Ақсуатқа көп қабатты тұрғын үйлер салынады

(Дауыстар: 1)
  • 24 қаңтар 2014, 10:11 |
  • Пікірлер: 16
Ақсуатқа көп қабатты тұрғын үйлер салынады

ШҚО Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында биыл бас жоспарға сәйкес аудан орталығының сәнін қашырған ескі үйлер бұзылып, олардың орнына көпқабатты жаңа тұрғын үйлер салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ауданда баспана алуға кезекте тұрған мұқтаж адамдардың саны – 334. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар, сондай-ақ, бюджеттік, мемлекеттік мекеме қызметкерлері бар.

Тұрғындар арасында қордаланған баспана проблемасын осындай жолмен шешуді көздеген жергілікті басшылық бұл әрекеттері арқылы «екі қоянды бір оқпен атып» алмақшы.

Ауданның бас жоспарын жасаушы мамандар жаңадан салынатын көпқабатты үйлер Ақсуаттың ажарын келтіріп қана қоймай, онда тұратын адамдарға да өте жайлы болатынын айтады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Тарбағатай | 24 қаңтар 2014 10:54
Маааааа, қашан салғалы жатыр? Өтірік айта берет
Асхат | 24 қаңтар 2014 10:55
Құрып бара жатқан ауылға үй салғанша қалаға салмайсыңдарма
УКА | 24 қаңтар 2014 10:55
«Үйі жоқтың - күйі жоқ» деген мақал тегін айтылмаса керек. Басында панасы жоқ, қолда дипломы болганмен, мамандығына сай жұмысы жоқ жастар ауылда да, қалада да жетерлік. Екі қолға бір күрек табылғанымен, ол күнделікті наныңнан артылмаса, элиталы көпқабатты үйлерде туру жастар үшін бұлдыраған сағымдай. Алайда, Үкіметіміз жастарға қолдан келген көмегін жасап, сол жолда түрлі жобалар ұйымдастыруда бұлда соның бірі
Құнанбай | 24 қаңтар 2014 10:57
Ой десейш тебіреніп кеттім ғой тіпті көпқаббатты тегеін берет деп ойлайсыңдар ма ақымақтар? Бұны бергендеде ана үйді алған бейшалардың мойынына бір бір кредиттен салып берет)) уа-ха-аха-ахах
Еркін | 24 қаңтар 2014 10:59
Ең алдымен арендалық үй алуға арыз жазады сосын бір кредит плюс подаркі берет үйді алғандарға, тегін үйді қашан беріп қойып ет қызық осы
Халық | 24 қаңтар 2014 11:01
Баспана мәселесі байыппен шешілуде, жуырда үйді алып қаламыз. Өкіметке рахмет, мында үйдің бәрі құлағалы тұр жаңа пәтерге көшкіміз келеді
Риза | 24 қаңтар 2014 11:03
Баспана мәселесі бас ауруына айналды, жалғыз ақсуаттылықтар ғана емес бұл бүкіл елдің басында бар жағдай ғой онда сразу халықты жаппай үймен қамтамсыз етпейме бөліп жарммай ел жұртты
Айдана | 24 қаңтар 2014 11:04
қолданысқа қашан беріледі? үйді салуға қанша қаражат бөлініпті өкіметтен? соны айтындарш а!
Жарқын | 24 қаңтар 2014 11:05
Қалай десек те, қалалық та, мемлекеттік те тұрғын үй бағдарламалары қарапайым халыққа әлі де қолжетімді болмай тұр. «Үй бол­май, күй болмайтынын» ескерсек, бас­па­на мәселесіне тағы да біраз бас ауырту керек-ақ. Бұл жүйе осылай кете беретін болса, «жетім бұрышты» жа­ға­лай­тын­дар­дың қарасы әлі де азаймайтын шығар. Сон­дықтан мемлекеттік тұрғын үй бағдар­ла­масы қалталылардың емес, қарапайым жан­дардың мәселесін шешуге арналса екен дейміз.
Еділ | 24 қаңтар 2014 11:07
Билік сендерге қашан үй берет деп тосып жүргенде жапыраөқ құсап сарғайып кетіп жүрмеңдер. Сендерге айтар кеңесім бар, әрине тыңдасаңдар. Оданда жер алып, өздерің салыңдар сол дұрыс әйтпесе ана көпқаббаты үйдеріңді әлі 1 ғасыр күтесіңдер
Есхат | 24 қаңтар 2014 11:09
Жұмыссыздық біздің қоғамның сыздаған бір жарасы болса, бас ауруы баспана болып тұр. Екеуі қос бүйірден келіп қысқанда, талай атпал азамат теңселіп сала береді. Тұрмыстың осынау тауқыметіне шыдамай, біраз отбасының шаңырағы шайқалды. Осындайда Қасым ақын құсап қапаланбасқа болмайтын секілді. 1946 жылы он шумақтан тұратын «Баспана» атты өлең жазған шайырдың талантымен қоса, тағдыры да бүгін қасымызда жүрген Қасымдарға бергені өкінішті. Талай қазақтың баласы тентіреп жүр, Алматы мен Астанада тапқан-таянғанын пәтерге беріп. Бас сұғып кірер баспанасы жоқ ұлан-ғайыр даладан да ұлтарақтай жер бұйырмай тұр. Әрине, үй мәселесі бүгін, я кеше пайда болған жоқ. Қазақ баласы қаланы жағалаған кеңестік Қазақстан кезінен бастап жағамызға жармасып келе жатқан кесел. Жайлы орын-жарым құрсақ. Баспанаға қолы жетпей жүрген жұрттың жағдайын реттеуге мемлекет біраздан бері талаптанып келеді. Қайбір жылдары құрылыс Қазақстан экономикасының қара нары деп бағаланып, жаппай үй салу науқаны басталып еді бірақ оны шенеуіктер алып алат көресіңдер
Зарина | 24 қаңтар 2014 11:11
Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауда Тұрғын үй құрылысын дамытудың бағытын айқындап, басымдығын нақтылап жүр. Бәрі Елбасының арқасында, жуықта алатын пәтерміздің қоныс тойына дайындала берейік ағайын, кім не десе о десін бастыссы басыымызда баспанамыз болады
Назира | 24 қаңтар 2014 11:16
Қарапайым халықтың жағдайын ойлап, үй салып жатқанына қуанып жатырмыз бір шетінен, аудандық әкімшілікке рахмет, алғысымды айтамын
Айнұр Жаңабай | 24 қаңтар 2014 11:18
Шыр етіп дүние есігін ашқан Сезім, Сенім,Сенемін атты үшемнің әке-шешесі Алмат пен Гүлнәз жуырда ғана ауылға көшіп келді. Жуырда тұрғын үй кешенінің бірінен пәтерлі болатынын естіп қуанып жүр. Төрт баланы жетектеп, пәтер жалдап жүрген Жұматовтар шаңырағы сөйтіп үшеммен қоса баспаналы болған өткен жылы, жаңа қонысқа көшті. Ауылдарда құрылыс саласында оң өзгеріс жетерлік
Зухра | 24 қаңтар 2014 11:23
Жетімдерге, тұрмысы төмен отбасыларға бірінші кезекте үй берілсін, көпқабаты тұрғын үйді бөөлгенде әкімшіліктерің туысшылдық пен таныстыққа салынып кетпесе болды әйтеу
Айжан | 24 қаңтар 2014 11:26
Көп қазақтың бір арманы – баспаналы болу.Негізі, баспана – әрбір отбасы үшін бірінші орында тұрған аса маңызды қажеттілік қой, қуаныштары ұзағынан сүйіндірсін Ақсуаттықтарды, аман болыңыздар, су тасқынынан абай болыңыздар а то жаңадан салынған баспанаңыз тағы құрдымға кетеді
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар