«Жігіттер» квартетінің Мырзаханы да бойдақтықпен қош айтысты

(Дауыстар: 1)
  • 23 қаңтар 2014, 17:20 |
  • Пікірлер: 22
«Жігіттер» квартетінің Мырзаханы да бойдақтықпен қош айтысты

Кеше қазақ эстрадасындағы қатарынан екі әнші үйленіп, бойдақ жігіттердің санын азайтты. «Тұсау» салынғандар – «Жігіттер» квартетінің солисі Мырзахан Маханов пен жас әнші Жаңабай Өтегенов.

Оңтүстік Қазақстан облысында туып-өскен Мырзаханның жүрегін астаналық Гүлім деген ару жаулапты. Бұл ретте қалыңдықтың ұзатылу тойы қараша айында елордада өткенін естеріңізге сала кетейік. Ал жігіттің тойы кеше, яғни 22-ші қаңтарда Алматы қаласында жалғасын тапты. «Орда бұзар» жасқа жеткен бөріктінің тойына өнердегі әріптестері, дос-жарандары мен тума-туыстары көптеп жиналды. Оған түрлі әлеуметтік желілерде есепсіз жарияланған суреттер айқын дәлел.

«Жігіттер» квартетінің Мырзаханы да бойдақтықпен қош айтысты

«Аяла» деп ән салған Жаңабай Өтегенов те кеше аялайтын құсын қолына қондырды. Ақтөбе облысының тумасының тойы тиісінше туған жерінде өткен. Әзірге келіншегінің шығармашылық адамы емес екені ғана белгілі өнер иесі «екі қошқардың басы бір қазанға сыймайдыны» берік ұстанса керек.

Алау Айбекұлы
Мәлімет көзі: Aynaline.kz

Пікірлер:

Айнұр | 23 қаңтар 2014 17:56
Бақытты болыңдар! Қосақтарыңмен қоса ағарыңдар, айналайындар!
Дархан | 23 қаңтар 2014 17:57
«Жігіттер» квартетінің әншісі Мырзахан Маханов орда бұзар шағында отбасын құрды. «Жігіттер» тобының сүр бойдағы Мырзаханның аяғына тұсау салынды деш
Перизат Семейден | 23 қаңтар 2014 18:01
Әнші қараша айының оныншы жұлдызында сүйікті жары Гүлім есімді астаналық аруға үйленген. Оны неме жаңалық қып отырсыңдар бапше. Келініміз Гүлімді ата-анасы қазақы салт-дәстүрге сай ұзату тойын жасап, қыздарын сері жігітке сеніп тапсырды
Аида | 23 қаңтар 2014 18:04
Мырзахан үлкен тосын-сый жасады ғой. Өйткені, ол өзінің үйленетіні туралы алдын-ала тіс жарып ешкімге айтқан жоқ концертте айтты бәріне сол кезде естіп қойғам))
Каляни | 23 қаңтар 2014 18:10
Шаңырақтарын биік, керегелерің кең болсын, ЖІГІТТЕР!
Зухра | 23 қаңтар 2014 18:11
Мырзаханның жары әнші ме әлде актриса ма? Или өнерге мүлдем қатысы жоқ жан ба?
Жасұлан | 23 қаңтар 2014 18:13
Жастай үйленіп кетіпсіңдер. тағы біраз жүре тұрмадыңдарми
Шалқар | 23 қаңтар 2014 18:15
Өмірлері бақытты, әнді болсын,
Өңірлері осындай сәнді болсын,
Достық пенен жастық шақ жалын атап,
Ақ махаббат баянды, мәнді болсын!
Айдана | 23 қаңтар 2014 18:16
Көтерген шаңырақтарың құтты да биік болсын
Аружан | 23 қаңтар 2014 18:17
Құрған шаңырақтарың биік, босағаларың берік, керегелерің кең болсын!
Үйлеріңнің іші жанға, сырты малға толсын! Екі жаққа да сыйлы болыңдар! Денсаулықтарың зор, Махаббаттарың баянды болсын!
Санжар мен Қайсар | 23 қаңтар 2014 18:19
«Үйлену оңай, үй болу ќиын» деген бар, болашақ алда көре жатармыз не боларын
Эврика | 23 қаңтар 2014 18:21
Өмірде үш бақытты құс бар: көгершін, қарлығаш, аққу. Көгершіннің мейірімділігін, қарлығаштың қайырымдылығын, аққудың ақ махаббатын тілеймін сендерге алтындарым
Жұлдыз | 23 қаңтар 2014 18:23
Сендерге Алатаудың шыңындағы ақ қардай таза пәк көңіл, сол шыңдардан сарқырай аққан кәусар бұлақтай мөлдір махаббат тілеймін. Сендерге алтын күздің ырысын, денсаулықтың қыстай мықтысын, көктемдей көл-көсір өмір, жаздай жадыраған өмір тілеймін. Қыздарың моншақты, ұлдарың оншақты болсын. Шаңырақтарыңның керегесі кең, терезесі тең, босағасы берік, еңсесі "Келісім сарайындай" биік болсын!
Жанар | 23 қаңтар 2014 18:25
«Үйлену оңай, үй болу қиын» - деп қазақ атамыз бекер айтпаған
Ақтөре | 23 қаңтар 2014 18:26
Уа-ха-ха-ха)) «бас екеу болмай, мал екеу болмайды» дейтiнi тағы бар
Бекзат | 23 қаңтар 2014 18:28
Е оны қойыңдарш “үйлену оңай, үй болу қиын” деген мақал “үйлену оңай, үй алу қиын” деп өзгертсек, қазіргі заман ағымына келіңкірейт если што
Ғазиза | 23 қаңтар 2014 18:28
“Қызын қияға, ұлын ұяға” қондыру әке-шешенің ұл-қызына деген міндеті. Абай атамыздың атын иеленген даңғылдың бойынан өткен әрбiр жас ондағы ақ көйлектi келiн мен өңiрiне ақ гүл қыстырған күйеу жiгiтке қарап бiр тамсанары сөзсiз.
Өскемен | 23 қаңтар 2014 18:31
Үйлену оңай, ажырасу одан да оңай болып тұр. Сондықтан шаңырақтарың ЕШҚАШАН шайқалмасын ешқашан
Райхан | 23 қаңтар 2014 18:33
Тойдың бір көшірмесін бізге де берсе ғой
Көркем | 23 қаңтар 2014 18:34
Осы әншілерден баскада той болмайтындай той деген 1-кунде отеди-де кетеди неме айтат үйленгендерін((
Сабина | 23 қаңтар 2014 18:35
тойда құдаға шапан жауып, ат мінгізеді ме екен? жоқ европалық стильде шведский стол жасады ма екен))) хихихихихии
Еркін | 23 қаңтар 2014 18:36
Екi жас бакытты болсын!!!
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар
www.autofides.ru