Сочиге баратын спортшыларымыз кімдер? Кімнен үміт күтеміз?

(Дауыстар: 1)
  • 23 қаңтар 2014, 12:45 |
  • Пікірлер: 17
Сочиге баратын спортшыларымыз кімдер? Кімнен үміт күтеміз?

Қазақстан құрамасы спорттың 11 түрінен қатысып, 58 спортшымыз бақ сынайды. Олар - шаңғы жарысы, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, фристайл, биатлон, шана спорты, тау шаңғысы, шаңғы қоссайысы, сноуборд және тұғырдан шаңғымен секіру.

Шаңғы жарысынан 14 спортшы сынға түседі. Жанкүйерлер ерлер бәсекесінде Ердос Ахмадиев, Алексей Полторанин, Николай Чеботько, Марк Старостин, Евгений Величко, Сергей Черепанов, Александр Малышев және Денис Волоткадан жүлде күтеді.

Ал әйелдерден Марина Матросова, Елена Коломина, Анна Шевченко, Татьяна Осипова, Виктория Ланчакова және Анна Стоян.

Конькимен жүгіруден 6 спортшы қатысады. Денис Кузин, Дмитрий Бабенко, Роман Креч, Александр Жигин, Федор Мезенцев ерлер арасынан сынға түссе, әйелдерден Екатерина Айдова ел намысын қорғайды.

Мәнерлеп сырғанаудан жанкүйерлер Абзал Рақымғалиев пен Денис Теннің өнеріне үмітпен қарайды.

Шорт-тректен Айдар Бекжанов, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Ажғалиев, Артур Сұлтанғалиев, Денис Никишин, әйелдерден Инна Симонова жарысқа қатысады.

Фристайл бойынша 6 спортшыға сенім артамыз. Ерлерден могул бойынша Дмитрий Рейхерд, акробатика Сергей Берестовский қатысады. Ал әйелдер арасынан могул бойынша Юлия Галышева мен Дарья Рыбалова, акробатика бойынша Жібек Арапбаева мен Жанбота Алдабергенова бар.

Биатлоннан 10 спортшы бақ сынайды. Ерлер бәсекесінде Диас Кенешев, Ян Савицкий, Сергей Наумик, Антон Пантов, Александр Трифонов жарыс жолына шығады. Ал әйелдер бәсекесінде Елена Хрусталева, Марина Лебедева, Дарья Усанова, Алина Райкова және Галина Вишневская жүлдеге таласады.

Шана спортынан 6 спортшымыз бәйгеге түспек. Артур Байбачинов, Сергей Коржнев, Юрий Веселов, Иван Макивчук, ал әйелдер арасынан Елизавета Аксенова, Татьяна Невзорова қатысады.

Тау шаңғысынан Игорь Закурдаев, Дмитрий Кошкин және Мартин Хубер сынға түседі. Сонымен қатар, Екатерина Черепанова бақ сынайды. Шаңғы қоссайысынан Сергей Шарабаев, сноубордтан Валерия Цой қатысады.

Тұғырдан шаңғымен секіруден Марат Жапаров пен Алексей Пчелинцевке қазақ елі сенім артып отыр, деп жазады kaztrk.kz.

Мәлімет көзі: Қаз Ақпарат

Пікірлер:

Дархан | 23 қаңтар 2014 13:04
Ойй, елді бәрі біледі. Кімдер баратынын? Оның қойыңдарш. Биылғы Олимпиадаға 7 ел тұңғыш рет қатысат екен. Соның бесеуі тропикалық мемлекет, жазғыш болсаңдар соны жазсаңдарш. Африкада қар жоқ, спортшылар асфальтте сырғанайды екен))
Риза | 23 қаңтар 2014 13:09
Аааааал қуанайық!
Айзере | 23 қаңтар 2014 13:15
Сочиге баратын қазақстандықтарға 500 миллион теңге жұмсалады. Делегаттың арасында мен жоқ болғандықтан, "өй, сонша ақша шығындап" деп осындағы кейбіреулер секілді негатив айтпасам ба а!
Еділ | 23 қаңтар 2014 13:19
Ағайындылар ғана емес, егіздер де осы Олимпиадада өнер көрсетеді. Сочиге өте жақын туыс бірнеше спортшы бармақшы дид ше. Маған канадалық шорт-трекші қыздар ұнап қалды. Керім арулар Майя да былай ниче екен))
Серік | 23 қаңтар 2014 13:21
Уа-ха-ха)))))))) Қысқы қытымырда біреу шаңғы тебеді, шама-шарқына қарай мәнерлеп не мәнерсіз сырғанайды
Аида | 23 қаңтар 2014 13:22
Тен әлемнің күмісін алғанда, АҚШ баспасөзі әділетсіз, Тенді құлатып тастады деп еді. /канадалық Чан ғой авторитет боп тұрған/ Сосын Полторашка 2, Кузя бір медальден әкеледі деп сенемін
Тілек | 23 қаңтар 2014 13:25
Егіз Сединдер хоккейден Ресейдің алдын орай ма? Лингерлер, Шицстер, Борждар – қайсысы мықты шығад сол қызықтырады бәрінен бұрын
Сырым | 23 қаңтар 2014 13:27
Бұл арудың есімі Ким Ён А. Кореялық мәнерлеп сырғанаушы ұнайды. Ванкувер Олимпиадасының чемпионы. Негізі бастысы онда емес, Ким Ён А-ның Өскемендік бір қызға ұқсайтыны болып тұр. Осы суретке қараған сайын сол ару есіме түсе береді
Жанасыл | 23 қаңтар 2014 13:35
Сочиге баратын делегаттар саны 400 емес, 300-дей. Халықаралық Олимпиада Комитетінің талабы бойынша, бапкердің штабына – жеңіп алған лицензиялардың санынан 50 пайызындай адам алуға болады. Ендеше, бізде 40-тан астам лицензия болса, 20-22 адам штабпен бара алами сонда
Мұхтар | 23 қаңтар 2014 13:39
Сочиде өткізгенше бізде неге өтпейді, тауларымыз биік ауамыз жартылай таза десең ия!)) А айтпақшы ұмытып кетіватырм Сочиге қарды жан жақтан тасып әкеліпті дид қо..
Шыңғыс | 23 қаңтар 2014 13:42
Шаңғышы Алексей Полторанинді 10-12 адам баптайды, олар: психолог, дәрігер, шаңғы майлаушылар, массажист, кеңесші қарайт екен. Өзін өзіне қарай алмайтындай Полтаринин қартайып кеткен бе????
Казак | 23 қаңтар 2014 13:44
Конькимен жүгіруден бір қазақ шықпаған ба? Әй, бірақ бізге ондай артық тыртық өнерлер керек емес дей ме әлде қазақтар
Мақпал | 23 қаңтар 2014 13:49
Ердос Ахмадиев, Абзал Рақымғалиев, Айдар Бекжанов, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Ажғалиев
Жібек Арапбаева мен Жанбота Алдабергеновалар ғана ғой қазақтан, қалғанының бәрі орыстар, неге біз спортпен айналыспайтын жалқаумыз түк түсінбейм вапще
Ильяс | 23 қаңтар 2014 13:51
Денис Тен тек алға! Жеңсең маладес боласыңғ жеңбесем өзің білесің кім болатынынды хихиихихих
Құралай | 23 қаңтар 2014 13:52
Не шаруаларың бар осы елде, көре алмай отсыңдар ма өздерің бармағасын, сондайды қою керек қой жалпы жұртқа. Сочиге баратындарға сәттілік, алтын алып қайтыңдар
УКА | 23 қаңтар 2014 14:00
Сочи делегациясының құрамында Смирнов, Прокашева, Гаранин, Жиров, Смагин сияқты – кезінде Отанға еңбегі сіңгендер қосылған деп естігем араларында бір қазақ жоқ па не сонда қосып алатын. Содан кин 40 журналистіде қоса апарат екен
Айша | 23 қаңтар 2014 14:05
Шорт-тректен Айдар Бекжанов бас жүлдені алса ғой. Егер алмаса елге қайтып кіргізей қойыңдарш жарай ма??
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар