Қазақтың біртуар ақын қызы Фариза Оңғарсынова өмірден өтті

(Дауыстар: 4)
  • 24 қаңтар 2014, 09:07 |
  • Пікірлер: 40
Қазақтың біртуар ақын қызы Фариза Оңғарсынова өмірден өтті

Қазақтың біртуар ақын қызы Фариза Оңғарсынова 74 жасында өмірден өтті. Белгілі ақынның өлімінің себебі әлі белгісіз, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Фариза Оңғарсынова Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қоғамдық қайраткер, бірнеше жинақтар мен кітаптардың авторы.

Ақын 1939 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысында дүниеге келді. 1961 жылы Фариза Оңғарсынова Гурьевтегі педогогикалық институттың филология факультетін тәмамдап, 1966 жылға дейін мектепте мұғалім болып жұмыс істеді, кейін директор қызметіне дейін көтерілді.

Фариза Оңғарсынованың алғашқы жыр жинағы «Сандуғаш» 1967 жылы жарық көрді. Ақынның шығармалары ТМД елдері мен алыс шетел халықтарының тілдеріне аударылған.

Фариза Оңғарсынова «Құрмет белгісі» және «Достық» ордендерімен марапатталған.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Гүлдана | 24 қаңтар 2014 10:26
Иманды болсын, жаны жәнәтта болсын!
Парасат | 24 қаңтар 2014 10:29
Қазақ халқы Фаризадай ақын қызынан айырылды. Алдынан жарылқасын!
Айбек | 24 қаңтар 2014 10:30
Апамыздың иманы серiк, жаны жәннатта болғай! Әмин!
Нұрасыл | 24 қаңтар 2014 10:31
"Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын"...
Іңкәр | 24 қаңтар 2014 10:33
Біртуар ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынова кеше 75 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Өлеңін өрнектеп, жыр маржанын тізіп, соңында өшпес із қалдырған ақын қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлесін қосып кетті.
Лаура | 24 қаңтар 2014 10:34
Кеше естігенде сенбеп едім. Рас болғаны ма? Өкінішті....
Аида | 24 қаңтар 2014 10:35
Қоғамдағы үлкен істердің бастамашысы болған, халықты ынтымақ-бірлікке бастар, қоғамға ой салар шараларға белсене атсалысқан ақын қайтыс болғанына орай сіздерге көңіл айтамын баршаңызға
Марат | 24 қаңтар 2014 10:37
Жұмысқа келе жатып, ФБ қараймын ғой өзімше, жолды қысқартпақ оймен. Фариза апамыздың бақилық болғаны расталған соң (кеше біреулер маған сілтемесі жоқ ақпаратты неге таратасыңдар деген соң, расталмаса екен деп тілегем ішімнен), уффф деп күңірендім де, шопыр балаға қарап "ие, Фариза апамыздан да айрылып қалдық" дедім. сөтсем, әлгі сабазым "ол кім?" деп қойып қалды. не айтарымды білмей дағдарған күйі "Фариза Оңғарсынова апамыз ғой" демеймін бе, өрімдей жап -жас қазақтың бір қара домалағына, түсініп, бәлкім, көңіл білдірер деп...сөйтсем, ол шырақ, Фариза Оңғарсынованың кім екенін білмейтін болып шықты. "Фариза апамызды білмеуші ме едің?"десем, білемін ғой деп ерін ұшымен күбірлеген соң, менде қоямын ба, "ал, айт, онда кім екен?" деп қойып қалдым. сөйтсем, сабазым, "Ол әнші ғой" деп ұрыееееееп тұр.
Айбар | 24 қаңтар 2014 10:38
Бұл деген, қазақтың әдебиетінен мақұрым ұрпақ өсіп келеді деген сөз ғой? Басқа емес Фариза аапмызды танымауы сұмдық, трагедия нағыз!
Марат | 24 қаңтар 2014 10:39
Ақындар емес, әншілер билеген заман боп тұр ғой қазір.
Фариза | 24 қаңтар 2014 10:39
Есімімнің қойылуына себепкер болған Фариза апамды
Аллаһ Тағала қабір азабынан, тозақ отынан сақтағай!!!
Ауыр тигені-ай қазаның…
Эврика | 24 қаңтар 2014 10:41
Фариза апайдың ақындығы өз алдына бір төбе. Сол сияқты ол кісінің балалар журналистикасына сіңірген еңбегі де бір төбе. Әсіресе, "Ақ желкен" мен "Ұланға". Білсеңіздер, ел тәуелсіздік алып, бәрі жекешеленіп жатқанда "Ұланды" аяғынан тік тұрғызған осы Фариза апа. Қош болыңыз апатай!
Данияр | 24 қаңтар 2014 10:42
Казак кызынын кайсар бейнеси, олендери 62 тамырынды иiлдирердей сыршыл акыны Фариза Онгарсынова дуние салды...каралы хабар тагы...Жаны жаннатта болсын!
Алмат | 24 қаңтар 2014 10:43
Иманы саламат болсын! Жаткан жери жайлы топырагы торкалы жани жаннатта болсын!
Айзере | 24 қаңтар 2014 10:43
Али талай Фариза апамыз туралы естеліктер мен туындылар айтылар көресіңдер осыдан айтқаным айтқан
Еркеш | 24 қаңтар 2014 10:45
Жаны жанатта болсын. Есими аркашан ел есінде болатынына сенімім мол.
Гүлім | 24 қаңтар 2014 10:46
Фариза апай болганымен барлык казак оны Фариза кыз деп ес!нде сактары анык
Бауыржан | 24 қаңтар 2014 10:46
Фариза апамыз дүниеден өтіпті, жыраулардың жалғасындай қазақтың қайсар қызының иманы жолдас, алды жарық, мекені жұмақ болғай!
Айман | 24 қаңтар 2014 10:47
"Қиял шіркін қисынға бір бағынбай,
Ертеңіңе емексіп тұрғанымды-ай?!
…Өшпей жүрсең көкейден болды-дағы,
Аттас ақын апаңның жырларындай".
Бақұл бол, апа!!!
Дархан | 24 қаңтар 2014 10:48
"...Ол рас, адамда мың жан бар шығар,
Мың шыбының қырылса арман сынар.
Ажал-бақа бір-бірлеп таусып бәрін,
Қалса менде біреуі-ақ қалған шығар" деп жазып еді Фариза апа "Шыбын жан" деген өлеңінде. Ол да ұшыпты... Иманыңыз жолдас болсын, Ақын Апа!
Жаннұр Семейден | 24 қаңтар 2014 10:49
Беу, дүние! Иманды болсын! Алдынан жарылқағай!
Әйкерім | 24 қаңтар 2014 10:50
..Менің мынау қиындау тағдырым болып,
О, баста көріскенің үшін,
Өлең, мен сені аялап өтем! Қош болыңыз!
УКА | 24 қаңтар 2014 10:51
Бақұл болыңыз, маэстро!
Нұржан | 24 қаңтар 2014 10:52
Тұманбай, Қадыр аталар дүние салғандп арамызда Фариза апамыз бар еді. Енді Фариза апамыз дүние салғандп олардың арамызда болмауы расында көңілге ауыр тиді. Иманды болсын. Қабірі кең сұрауы жеңіл болғай.
Нұрлан Тілеуов | 24 қаңтар 2014 14:40
Әдебиетіміздің тағы бір уығы сынып түсті. Орнына қадалар, Фариза апамыздай Әдебиет атты алып отаудың шаңырағын қайыспай көтеріп тұра аларлықтай ақын қыздар бар ма орнын басар.
Жаның жаннатта болғай, АПА! Жерлес апамыз, Фариза апаларың біздің ауылымыздан қанат қаққан деп оқушыларыма бір иығым шыға мақтанушы едім. Алдыңнан жарылқасын. Исі қазаққа бір сендей Фариза қыз қайда енді...?
Жеті шатыр | 24 қаңтар 2014 16:44
Иманды болсын! !„Ақынның хаты өлмейді„,-дейді. Қазақ әдебиетінің биігінде және ел жүрегінде мәңгі қатал мінезімен, сыр толы өлеңдерімен, ерекше өткізген өмір жолымен қалмақ. Өзі де айтпақшы : „Ұқтырмасын сиқырын бал құндағы –
тек жасағай жақсы өлең – жанның нәрі!„Ұрпақ сізді ұмытпайды!
Асылай | 24 қаңтар 2014 20:31
Қазақтың ардақты ақын қызы,поэзия алыбы,жерлес апамыз Фариза Онгарсынованын өмірден өтуіне байланысты қайғырып көңіл айтамыз!"Өлді деуге сияма ойлаңдаршы,өлми тұғын артына із калдырған"Қазақ халқы барда Фариза аты ұмытылмас!Жаныңыз жанатта болсын!
бесбайыс | 24 қаңтар 2014 22:03
ФАРИЗА ОНҒАРСЫНОВАНЫҢ - ҰЛЫ ФАРИЗА, ДАНА ФАРИЗА - ДЕЙТҮҒЫН МӘҢГІЛІК ӨМІРІ БАСТАЛДЫ.
Гулмира | 25 қаңтар 2014 01:29
Жулдызы жарқырап туылган Фариза апамыздың жаны жаннатта болгай.
Батима | 25 қаңтар 2014 02:30
Иманды болсын, жаны жәнәтта болсын!
Рузия | 25 қаңтар 2014 11:58
ФАРИЗА апамыз - феномен. Енді қазақтың маңдайна ондай қыз біте ме?!ЖАНЫ ЖӘНАТТА БОЛСЫН!
Фариза | 25 қаңтар 2014 18:08
Есімімнің қойылуына себепкер болған Фариза апа еді... Жаныныз жәннатта болсын.
Нурсултан | 25 қаңтар 2014 19:28
Ауыр кайгы болды баримизге,жаныныз жаннатта болгай.
Гульмира | 25 қаңтар 2014 20:08
Жерлесіміз Фариза апамыздың жататын жері жайлы болсын, жаны жәннәтта болғай. Қазақ халқына, тума-туысқандарына көңіл айтамыз. Қазақ әдебиетіне қосқан үлесі зор. Сонымен қатар, қазақ халқынын тұрмыс-тіршілігіне бейжай қарамаған. Фариза апамызды орны толмас дана адам ретінде қазақ халқы онын атын ешқашан ұмытпайды.
манарбек муханбетов | 25 қаңтар 2014 20:18
хош фариза апа аттен омир жалган жаныныз жаннатта болсын бул батыстын кызы еди
Жібек | 25 қаңтар 2014 23:11
Ұлы ақынымыз 74 жасында өмірден өтті жатқан жері жайлы болсын. Әмин!
Рахила | 26 қаңтар 2014 14:11
Фариза апамыз омирден отседе, есими манги олмесин, ардайым ел естен шыгармайды. Жаткан жериниз жайлы, топырагыныз торка, жаныныз жаннатта болгай, апатай.....
Женис | 5 ақпан 2014 22:28
Арты қайырлы болсын! Жаны жаннатта болсын!
нургул | 11 ақпан 2014 17:46
Топырағы жеңіл болсын! Есімің мәңгі өшпейді! Жан Апа!
казима | 25 қазан 2014 00:02
Арамызда апамыздың болмағандығы өкінішті. Арамызда болғанда 5 желтоқсанда ел болып туылған күнін дүбірлетіп тойлар едік.Енді тек оқушыларымызға жарқын бейнесін еске ала таныстырамыз. Жаныңыз жәннатта болсын.
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар