Отырып қалған қыздар саны Қазақстанда 350 мыңға жетіпті

(Дауыстар: 1)
  • 22 қаңтар 2014, 11:35 |
  • Пікірлер: 34
Отырып қалған қыздар саны Қазақстанда 350 мыңға жетіпті

Бүгінде оң жақта отырып қалған қыздардың саны елімізде 350 мыңға жетіп қалыпты. Яғни жыл сайын отбасын уақтылы құра қоймаған қыздар қатары көбейіп барады деген сөз. Кей депутаттар, тіпті бұл мәселенің шешуші жолы - көп әйел алуда десе, енді бірі жалғызбасты әйелдерді пәтер беріп жарылқайық деген ұсыныс та тастады.

Көн етіктіні көзге ілмей, көк етіктіні күткендер көп қазіргі заманда. Тұрмысы түзу, ақылына көркі сай, жақсы атаулы қасиеттердің барлығын бойына сіңірген ер жігітті кездестіріп, сонымен бірге шаңырақ қосуды армандайды көбі. Бұл турасында 31 арна тілшісі бірқатар сауалнама жүргізген екен.

ИНДИРА РАСЫЛХАН, әнші:
- Әйел азаматына аманат ретінде қарайтын, бұл әйел маған Алладан келген аманат, деп қарайтын еркектер ұнайды. Ол сол әйелді қайтсем осы менің жарым және балаларымның анасы деп алақанына салып жүретін ер азаматтар ұнайды.

Статистиканы сөйлетсек, елімізде дәл осылай қосағын күтіп отырған қыздардың саны 350 мыңға жуықтап қалыпты. Себебін қалыңдық атануға дайындалып, той көйлегін әзірлеп жүрген Мәдина Сәдуақасова былай түсіндіреді.

МӘДИНА СӘДУАҚАСОВА, әнші:
- Уақыты келмей, жапырақ та сарғаймайды. Сол сияқты әр адамның өзінің уақыты болады, тұрмыс құруға, үйленуге де, бақытты болуға да, балалы болуға да.

Ал өнерде де, өмірде де жұптары жазылмай келе жатқан жұбайлар Рамазан мен Ұлту Стамғазиевтер қыз бала саналы түрде оқуы тиіс. Себебі бүгінгі күні әйел затының қоғамдағы рөлі артты, деп отыр. Алайда қызмет құрығына түсіп, бір белестен екіншісіне өтіп жүрген нәзік жандырларымыз уақыттың шексіз емес екендігін ескергендері жөн, деседі.

РАМАЗАН СТАМҒАЗИЕВ, дәстүрлі әнші:
- Кез келген жерге қарасаңыз, бұрынғыға қарағанда қазір қыздардың, әпкелеріміздің, әйел адамдарының араласып, кәдімгідей, ер азаматтармен тең отырып, қоғамдық өмірге араласып жатқандығын байқаймыз. Сондықтан кейде қыздардың отырып қалуының себебі, бір қыры да осыда.

Өз бабын өзі жасап жүрген Тамара Асар "Жаман аттан жайдағым, жаман байдан бойдағым" деген халық даналығын алға тартады. Көзді жұмып, көрінгенге тұрмысқа шығу мақсатым емес. Болашақ жарымның моральдік және материалдық жағдайы жақсы болғанын қалаймын. Десе де дәмім бұйырып, жақсы адамға жолығып жатсам, бас тартпаймын, дейді ол.

ТАМАРА АСАР, әнші:
- Міндетті түрде оның моральдік жағдайы мен материалдық жағдайына қараймын. Мен моральдік жағдайына қарайтын себебім - мен оны баламмен қосылып тәрбиелемеуім керек. Материалдық жағдайына қарайтын себебім - мен оны баламмен қосып асырамауым керек.

Ал 5 баланың анасы Алтынай Жорабаева болашақ жарына талап қоюдан жалықпайтын бойжеткендеріміз өздерінің күйеуіне берері қанша екендігін ұмытпағандары жөн, дейді.

АЛТЫНАЙ ЖОРАБАЕВА, әнші:
- Душқа кірген кезде артынан сүлгісі мен іш киімін апарып беріп қоямын. Киімдерін өзім дайындап, шығып бара жатқан жерде әтірін сеуіп, аяқ киімін тазалап,бүйтіп шығарып саламын.

Әр нәрсе өз орнымен әрине. Десе де, құйрық-бауыр жеп, құдандалы болған ата-ана мен жат жерге қылығымен сіңісіп, әулет үзігін жалғаған қыздың бейнесі жоғалмаса абзал. Себебі, оң босағада отырған қыздар қартайса, халық саны ортаятыны рас.

Пікірлер:

Хихи | 22 қаңтар 2014 11:51
Ойбббуууууууууууййййййййййй, обал болған екен қыздар сендерге
Жагдишия | 22 қаңтар 2014 11:59
Уа-ха-ха))))))) міінездері жаман болған соң ешкім алмаған ғой
Мақпал | 22 қаңтар 2014 12:07
Қазір көп қыздар оқуын бітіріп, жұмыс істеп, сол уақытқа дейін асыпап баққан ата - анасына көмектесіп барып кеткісі келеді. Өйткені, барған жерінде үйде отырғысы келмейді. Қазіргі жағдайда бір адамның жалақысымен отбасын асырау қиын. Ал, енді осыны есептеп корсек 6-7 жаста мектепке барады, бітірген кезде 17-18 жаста болады. Униветситет 4 жыл, оған қоса магистратура бар 2 жыл (қазір магистратурасыз димлом аяқталмаған болып есептеледі). Бұларды қосқанда 23-24 жаста болады.
Күнсұлу | 22 қаңтар 2014 12:10
Хехе оның себебіН айтпаса да түсінікті! Қазір бірінші материалдық жағдай жасап алып барып тұрмыс құру кереек-заман талабы...... және бір ғана мен солай ойламаймын...бәрі солай ойлайт
Айдын | 22 қаңтар 2014 12:12
Мынаншама кәрі қыздың бәрі қайдан шығап ватыр)))
nurdar84 | 22 қаңтар 2014 12:12
Мақпал, сенің ойыңша қыздар неше жастан бастап "отырып қалған" болып есептеледі?
Ауылньюс.кз | 22 қаңтар 2014 12:15
Біздің еліміздегі жоғары білім алып шыққан қыздардың үлесі – 55% екен. Бәлкім, бұл бір жағынан алып қарағанда қуанатын, мақтанатын жағдай шығар, бірақ екінші жағынан алаңдатаралық мәселе. Біздің қазақ қызық осы! Отбасындағы ұл баланы екінші кезекке ысырып, дене мүшесін сатса да қызын оқытады. "Қызым тұрмысқа шыққанда жерге қарамай, қолына көсеу ұстамай дипломмен барсын"(талай рет естігенмін) деген алданыш шығар, бәлкім. Ата-ананы айыптайтын менде қандай құқық бар дейсіз? "Әке-шеше болу да – сынақ қатал" деп жатады.
Еділ | 22 қаңтар 2014 12:18
Қыз баланың білім-ғылымның соңына түсіп, билік қуып, саясат күзетіп кеткеніне өз басым қарсымын. Оның арты жақсылыққа апарды деп естімедім де. Бір досымның айтқаны "кеңесі" есіме түсіп отыр: "Қыз универдың бір дипломын алды ма, жетеді сол" деп еді. Қысқасы, сол ғой айтқым келгені))түсінген боларсыздар
Диас | 22 қаңтар 2014 12:20
Үлкен қыздар нәскиіне дейін қарап таңдайсың деп жатады ғой))))))))) Сол жүреді, таңдап, талғап, өздерінің теңі болатын жігіттер отбасын құрып қойған, айналасында жүргенін ұнатпайды. Нәтижесінде, жылдар өтіп, қыздың жасы келіп, "кәрі қыз" атанып қаалат сосын
Мақпал | 22 қаңтар 2014 12:22
Қыздар меніңше 28 ден кейін кәрі қыз атанады, сеніңше қалай oskemen?
nurdar84 | 22 қаңтар 2014 12:24
23-25 жас деп ойлаймын
Аида | 22 қаңтар 2014 12:25
Оның бәрін қойыңдарш, сомен қыз қалаға оқуға кетті, ауылда ұл бала қалды. Күндіз қара жұмыс, малдың соңы, кешке көшеге шығады. Өз күшімен оқуға түсе алмады. Кезінде ата-ана "оқы, оқы" деп басына құйып, соған жағдайды жасап бермесе ол қайда барады. Осыны түсінген ата-ана да оны үйден қуа алмайды. Әйтеуір, сол үйде қалып қояды. Сөйтіп, жылдар өтеді. Өзімен қатар, өзінен 1-2 жас кіші қыздар қалалы жерде оқып, көпті көріп, көпті біліп дегендей дипломмен ауылға келе бастайды. Ата-ана кешке дин ана бейшара ұлдың басына "әлгі пәленшенің қызы оқу бітіріп келіпті, соны үйге келін қылып әкеле сал" деп)))))
Салтанат Семейден | 22 қаңтар 2014 12:26
Жігіттер, ренжімеңдерші! Бұны айту арқылы ешкімді кемсіткім келіп отырған жоқ. Қыздарды да сіздерден ақылды болып кетті дегімде келмейді. Елдің тұтқасын ұстауға сіздер ғана лайықтысыздар. "Ер баланы қалай тәрбиелейміз және қалай оқытамыз?" деген мәселені көтергім келіп отыр. Рухани жарымжан жігіттеріміз ортамызда азайса екен деймін. Олар лайықты бола білсе, кез келген қыз баласы басын иіп тұрады. Кім өзінің бакалавриат, магистратура, доктарантура бітірген қызының өзін асырай алмай жүрген, кәсіпсіз, өнерсіз үйде жатқан жігітке кім қызын аманат еткісі келеді дейсіз?
Парасат | 22 қаңтар 2014 12:27
Қыздардың тұрмысқа шықпай қалғанына жігіттер винават
Парасат | 22 қаңтар 2014 12:28
десең ия)) қалжың ғо екеуі де кінәлі
Айзере | 22 қаңтар 2014 12:29
Сөздеріңнің жаны бар. Бірақ қыз білімді болмаса да, ақылды болуы керек деп ойлаймын. Ал ақыл көрегенділікпен, өмірлік тәжірибемен келеді. Қалай болғанда да, білімге ұмтылғаны дұрыс.
Эврика | 22 қаңтар 2014 12:30
Дұрыс ойлар, ата-ана жағынан салғырттық, жігіттер жағынан ұмтылыстың жоқтығы, қыздардың көзінің оянуы. Дұрыс пайым ессееееее!!!
Мақсаи | 22 қаңтар 2014 12:34
Білесіз бе зэВРИКА негизинде орынды жазылған екен....... алайда балдар ЖОО-ны оқымаса болды ол түк билмейди болып шықпайды...... Бастысы баланын омірге деген көзқарасында..омірмен күресе алуында....қарсы тұруында..... ал сол қиналған уақытында еш болмағанда сөз жәрдемін бере алатын жарын табылса болғаны
Инабат | 22 қаңтар 2014 12:35
Көп қазақтың жігіттері именно оқымағам деп ары қарай ұмтылмайды ғой сол ауылда жата берет кешке дин
Жұлдыз | 22 қаңтар 2014 12:36
Ия, стройка, охрана, водитель болып жүре береді)
Әйкерім | 22 қаңтар 2014 12:38
Ата-анамның да айтып отыратыны өзін секілді оқыған болсын, еңбекқор болсын деп құлағымызға құйып келеді. Шыны керек, бәрімізде өмірлік серігіміздің білімді болғанын қалаймыз. Қалтаға дипломды салып алып, ауылда жатқан жігіттеріміздің ісіне ішім күйеді...
Дархан | 22 қаңтар 2014 12:40
Гендерік саясатқа шектеу қойылса әсерін тигізер деп ойлаймын. Мысалы ер адам болсын әйел адам болсын от басылы болмаса айлығы төмен және қызметінде өспейтін болса жан таласып таңдап жүріп алмай 50ге дейін оданда 30ға дейін үйленіп ,тұрмыс құрып алуы мүмкін.
Әсел Юностьтан | 22 қаңтар 2014 12:41
Мұншалықты оңай дей алмаймын. Басты мәселе қыздың "дамып", жігіттің "қалып" кеткенінде емес ау. Сан алуан адамдар, сан түрлі тағдырлар. Тең теңімен, тезек қабымен дегенді де ұмытпау керек ау. Көкжиегі кең, көкірегі ояу қыз қараңғы жігіттің ізінен ермесі анық, бірақ оқыған тоқыған жігіт оқымаған қызға үйленуі әбден мүмкін....
Мағжан | 22 қаңтар 2014 12:44
Қызы көп үйге күйеубала болған да жақсы))))
Алмас | 22 қаңтар 2014 12:46
Мен де кәрі жігітке айналып бара жатырган сияктымын [Мәзбін]
Дархан | 22 қаңтар 2014 12:46
[Жымидым] сізге не жоқ кәрі жігіт болып? [Ыржидым]
Асан | 22 қаңтар 2014 12:48
Орынды ойлар...шынында, ата-ананың "қыз - қонаққа" бүйрегі бұрылып тұрады, ұлдарын аса қатты ұната бермейді))
Айнагуля | 22 қаңтар 2014 12:49
Бұнда мемлекеттің кінәсі бар, қалғандары кінәлі емес
Айару | 22 қаңтар 2014 13:11
Жігіттің сұлтаны кезікпей жүрген шығар 350 мың аруға!)
Назерке Жарсудан | 22 қаңтар 2014 13:26
Жұмыста бір ағайымыз:«саған қарамай жүрген жігіттің көзі жоқпа иии, интернетке шыға бер, қазір елдер интернет арқылы таныса береді екен ғой, сен ауылда тұрамын дегенге қарамай жүрген шығар, сен Ауыл сити деп қой»,- деп қыран-топан күлдіргені бар.)))
Аида | 22 қаңтар 2014 13:38
Бiз, қыздар қауымы, тұрмысқа шығу үшiн белгiлi бiр қатып қалған қағидалар мен ырымдарға сенетiн сияқтымыз.Түсiнiктi болу үшiн бiз сiздерге қыздар тұрмысқа шығу үшiн не нәрселердi күтетiндiгiн санап, саралап берейiк. Ендеше, кеттiк, бастаймыз
1. ҮШ РЕТ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫНДА ҚАЛЫҢДЫҚТЫҢ ҚЫЗ ЖОЛДАСЫ БОЛУ
2. ҚАЛЫҢДЫҚ ГҮЛIН ТОСЫП АЛУ
3. ТУЫСТАР МЕН ТАНЫСТАРДАН «ЖЕҢГЕТАЙЛЫҚ» КҮТУ
Жанар | 22 қаңтар 2014 13:41
“Дипломымды алып алайын, сосын...”, “Жұмысқа тұрып алайын, сосын...”, “Өз жағдайымды жақсылап жасап алайын, сосын..”, “Үйдегiлердiң жағдайын жасап берейiн, сосын...”, “Өзiме үй алып алайын, сосын...”. Ойлаңызшы, уақыт өтiп кеткен жоқ па? Артыңызға бiр қарап қойыңызшы. Сiз жағдайдың қамымен көп жүрiп қойған жоқсыз ба? Алғашқылары түсiнiктi. Ал соңғылары тiптi шектен шығып кеттi деп ойламайсыз ба, қалай? Тұрмысқа шығу үшiн осыншама нәрсенi күту деген болашағыңызға қиянат деп бiлмейсiз бе? Ой салу – бiзден. Бiрақ сiздiң болашағыңызбен санасу – бiздiң жұмыс емес.
Кәусәр Семейден | 22 қаңтар 2014 13:56
Сыздықованың не айтқанын білесіңдерме? Білмесеңдер: " Иә-иә, ол екі күйеу керек деген" Ол кісінің басында не ойы бар екенін кім білсін?
тони | 22 сәуір 2014 16:15
Менің ойымша отырып қалған қыздарға және ұлдарға салық салу керек. Олай етпесек олар үйленбей жүре береді. Оларды ослай асықтыру керек, менімше, 30-ға жеткізбей. 27 жастан салық төлету керек жасна қарай.
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар