Шахаризат: «5 миллионды әлі алған жоқпын»

(Дауыстар: 2)
  • 22 қаңтар 2014, 15:09 |
  • Пікірлер: 30
Шахаризат: «5 миллионды әлі алған жоқпын»Біраз жұртты көгілдір экранның алдына қаңтарған «Қазақстан дауысының» аяқталғанына да бірнеше күн. Жеңімпаз бас бәйгеге тігілген 5 миллион теңгені алды ма? Шетелдік дыбыс жазу компаниясымен арадағы келісімшарт жасалды ма? Осыны жоба жеңімпазы Шахаризат Сейдахметовтың өз аузынан естиік.

– Бәйгеге тігілген қаражат қалтаңа түсті ме?

– Жоқ, түскен жоқ әлі. Ол үшін банктен жеке есепшот ашу керек, сосын жібереді. Шынымды айтсам, оған бас қатырып жүрген мен жоқ. Алдымен өзімді қолдаған, дауыс берген тыңдарманға, дос-жарандарға алғысымды айтып алайын. Ақша содан кейін бола жатар.
Мен қазір Ақтөбеге жол жүріп бара жатырмын. Досым үйленіп жатыр еді, соны құттықтап қайтпақпын.

– Дыбыс жазу компаниясымен келісімшарт жасасу жағы қалай болып жатыр?

– Шынымды айтсам, ол жағынан хабарым жоқ. Жоба бітті, біз кеттік. Содан кейін ұйымдастырушылардан ешкім хабарласпады. Қандай компания, қашан жұмыс істеуді бастаймыз? Ол туралы ештеңе білмеймін.

– Өткен жолы хабарласқанымызда тәлімгерің Нұрлан Албанмен кездескелі жатқаныңды айтып едің, ол продюсер болуға ұсыныс жасаған жоқ па?

– Нұрлан Албан маған ондай ұсыныс жасамады. Дегенмен, оған бола өкініп отырғаным жоқ. Алматыда этно-рок тобын құрып жатқан жігіттер топқа қосылуды ұсынды. Бұйыртса, сол жігіттермен бірлесіп жұмыс істеуім мүмкін.

– «Қазақстан дауысында» өңкей жастар біраз уақыт бірге болдыңдар. Бір-біріңе бауыр басып қалған шығарсың.

– Әрине, бір-бірімізді қимай қоштастық. Жалпы, мен адамдарды талантынан бұрын, адамгершілігіне қарап бағалаймын. «Қазақстан дауысында» сондай адамгершілігі мол, мәрт мінезді достар таптым. Бізге осындай мүмкіндік жасағаны үшін ұйымдастырушыларға алғысым шексіз.
Мына бір қызық жайтты айта кетейінші. Жоба жаңа басталған кезде қатысушылардың арасынан эфирге ең бірінші болып мег шықтым. Жігіттер «Жолың жеңіл болсын, жоба сәтті аяқталсын!» деп тілеп жатты. Сонда мен: «Жігіттер жобаны өзім бастадым, біржола өзім аяқтасам қалай қарайсыңдар?» деп қалжыңдаған едім. Барлығы ду күлді. Қазір ойлап отырсам, осы айтқаным періштенің құлағына шалынған сияқты.

Арай Дәулетқызы

Мәлімет көзі: aynaline.kz

Пікірлер:

Шолпан | 22 қаңтар 2014 16:01
"Қазақстан дауысында" Роза жаңуге әбден лайықтын болатын. Өкінішті-ақ мынаның бас жұлдені алып кеткені. Ұнамайт маған осы шахаризат дауысыда жоқ сорлы неме
Альмира | 22 қаңтар 2014 16:03
Хи-хи-хихихихихих))) "Қазақстан Дауысын" қазақтар тағы қайдан ұрлап алды))
Жарқын | 22 қаңтар 2014 16:05
Қазаққстан дауысы бітті ғой, енді Мәдина Сәдуақасова, Алмас Кешкенбаевтың 5 сыныпқа қайтадан барып, партаға отыырып әдебиетті қолдарына ұстап қайтдан оқуларына рұқсат жариялаймын. "Тамаша", "керемет" дегеннен әріге аса алмады ғо
Асқар | 22 қаңтар 2014 16:07
Біз Тимурға дауыс бергенде оған қабылданбады. Мынау бәрін алдын ала сатып алған. Әйтпесе, нағыз "Қазақстан дауысы" атануға лайықты жігіт ол Тимурдай нарқасқа еді
Ерғали | 22 қаңтар 2014 16:09
Қазақстан дауысына неменеге жетісіп қатысып жүр десеш Жанғалиді, оның ауылы бөлек екені көрініп тұр. Ол эстраданың емес, оперананың әншісі, нестесеңдер, қайда қатысаңдар да ойланып барып істеңдерш адамды жындандырмай
Аида | 22 қаңтар 2014 16:11
Қазақстан дауысын мына жанрлар бойынша бөлу керек еді:
1) Эстрада: Мейрамбек Беспаев
2) Дәстүрлі ән: Ерлан Рысқали
3) Опера: Майра Мұхамедқызы
Дархан | 22 қаңтар 2014 16:12
Қайрат Нұртас немесе Мейрамбек Беспаевпен дует айтпады екен Қазақстан дауысына қатысушылар!
Дауыс жағынан қиналмаушы ет)))
Эврика | 22 қаңтар 2014 16:13
уа-ха-ха))))) Қайратпен айтса, кыздар дауыс береді. Мейрамбекпен айтса, Қазақстан дауыс берер еді одарға))
Алуа Семейден | 22 қаңтар 2014 16:14
10 Қайратпен айтса да бәрібір Мейрамбекпен айтқаны жеңер еді
Берікбол | 22 қаңтар 2014 16:16
Бәрі болашақтың еншісінде!Шахрезаттың жеңіске жеткені де дұрыс шығар! Торғай өңіріне Үкімет бұрмай кеткен мойынды, осы баланың дауысы бұрғызса екен! Тимур әлі де дәлелдейді! Небәрі 20 жаста! Қазақстанға танымал әнші бол бауырееееееееем!
Көркем | 22 қаңтар 2014 16:17
Шахрезат Қазақстан дауысы емес, Қазақстан барысы бола салмадынба))
Райхан | 22 қаңтар 2014 16:18
Шахаризат Сейдахмет ''Казахстан Дауысы'' тележобасының жеңімпазы болуыңмен құтықтаймыз!!!
Мөлдір | 22 қаңтар 2014 16:20
Алмастың қолдауымен ғана финалға жеткен Тимур Омаровтың жеңіске жетпеген жақсы болды. Қуанып оотырм. Өзі қыз сияқты ма әйтеу бір пәле
Фариза | 22 қаңтар 2014 16:22
Тимурдың рекламасы ұрып тұрған өткенде Қарағандыда, бақ шаба ма бап шаба ма деген осы шығар а! Қарағандылықтар қанша қолдасада жеңе алмаған байғұс-аййййййййййй
Мен | 22 қаңтар 2014 16:25
[Көзімді ақшиттым] мен барсам келесіде егер болса?? [Леп белгісі] [Көзімді ақшиттым] дауыс бересіңдер ме маған?
Салтанат Семейден | 22 қаңтар 2014 16:27
Оның ақша алып алмағанында нелерің бар ииии, біреудің жеке өміріне қол сұқпаңдар а то өсекші бо кетесіңдер
Салтанат Семейден | 22 қаңтар 2014 16:28
Деп бір ақыл айтып тыстадым тыңдар ме екенсіңдер а!
Инабат | 22 қаңтар 2014 16:29
Іштерин куйсе туз жаландар Шахаризат халыктын колдауымен жениске жетти ооны тек кана торгайлыктар емес барлык казакстандыктар колдады сондыктан да бир елде турып бир биримизди болудин коре алмаудын кажети жок кайта шахаризат жане тимур сиякты азаматтарымыздын барына куанайык колдайык олардын болашагы алда али улкен белестерге жетеди
Әсел Юностьтан | 22 қаңтар 2014 16:30
Нұрлан Албанға неге бардын? Саған үшеуі бұрылып қарады ессе, басқасын таңдау керек ед ертең жүресін кемпірлермен ансамбль құрып
Самат | 22 қаңтар 2014 16:32
Инабат бәрібір шахаризатты торғайлықтардан басқа ешкім тыңдамайды ғой дұрыс па(((((
Цукерберг | 22 қаңтар 2014 16:34
Жобаға 18 бен 45 жас аралығындағы кез келген өнерпаз қатыса алады деген. Бірақ, телевизордан көргенде жастарды ғана көрдім. Сонда бұл әділетті мааааа
Мими | 22 қаңтар 2014 16:37
Агентте отыратын күнделікті қолданушыларға арнап "Агент дауысы" дегенді ұйымдастырып жерейікте))
Айзере | 22 қаңтар 2014 16:40
Роза Мұқатаева нашарсың үмітімді ақтамадың
Алия Күршімнен | 22 қаңтар 2014 16:43
Жезтаңдай әншілердің арасынан ең мықтысы таңдалғанына ризамын. Даусы сондай керемет, болашақта жақсы әнші болады деп сенемін, сахнаның төрінен түспе, балам! Өркеннің өссін!
Жасұлан | 22 қаңтар 2014 16:45
Достар, Казакстан дауысын басынан бастап карандарш. Тимур Алмастын тобынан аз упай алып журди. Оны Алмас 1рет емес 3 рет алып шыкты. Ал Шахаризат киленкей халыктын дауысынан женип отырды.., карандар коздеринди ашып. Шахаризат осы жобага 100пайызды лайыкты. Ол ушин букил ТОРГАЙлыктар дауыс берди... Ол карапайым отбасыдан шыккан
Ринат | 22 қаңтар 2014 16:47
Азамат Сатыпалды Шахаризат сахнаға шыққан сайын жаман көзімен қарайтын. Кім байқады? Ей шахеризат сен емессин негизи бырак амалым канша айту менин миндетим олтирип тастайынба дегендей ала козимен бир менсинбей карап туратын бар ессе))
Әмина | 22 қаңтар 2014 16:50
Мына маймыл қанша жерден жеңседе оның жеңісін мойындамаймын айтқаным айтқан. Мен үшін Роза Мұқатаевадан мықтысы жоқ!!
Мирас | 22 қаңтар 2014 16:51
Арайлым мыктысы мыкты шыгар,бирак осы жерде Шахаризат женди и таза оз енбегимен женди соны андагы тауыктын миындай миына токып ал
Толен | 22 қаңтар 2014 18:48
Андагы хайуанга тенеп тигизип жаткан тилдеринди аямай кессе гой ширкин! Ай сорлы казак онбайсындарго! Бар болса жомарт болып бере алмайсын, жок болса коре алмайсын! Не деген надансындар! Абайды окындар Мiржакыпты окындар сол кезде адам боласындар! Биреуге сын айтарда ойланып сойлендер кешшелер! Шахаризатты кореалмай жаткандарга айтам топастар! Азамат ардайым Шахаризатка он козбен карап колдап турды ар багдарламада. Дрыстап кориндер кайталап коздеринди ашып! Шахаризатты бириншиден Алла, екинши халкы жане барлык киели Торгай жери Арка ели колдады! Казактын дастурли андерин жаксы коретин халык колдат! Биз казакпыз караганды шымкент деп болинбендер болингенди бори жейт! Шахаризат женди жарайсын! Мен ризамын! Казактын дастурли анин жанартып жангырта бер! Халыктын журегинен жол тап! Алла жар болсын саган!
Дулат | 22 қаңтар 2014 19:11
ӨЗ СӨЗДЕРІН ӨЗДЕРІНДІКІ тәк што әркім өз ойында қалсын, а айтпақшы, ұрыспай төбелесіңдер))
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар