар мәәәәәә ала ғойыңдар" деп оп-оңай бере салад дейсіңдер ма
Нұрасыл | 21 қаңтар 2014 15:37
Кенесарынының шіріген басы не керек? Әкеліп, босқа қаражат шығындармаңдар, қаңқасы ғана қапты
Медет | 21 қаңтар 2014 15:42
Хан Кененің өз ұрпақтары бар ма? Солар аталарының басын әкелуге неге қатыспайды, Хан Кененің ұрпақтары бастарын да көрсеткен жоқ ббұл мәселе көтеріліп жатқанда
Эврика | 21 қаңтар 2014 15:55
350 емес, миллион қазақ қол қоюға болад? 350 қазақтың қол не шешеді
Берел | 21 қаңтар 2014 16:22
Жел соқпасы шөптiң басы қимылдамайтынын» бiлесiңдер. Бос сөз болса, айтпайды ғой ел-жұртқа
Мадина Күршімнен | 21 қаңтар 2014 16:24
Ойландыратын-ақ мәселе
Дархан | 21 қаңтар 2014 16:25
Күлмеңiздер! Өмiрде бәрi болады. Көрiп те жүрмiз. Сонан кейiн айтамыз да... Сондықтан ондай құнды дүние-мүлiктердi мемлекеттiк тiзiмге алып, мұражайларда сақтаған дұрыс, әкелу керек Кене Ханның басын
Экспонат | 21 қаңтар 2014 16:27
Кенесарының басын қайтару керек елге. Мемлекеттiк тұрғыдан қамқорлық жасап, аса қырағылықпен қорғап, көздiң қарашығындай сақталуымыз қажет
Светқали | 21 қаңтар 2014 16:31
Ескірген тарихты не үшiн зертеп жатырсыңдар? Не үшiн том-том еңбектер жазасыңдар? Оны кім оқып, кім ұғып ватыр?
Өскеменнің ұланы | 21 қаңтар 2014 16:33
Бұндай ұлттық құндылықтарды iздестiрiп-табу өз алдына, олардың тiстегеннiң аузында, ұстағанның қолында кетпеуiне әркiміміз жауаптымыз Отандастар
Айдын | 21 қаңтар 2014 17:11
Хан Кененің басы қайта тошны
Ақнұр КШТ-дан | 21 қаңтар 2014 17:14
Мәртебелі Мәжіліс мінберінде Кенесары ханның басы туралы әңгіме бірінші рет көтеріліп отырған әңгіме мес мынау. Мұны дәл осы төңіректе әңгіме айтушылар жақсы білер. Бұл жолы да сөз қозғалды. Енді қозғалған мәселенің қалай аяқталарын Құдай біледі. Біз әдеттегіше «Қайырын берсіннен» аспаймыз. Мемлекеттік тілге қатысты дүниеге де айтарым – осы
Шалқар | 21 қаңтар 2014 17:52
УҰйғыр, тек интернет беттерінде қазақ деп көрсетілген, бірақ аты да, заты да қазаққа бапще ұқсамайды, 100 пайыз ұйғыр!!!!!!!!!!!!!
Ерлан | 3 ақпан 2014 18:36
Әй - Нұрасыл, сен Кенесарының басы түгілі тырнағынан садақа кет! Әттең осы сөзіңді алдыңда тұрып естігенде құлағыңды кесіп құнтитып, мұрныңды кесіп шұнтитар едім, намысы жоқ ит.
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар