Абай Құнанбаевтың алғаш жыр жинағының басылып шыққанына 105 жыл

(Дауыстар: 1)
  • 23 қаңтар 2014, 12:20 |
  • Пікірлер: 21
Абай Құнанбаевтың  алғаш жыр жинағының басылып шыққанына 105 жыл

Үстіміздегі жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың алғаш жыр жинағының басылып шыққанына 105 жыл толады. Осыған орай А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханада 23 қаңтарда сағат 15-00-де арнайы мәдени кеш өтеді , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі кітапхананың баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап.

Абай Құнанбаевтың тұңғыш кітабы 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында тұңғыш мұсылман баспаханасынан басылып шыққан болатын. Деректерге сүйенсек, жинақтың жарыққа шығуына Әлихан Бөкейханов түрткі болған. 1915 жылдың 18 қаңтарында Кәкітайдың өліміне байланысты «Қазақ» газетінде шыққан мақаласында «1904 жылы Абай марқұмның өлеңін кітап қылып басыңдар деп, балаларына хат жаздым», – деген жолдар соның куәсі. Абай мұрасын жинақтаушы Кәкітай Ысқақұлы көп қиыншылықты жеңіп, ақын кітабының басылып шығуына үлкен енбек сіңірген. Тек қазақ қана емес, жалпы түркі халықтары үшін орасан зор еңбек етіп, ақынның тұңғыш кітабының шығу тарихын зерттеп, үлкен мұра қалдырған белгілі абайтанушы ғалым – Қайым Мұхамедханов.

Мәдени кеште жиналғандар ұлы ақынның алғашқы туындысын басып шығарған баспаның иесі кім, қай жерден келген, қай ұлт өкілі деген сұрақтарға жауап ала алады. Кеш бағдарламасында сонымен қатар осы және басқа Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағына қатысы бар адамдар туралы әңгіме қозғалады. Абай шығармаларының көрмесі мен слайд-презентация, Абайдың әндері мен өлеңдері танымдық кешті толықтыра түспек.

Ақынның тұңғыш кітабының шығу тарихы туралы қызықты дәлелдермен танысқан оқырмандарды тағы бір тосын сый күтіп тұр. Ғасырлық ғұмыры бар, араб графикасымен жазылған Абайдың тұңғыш кітабының электронды нұсқасын көруге қызығушылық танытқан оқырмандар "Qazaq Aqyny Ibrahim Qunanbay Oghlynyng Olangy" – деген жинақты облыстық кітапхананың сайтынан (http://www.pushkinlibrary.kz) көре алады. ("Стихи казахского поэта Абая Ибрагима Кунанбаева", изданные в Санкт-Петербурге в 1909 г.)

Ата-бабамыздың ой-арманы тоғысқан еліміздің рухани мұрасын сақтау – «Жаңа Қазақстандық Патриотизм» негізінің бірі. Елбасы айтқандай «Елдің болашағын барша халықпен бірге жасайық!»

Мәлімет көзі: Altaynews.kz

Пікірлер:

Математик | 23 қаңтар 2014 13:53
Қазақтың азба әдебиетінің негізін салушы ретінде білемін Абайды, 105 жыл болса, енше 1909 жыл жарық көрген ғой сонда
Ернат | 23 қаңтар 2014 14:10
Пушкинада сол бір мәдени кештерін керемат қылып өткізетіндей жазып қойыпты оны көруге ешкім барғысы кемейтте байғұс студенттерді апарып отырғызып қоясыңдардан еріксізден еріксіз оданда өткізбей қойыңдарш пажалуиста
Айша | 23 қаңтар 2014 14:12
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла
деген тақпағы күштііііііііііііііііі
Инабат | 23 қаңтар 2014 14:14
Ой ойлау...

Ойды қағазға түсіру...

Ойым біреудің пайдасына асса деп дәмету...

Әрине, бұл қылықтар Абайдың әлемдік деңгейдегі ғұлама екені көрсетеді
Фариза | 23 қаңтар 2014 14:16
Әйтеу қазаққа өлгеннен кейін бәрі жақсы адам болған деп қақсай беруін қашан қоят тірі күнінде сыйламаған соң өлген адамның соңынан жақсы сөз айтып не жамандап еш қажеті жоқ. Өтірік трагедия жасап сыңсымай отырыңдар
АнАнДи | 23 қаңтар 2014 14:19
Ақын Абайдың ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор екенін бес саусағымыздай білеміз. Абайдың ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен алғашқы кітабының 105 жылдық мерейтойы құтты болсын ағайын!
Арғын | 23 қаңтар 2014 14:21
Тобықтыны аса ұната қоймаушы ем, но Абай өлеңдері базар жоқ тамаша жазылған дүниелер
115 | 23 қаңтар 2014 14:24
Ернат, студент жастарды тым болмаса осылайша айдап апарып оқытпаса, түкке зауқылары жоқ қой, шіркіндердің... көше кезгендеріне мәз болады. Жаңа ғана емханадан келдім, жастар толып жүр, аяқ-қолдары балғадай, жоқ, қарттармен жармасып, лифтке мінетіндерін қайтерсің. Бір-екеуіне ескерту де жасадым, меңіреу адам сияқты былқ етпей тұра берді. Ал Абайды өзіміз сыйламасақ, басқа ұлтқа не керек?
Жанаргүл | 23 қаңтар 2014 14:25
Жақсы, қуанышты жаңалық. Құтты болсын, Қазақ елі!
Ернат | 23 қаңтар 2014 14:28
Мені көше кезіп жүред деп біреу айтты ма)) Сабақ оқығым келет, массовка болғанша көрінген жерге барып. Абайды сыйламайм деп тұрған жоқпын. Сыйлайм, құрмейттеймін, нағыз азамат Абай, болды ма 115?????
Зеретай | 23 қаңтар 2014 14:30
Өлеңді Абай бері келіп орта жасқа келгенде ғанам жазған. Бұған бірнше себептер бар. Ең әуелі ел тартысына жасы 35 – 40-қа келген шамада бар дегенін істеп, әмір биліктің бәрін өз қолына, өз тұқымына меңгеріп барып алады. Тартыс өмір бойы үзілмейді. Бірақ кейінгі тартысушылар Абайдан үстемдікті жұлып әкетемін деушілер емес, соның қол астынан, үстемдігінен құтылып шығам деушілер болды
Гүлнұр | 23 қаңтар 2014 14:33
ОООООО онда қаз сабақтан шыққан соң барып көріп қайтамын Пушикинаға (негізі пушкинаны өз басым Абай кітапханасы деп қабылдаймын).
Альбина Семейден | 23 қаңтар 2014 14:35
Өскемендіктер сендер нашарсыңдар, сөздің шыны керек. Абайға арналып ұйымдастырылатын бір шараға бара алмаймыз массовка болғымыз келмейт деп мияулап отырсыңдар, Абайдың аруағынан ұялсаңдарш тым құрығанда
9-корпус | 23 қаңтар 2014 14:37
Сендерді қайдам, бірақ біздің филфак ондай жерден қалмайды
Жәмилә | 23 қаңтар 2014 14:38
Түпнұсқасы сақталған ба кітаптың сіздерде сол туралы толық жазсаңыздар нұр үстіне нұр болар еді
Эврика | 23 қаңтар 2014 14:41
Оқуға зерек, ұғымтал, өз бетінше араб, парсы тілдерін үйренген дид Абай Құнанбайұлы. Қазіргі кезде өмір сүрсе сөзсіз мектепте оқу озаты, көп тілді полиглот болушы ед ғо...
Әділ | 23 қаңтар 2014 14:42
Абайдың "эй,сорлы заман мене аяған қай қастығын қалды...мен ішпеген у бар ма ..." деген тарихи сөзі қандай оқиғаға байланысты айтылған әәәәәәәәәәәәәә!
Мими | 23 қаңтар 2014 14:44
Абайдың «Май түні», «Желдірме», «Торжорға» деген күйлері бар. Мүмкіндік болса, соны оркестрге ойнату қажет
Әйкерім | 23 қаңтар 2014 14:46
Абай ауқатты отбасынан шықса да халқына үнемі жақын болды, олардың дауын даулап, мұңын жоқтады. Мұны оның мына өлеңінен көруге болады:

...Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған иін жылытып, тонын илеп,
Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.

Қар жауса да тоңбайды бай баласы,
Үй жылы, киіз тұтқан айналасы.
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы
Таңат | 20 қазан 2014 00:34
Менің пікірім Абайдың ескерткішін салса ұзндығы 60 метр ені 10 метр болса деймін. Ол ескерткіш Атырау немесе Астана қаласында болғаны дұрыс.
Амангелді Дүсіпов. | 25 қазан 2014 08:20
Кейінгіге дер едім:
Болса ішіңде зерегің,
Абайды оқып, жиып ал,
Ақыл-ойдың тереңін!

Қазақта әлі болған жоқ,
Абайдан биік-тереңің!
Әмбебап дүкен сияқты,
Ішінде бәрі - керегің!
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар