Семей мен Өскеменнің 40-тан астам пәтерін тонаған ұрылар қолға түсті

(Дауыстар: 1)
  • 22 қаңтар 2014, 10:35 |
  • Пікірлер: 18
Семей мен Өскеменнің 40-тан астам  пәтерін тонаған ұрылар қолға түсті

Өскеменде полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында пәтер ұрлықтарымен айналысқан 2 қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Топ құрамына 23-29 жас аралықтағы Шығыс Қазақстан облысының 4 тұрғыны кірген, барлығы бұрын сотты болған. Олар Өскемен қаласы тұрғындарының пәтерлеріне есіктердің құлыптарын бұзып ашу арқылы кірген. Қылмыскерлер қолды қылған негізгі бұйымдар – алтын әшекейлер, ақша, қымбат тондар мен ноутбуктер.

Полицейлер ұрыларды уақытша тұрып жатқан пәтерлерінен ұстады. Тексеріс барысында ұрланған заттар мен, пәтерлерді бұзып ашу үшін қолданылған аспаптар тәркіленді.

Олар Өскеменде 2013 жылдың қараша, желтоқсан айларынан бері пәтер тонаумен айналысып келген. Қазір, ұрланған заттардың бір бөлігі иелеріне қайтарылды.

Күдіктілердің төртеуі де сот қаулысы бойынша қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.

Екінші қылымстық топ 3 адамнан тұрған. Олар да 23-28 жас аралығындағы бұрын сотталған ШҚО тұрғындары. Қазіргі уақытта олардың кем дегенде 9 ұрлық фактілеріне қатыстылығы әшкерленген. Полицейлер аталған екі қылмыстық топтың Өскемен және Семей қаларындағы пәтерлер мен тұрғын үйлерден жасалған 42 ұрлық фактісіне қатыстылығын анықтаған.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Аида | 22 қаңтар 2014 10:52
Шығыс Қазақстан облысында орын алып жатқан оқыс оқиғалар арасында қылмыстың пәтер тонаушылық түрінің жиілеп кеткені белгілі. 2011 жыл басынан бері бүгінге дейін 1825 оқиға тіркелген. Бұл сұмдық, полиция қай да қарап отыр, айға ма???
Хихи | 22 қаңтар 2014 10:54
Уа-ха-ха өздері кінәлі, кіреберіске қойылған жалғыз темір есік, дүние-мүліктің сақталуына кепіл болат деп кім айтты а!
Жагдишия | 22 қаңтар 2014 10:56
Пәтерлердің түгеліне дерлігінде дабыл қаққыш қоңыраулары мен терезелеріне арнайы темір торлар орнату керек. Сонда мұндай жағдайлар орын алдын аламыз
Фариза Глинкидан | 22 қаңтар 2014 11:00
Менің үйімнің маңында сымдар түгел кесілген. Көршілердің де жағдайы осы. Содан кейін балам оларға енді сіздер ұрлайтындай үйде ештеме қалған жоқ,бізді тонадыңыздар деп хат қалдырған, соған қарамастан тағы тонап кетті, бұл жолы компьютерді алып кетті. Полиция қылмыстық іс қозғалыпп жатыр, бірақ әлі нәтиже жоқ. Полицейлер тез қимылдап үйренсе жақсы болар еді
Назко Қ. | 22 қаңтар 2014 11:02
Пәтер тонаушылардан әбден мезі болдым, шаршадым. Ақша және тұрмыстық техникалар мен ұялы телефондарды, зергерлік заттарды алып кете береді, шағым жазайын десем оның да шаруасы жеткілікті екен
Баке | 22 қаңтар 2014 11:06
Азаматтарға кіреберістерге металл есік пен бейне бақылау орнатып, домофон арқылы бейтаныс адамға есік ашпауды, ақша мен бағалы заттарды банктік мекемелерде сақтауды, күзет фирмаларымен күзеттік дабыл қаққыштарды орнатуға келісім шарт жасасуды, сапарға кеткен жағдайда көршілерін хабардар етіп кетсе ондай ештеңе болмайт деп ойлаймын. Босқа, маңырай бермеңдерш айналайындар-ауу
Балнұр | 22 қаңтар 2014 11:09
Терезесіне тас лақтырады, егер ар жақтан адам көрінбесе онда үйінде ешкім жоқ деген сөз. Бұл қылмыстық топтар шебер дайындалған. Арнайы құралдары бар бұзатын дейді, сақ болыңыздар тәк што
Жарқын | 22 қаңтар 2014 11:10
Кімде-кім қандай да бір ұрлық немесе басқа да қылмысқа байланысты ақпарат білсе, 8-7232-234-292, 8-7232-234-343 телефондары арқылы хабарласындар. Біз осындамыз))
Мұхтар | 22 қаңтар 2014 11:35
Сұғанақ қолдар үтік, самауырын, тоңазытқыш секілді жарамды тұрмыстық техникалардың бауын қырқып әкеткен шығар а
Әсира | 22 қаңтар 2014 11:37
Гуманизациямен бостандыққа шығып жатқандар адамдардың жұмысы жоқ. Күн көріс үшін үлкен қалаларға келіп қылмыс жасап жатыр.7–8 рет бір баппен ұсталып жүрген рецидивистер ұрлап жүрген шығар, бейшаралар қанша рет түрмеге отырып шықсада қоймайтын болды
Зеретай | 22 қаңтар 2014 11:39
Сыртта қалғаны тайраңдап жүр. Сондықтан тонамауды сұрап, өтініш хат қалдырғанша, сұғанақтардан сақтану жолдарын қарастырыңдар ақымақтар
Хюрем | 22 қаңтар 2014 11:43
Пәтер ұрлығын кәсіп еткен азаматтарда нелерің бар? Оларда өздерінше бір қызмет жасап, отбасыларын асырып жүр, оданда ауыр қылмыс істегендерді ұстамайсыңдар ма ұстағыш босаңдар
Дархан | 22 қаңтар 2014 11:46
Не болди соншама бір-еккі заттарын тоналғанға жылап? Құдай сендерге басқа күштісін беред за то оының орнына))
Шолпан | 22 қаңтар 2014 11:49
ФФуууууу, жиіркенішті осылай байғұс полицейлар 2-3 қарақшылық ттопты ұстап алса болды соны елдің бәріне айтып мақтана беред екен лучше үндемей-ақ ары қарай тыныш қана жұмыстарын орындай бермей ма. осыны елге айтып кетірген уақыттарын қылмыскерлермен ұрлықшыларды ұстауға жұмсасын
Абылай | 22 қаңтар 2014 11:52
Қытайдағы сияқты саусақтарын шауып тастау керек оңбаағандар ұрлықшылардың
Оқымысты | 22 қаңтар 2014 14:05
Түйе ұрлаған да - ұры, түйме ұрлаған да - ұры
Дудар-ай | 22 қаңтар 2014 14:10
Халқымыздағы қалыптасқан қағидаға сай қылымыс жасау – тәрбиесіздіктің белгісі. Ұлтымыз үшін ұрлық істеу тіпті ұят нәрсе. Сол себепті де қазақ халқы «Ұрлық түбі –қорлық» деп, өсіп келе жатқан жастарды жаман әдеттен жиреніп, жақсы істерге қарай ұмтылуға үндеген. Ойнап жүріп от басқандар түптің –түбінде жазасын алады. Аяғын шалыс басқан жандардың тағдыры әрине аянышты.
УКА | 22 қаңтар 2014 14:15
¥ры қосыларда бірінің аузын бірі жалайды,
Ал айырыларда - ит болып таласады
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар