Қазақстанда 500-ге жетер-жепес қана қазақ төбеті қалыпты

(Дауыстар: 4)
  • 23 қаңтар 2014, 16:10 |
  • Пікірлер: 24
Қазақстанда 500-ге жетер-жепес қана қазақ төбеті қалыпты

Қазақтың төбеті мен тазысын өсірумен айналысып жүрген Асылбек Әбдықанұлының айтуынша, жеті қазынаның бірі болып саналатын қазақы тазылар мен төбеттер қазыр құрып кетудің аза-ақ алдында тұр.

- Ұлттық құндылықтарымыздың қатарындағы осы қазынамызды сақтап, құмай тазы өсіріп, қазақы төбеттерді көбейтуді қолға қазірден алмасақ, еліміз тағы бір ұлттық мақтанышынан айырылып қалғалы тұр. Төбеттер осыдан 4 мың жыл бұрын көшпенділердің сенімді серігіне айналып, содан бері қазақпен жасасып келе жатыр,-дейді ол.

Асылбектің айтуынша қазақы төбеттердің биіктігі 80 сантиметрден асып жығылады, салмағы 50-60 келінің айналасында. Қорбиған қалың жүні оны тіпті үлкен қылып көрсетеді екен. Нағыз қазақ төбетінің ең басты ерекшелігі ол – ешқашанда адамға шабуыл жасамайды. Еріншек қозғалып, баяу қимылдатын төбеттер, жыртқыш аң көрсе бірден өзгеріп сала береді. Үйдегі төбеттердің үруінен жатуы көп. Маңайындағыға бір маңқ етіп дыбыс шығарғаны болмаса, бұл ит өте сирек үреді екен. Айтпақшы, төбет – ешқашан иттер төбелесіне қатыспайды.

- Егер иттер төбелесінен қазақ төбетін көрсеңіз, бұл - таза қанды төбет емес. Ит төбелестіргіштер төбеттен ызақор, жылдам ит жасау үшін оны қазір неше түрлі шетелдік тұқымдармен будандастырып жатыр. Ірі итке, ызақор, төбелескіш иттердің қаны қосылып жатыр. Таза қанды төбеттің күн санап азайып бара жатуының негізгі себебі де осы,-дейді алматылық ит өсіруші Асылбек Әбдіқанұлы.

Дарын Нұрсапаров
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Қазақстан, Қоғам | Кілт сөдер: қазақ төбеті

Пікірлер:

Алмас | 23 қаңтар 2014 16:31
«Ит – жеті қазынаның бірі», «Ит – адамның досы» деп жиі айтып жатамыз. Тазы деген сонда қазақты емес пе не? Қазақы төбет барын ешқашан естімеппін, бірінші рет естуім
Едіге | 23 қаңтар 2014 16:31
Қазақы төбетті сақтап қала алмау – қазаққа сын
Аңшы | 23 қаңтар 2014 16:33
Аңға жұма сайын шығып тұрамыз. Бірақ қолыңда шиті мылтығың болмаса, итпен ғана аң алам деп әуре болудың қажеті шамалы. Өйткені біздегі ауылдың бұралқы иттерінің тұқымдары әбден шала болып, тазылардың өзі таяу жер­ден шыққан аңға жете алмай, шаң қауып, алаулаған жігеріңді құм ететіні бар. Сондықтан қазақ төбеттерін қорғауды қызыл кітапқа енгізу керек
Дидар | 23 қаңтар 2014 16:37
Жоқ олай нәтиже болмайт қызыл кітапқа енгізсеңде. Негізі, Тазы-Төбет-Бөрібасар» федерациясының президенті, қазақы тұқымды иттерді асыраушысына хабарласыңдар
Арнұр | 23 қаңтар 2014 16:38
Қазақы төбет – бұл ең алдымен ұлттық құндылықтарымызды, яғни тұтастай Алаш атын әлемге мойын­дататын тағы бір тамаша мүмкіндік. Қытайдың «Чау-чауы», түрікмендер­дің «Алабайы», немістердің «Добер­ман-финчері» әлемге танылды, ал біз қазақы төбетті қалай сақтап қаламыз деп бас қатырудамыз. Әркім өз құнды­лығын меншіктеп, патенттеп жатқан кезеңде біз де адам түгіл, Алаштың итіне дейін түгендей білуіміз қажет. Сондықтан Данияр, Орал сияқты ардақты іспен айналы­са­тын, саусақпен санарлық жандарға Үкімет тарапынан қолдау көрсетілсе де артық болмас деген ойдамыз…
Ерболат | 23 қаңтар 2014 16:40
Арнайы қазақы төбеттерге бүкіл обылыстардан неге питомник салмасқа тек қазақы төбеттерге
Айдын | 23 қаңтар 2014 16:44
Қазір Қазақ елінде таза қанды қазақы төбеттердің саны 100-ге жетіп жығылған. Ал «азиат» тұқымды иттер бес жүзден аса­ды. Төбеттердің де республикалық, әлемдік біріншіліктері өткізіледі екен ғооооооо. Бұл жарыстар – бүгінде сәнге айналған, ақша үшін төбелес­тіретін «Төбеттер төбелесі» емес, арнайы тестілік тапсырмалар арқылы анықталатын үздік төбеттердің чемпионаты болып саналат ессе
Зере | 23 қаңтар 2014 16:46
Шындығында да қазақ деген халықтың өзі ғана емес иттері де әлемді мойындатып жатса, дамыған елу елдің қатарына қосылуға бір табан болса да жақындай түсетін шығармыз.
УКА | 23 қаңтар 2014 16:47
Күніміз төбеттерге қарамасын,
Қазақтың иттеріне ешқайсысы жарамасын!
Делебесі қоза берсін корген жұрттың,
Иттердің қызығы тарамасын!
Ілияс | 23 қаңтар 2014 16:48
Біздің ауылдағы иттерді де апару керек жыртад. Суреттегі итке ұқсайтын иттер көп ауылда))
Мирас | 23 қаңтар 2014 16:50
Төбет.....
Төбеде жатқан ит....
қойййй десем ия(((((((((
Тұрар | 23 қаңтар 2014 16:52
Азиядағы алғашқы атауы – Қазақы Ит – болған. Кейін өршіл түрікмен халқы бұл тұқымды "Түрікмен Алабайы" деп атап алған. Ал қазақтар бұл итті ылғида "төбет" деген
Талғат Бөкеннен | 23 қаңтар 2014 16:56
Менің атам тазы ұстаған. Бала кезімізде бірге аңға шығатынбыз. Қазір өзім тазы мен төбет иттер ұстаймын. Мен сол иттерді асырау үшін «Ақсай-наннан» жер алдым. Қазір 10-ға жуық итіміз бар. Бұл иттің түрлерін қазақтар 4000 жыл бұрын ұстаған. Тазы дегеніңіз - жеті қазынаның ішіндегі киелісі. Қазақ халқы киіз үйге тазыдан басқа төрт аяқты мақұлықты кіргізбеген. Тазы ғана киіз үйге кірген. Ол да жоғалудың үстінде тұр. Төбет болса қасқырға алдырмайды. Қазір мал ұстайтындар қорамызға қасқыр түсті деп, күнде жылайды. Қазақы төбет иттері барлар бірен-саран ғана, қазақы иттің тұқымын құртып алмасақ жарар еді мына түрімізбен....ееееееехххххххх
Дана | 23 қаңтар 2014 16:58
Мааааааа, қорқып кеттім мына иттер қандай үлкен
Динара | 23 қаңтар 2014 17:01
Ең мықты таласқыш кім?! Қасқыр!!! Неге иттің мойны мен денесі ұзын болуы керек?! Ол шын бөрібасар болса, осы қасқырды жеңу үшін дене бітімі сондай болуы керек. Ал шын мәнінде не болып жатыр?! Иттерді таластыру неге әкеліп соғады сол туралы ойлап жатқан ешқайсың жоқ еще келіп қазақы төбетті көбейтеміз де қоят
Инабат | 23 қаңтар 2014 17:04
Төбеттердің нағыз таза тұқымы сақталған біз ғанамыз, шетелдіктер бұны да иемденіп кетуі де бек мүмкін тезірек патенттеп алайық
Ақнұр | 23 қаңтар 2014 17:06
Менің нағашыларымда Ақаю атанға ақ ит болыпты. Сол бір түні жайлауда киіз үйдің есігін тырмалап, қыңсылап, жуан даусымен бір екі рет жай ғана арп етіп тыныштана қалыпты. Сонда, жарықтық нағашы апамыз, жастықтан басын көтеріп: “Әй, балалар, шығыңдаршы, әкелерің келіп қалған жоқ па?” деп сөйлей түрегеліпті. Бәрі дүркіреп түн ішінде сыртқа шықса, айнала жым-жырт, Ақаю да жоқ, қорадағы мал да күйісін қайтарып жайбарақат жатыр дейді. Сонда балалардың бірі: “Ой, апа, сіз де қызықсыз, шырт ұйқымызды бұзып, түс көргенсіз ғой” десіп, қайтада үйге кіре бастайды. Бірақ, нағашы апамыз қарайлап, үйден елу-алпыс қадам алыстап жол бойына көз салады. Сәлден соң арсалаңдап Ақаю келіп, апамыздың төсіне қарғып, етегіне орала беріпті. Апамыз, “ал-ал, шүйіншіңді, айтсаңшы енді, не болғанын” деп итпен сөйлеседі. Енесінің артынан еріп жүрген келіні “құдай-ау, мына кісі алжиын деген бе, итпен сөйлескені несі” деп ойлайды. Ақаю қайтадан қараңғыға сіңіп көрінбей кетеді. Келіні: “Апа, жүріңіз енді, жаздың қысқа таңын көз ілмей атырамыз ба” дейді. Апамыз келініне: “Сен барып, ұйықтай бер, мен Ақаюды күте тұрайын”дейді. Келіні енді бұрыла бергенде төменгі тұстан аттың дүбірі естіледі. Сәлден соң жалғыз атты адамның сұлбасы көрінеді. Жақындай келе атты адамды жанасалап,үзенгісіне жармасып келе жатқан Ақаю көрінеді. “Жүгір, бар, балаларды оят, құдай біледі бұл әкелерің, әкелерің болмаса Ақаю бүйтпес еді” дейді апамыз келініне. Сөйтсе, 1939 жыл “халық жауы” деген жаламен ұсталып, із-тозсыз кеткен, атамыз Қамшыбай жеті жылдан соң ауылына оралған екен. Атамыз ұсталғанда Ақаю әлде күшік, әлде бір жасар болатын дейді. Ақаю атамыз ұсталғанда да қозы көш жерге еріп барған деседі
Ауылньюс.кз | 23 қаңтар 2014 17:11
Хиххххххииииииихххххиииии)))))) Алабайдың атасы – қазақы төбет дид қой
Ырымға сенгіш | 23 қаңтар 2014 17:13
Төбеттің киелісі болады деп естіген едім. Оны қалай анықтауға болады???????
Мерхат | 23 қаңтар 2014 17:15
Көшпенділер өмірі дәстүрлі түрде жылқы малымен тығыз байланысты. Марко Поло ХІІІ-ші ғасырдағы қазақтар туралы жазбаларында ойға сыймайтын алып денелі, ерекше күшті иттер жайында былай деп жазып кеткен: «Тайыншадай биік денелі иттер – тағы аңдарды аулауда, күзетте және ауыр жұмыстарда тамаша серік» - деп қазақы төбеттерді айқан секілді
Итбегі | 24 қаңтар 2014 16:45
Алабай мен төбет бір ит. Алабай деп Түркімендер меншіктеп алғаны болмаса ол қазақтың нағыз төбеті.
Жеті шатыр магнум | 24 қаңтар 2014 17:04
Кей-кейде адамдардан түңілген кезде „Ит - адамның досы„ деп қалай дәл айтылған дейсің. Итіңнің дос болғаны жақсы, Досыңның ит болғаны жаман дейді)) жә, бұл тақырыпқа қатысы жоқ. Төбет Төбе ит дегеннен шыққан деп бір естігенім бар.. Марко Полоның жазба архивтерінде де Төбет жайлы жазылған деректер бар.. Итті қадірлей білейік. Жеті қазынаның біріне адамнан гөрі солар көбірек лайық сияқты.
марра | 28 наурыз 2015 18:00
Қазақ қимылдай мынау дегенше той тарқайды. Төбеттен айырылып қалмасақ екен
кәрішал | 29 наурыз 2015 18:57
Осында сөйлеп жатқан жастар, қыз-ұл деп бөлінбей бір-бір алабай күшік асырасаңдар-төбеттің тұқымы сақталады.
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар