Семей балуандары Ресейден жеңіспен оралды

(Дауыстар: 1)
  • 24 қаңтар 2014, 10:17 |
  • Пікірлер: 6
Семей балуандары Ресейден жеңіспен  оралды

Семейлік грек-рим күресінің балуандары Ресейден жеңіспен оралды. Олар Бердск қаласында өткен еңбек қаһарманы Л.Максимовты еске алуға арналған турнирде жүлделі орындардан көрінді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ресей мен біздің елдің әр аймағынан екі жүзге жуық балуан қатысқан дода аса тартысты өтті.

Осы турнирде 58 келі салмақ дәрежесін-де сынға түскен Ернар Сидахметов пен 54 келіде белдескен Мадияр Мәлтекбаев қарсылас шақ келтірмей бірінші орынды жеңіп алды. Ал 69 келіде боз кілемге шық-қан Дулат Нысанбаев екінші орынды иеленсе, Әлихан Серікжанов 63 келі салмақта жақсы өнер көрсетіп, жүлделі үштікті түйіндеді.

Бұл ретте жеңімпаздар мен жүлдегерлер-ді жаттықтырған білікті бапкерлер Дүйсен Иманғалиев пен Қайыртай Оразалиннің еңбегін ерекше атап өткен абзал.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Спорт | Кілт сөдер: грек-рим күресі

Пікірлер:

Санжар мен Қайсар | 24 қаңтар 2014 20:19
Құтты болсын! Спорт әлемінің үздіктері болыңдар! Әлем чемпионы атанасыңдар әлі-ақ
Инабат | 24 қаңтар 2014 20:21
Семейліктер биыл жақсы нәтиже көрсетіп жатырсыңдар! Жарайсыңдар! Ел үмітін арқалайтын нағыз азамат пен азаматша боласыңдер деп үміттенемін
Бауыржан | 24 қаңтар 2014 20:22
Нешінші орын алды сонда
Олжас | 24 қаңтар 2014 20:24
Семейлік балуандар “Қазақстан барысы” атты бұқаралық жарысқа қатыстырайық келер жылы қалай қарайсыздар?
Дархан | 24 қаңтар 2014 20:26
Тұлпарда да тұлпар бар – қазанаты бір бөлек, жігітте де жігіт бар – азаматы бір бөлек
Жасұлан | 24 қаңтар 2014 20:30
Нағыз қазақтын палуандары Өскемен мен Семейде дегенге келісесіз бе?
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар