Мәдина Сәдуақасованың тойы болатын күн белгілі болды

(Дауыстар: 6)
  • 24 қаңтар 2014, 10:57 |
  • Пікірлер: 27
Мәдина Сәдуақасованың тойы болатын күн белгілі болды

"Мәдина сүйген жүрегін тапты" деген сүйінші жаңалық әншінің әріптестерін ғана емес, бүкіл халықты қуантып үлгерді. Жаңа жылдан соң ақ босаға аттап, Смағұловтар әулиетіне келін болып түскен Мәдина мен жары Олжастың неке тойы Алматыдағы мейрамханаларының бірінде 2 ақпан күні өтетін болды.

Мәдинаны қуанышымен құттықтап, өзімен бірауыз тілдесуге тілшілердің мүмкіндігі болмады. Себебін түсінген де шығарсыздар. Сондықтан тойға қызу дайындық жүргізіп жатқан әншінің мерекесіне кімдер шақырылғанын 31 арна тілшілері анықтап көруге тырысыпты.

"Тойға шақырды ма?" деген сауалған әнші Мақпал Жүнісова "Шақырды, құдай қаласа, осында екісінде болады, барамын" деп, Дастан Оразбеков "Ол мені шақырмаса да міндетті түрде барам", Ақылбек Жеменей - "Өз аузынан шақырған жоқ, бірақ, Құдай қаласа, барамыз деп отырмыз" деп жауап берді.

Мақпал Жүнісова қандай сыйлық сыйлайтынын да жария етті:

"Мен енді ол қызға бір жақсы сақина мен сырға сыйлайтын шағармын", - деді ол.

Айта кетейік, Мәдина Сәдуақасова жарымен Алматы қаласында танысты. Олжас есімді азамат телеарналардың бірінде режиссер болып жұмыс істейді. Мәдинаның енесі де телеарнаның беделді маманы, журналист.

"Мамасына қарап, Олжастың қандай өнегелі, өте тәрбиелі отбасыдан шыққанын білуге болады", - дейді әнші Айгүл Иманбаева.

Мәлімет көзі: 31 Арна

Пікірлер:

Жұлдыз | 24 қаңтар 2014 11:44
Баяғыда күйеге шығып кетті емес пе әлде басқа әншімен шатастырып тұрмын ба осы мен
Дастаниус | 24 қаңтар 2014 11:48
Әншілердің жеке өмірінде не шаруаларың бар
Жаннұр Семейден | 24 қаңтар 2014 11:49
Бақытты бол айналайын, қосағыңмен қоса ағар!
Ислам | 24 қаңтар 2014 11:51
Мәдина Сәдуақасова: «Бақытты әйелмін деп айта алмаймын...» депті бір сұхбатында, енді Олжаспен бағың ашлысын, бақыттыңды шатаспай тапты деп сенейік сізге
Айару | 24 қаңтар 2014 11:57
Журналистика мен әншілікті қоса алып жүре ала ма екен осыдан былай әншіміз??? Сол қызықтырады, маған сіздің жүргізген бағдарламадарыңыз өте қатты ұнайды, тв-дан кетпеңізші Мадина апай
Инабат | 24 қаңтар 2014 11:58
"маған білім жетіспейді екен. Қазір білімімді толықтыра түсу үшін Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универ­ситетінің журналистика факультетінде «радио және тележурналист» мамандығы бойынша оқып жатырмын. Бұйырса, осы жылы диплом аламын." деген бірде. Білім де ақыл да жетіспейтіні көрініп тұр ғой және журфакбілім береді деп кім айтты саған + қатырып сабақтан қалмай оқып жүргендей сөйлесің
Аружан | 24 қаңтар 2014 11:59
Негізі ше диплом бар гой Мадинага телевидение саласында жумыс жасау ішін керек ))) айтпесе болмайды екен, ТВ да жумыс істейтін жургізушілердін (әншілердің) барлыгы дерлік сырттай журфакта "окиды")))))
Бекзат | 24 қаңтар 2014 12:00
Мүмкін түрінде еш кемшілік жоқ болар, бірақ тартымсыз көрерменін баурай алмайды, оны талантты әнші деп ойламаймын. Қазақтың мықты диапазоны кең мықты, талантты әншілері бар, бірақ олар көп көрінбейді неге екенін сол үшін тұрмысқа шығып үйде отыр әншілердің санын көбейтпей
Жандос | 24 қаңтар 2014 12:01
Сізге ақбоз атты Болат Назарбаев не үшін сыйға тартты? Қандай еңбегіңіз үшін? Жұрттың бәрінің білгісі келеді жауап күтеміз сізден
Еркеназ | 24 қаңтар 2014 12:02
"Сондай-ақ Құдай маған көрікті кейіпті де, әдемі үнді де бере салған! Демек, ер адамдар қарамайды емес - қарайды, сөз айтпайды емес - айтады"-бұл Мәдинаның пікірі. Қазақ қызына тілге тиек етер сөзіме еді осы? Олжасқа қалай тұрмысқа шыққалы жатыр?
Шолпан | 24 қаңтар 2014 12:04
Тусінбеймін қазақтар бір-бірін күндегенін қашан қояды? Ішін күйсе тұз жала.Мадина сулу да акылды,ерекше дауысы қазақ қызы! Өнерінмен өрге жүз, бақытты болыңдар!! Тек амандык тілеймін!
Ұлжан | 24 қаңтар 2014 12:06
Айналайын Мәдина! Қызылордадан шығып, қазақтың мақтанышына айналған жанның бірісің! Өнерің оза берсін! Барған жеріңе балдай батып, судай сіңіп кет жарығым
Гүлнара | 24 қаңтар 2014 12:09
Мәдинаның "Махаббат жалыны", клипы де өте жақсы шықты ғой кезінде. Сондай талғам, ізденіс тағы да болса деймін. Мәдина сүйкімді, жақсы әнші, сезімі бар. Қашан да тілектеспін.
Айман | 24 қаңтар 2014 12:10
Мәдинадай қыз жоқ қазақта. Қызылорданың құты ғой ол.Қылықты десең қылықты, сүйкімді десең сүйкімді.Адамды өзін магниттей тартып тұратын ерекше қасиеті бар, бұл қыздың. Осы құпияны ашсам ғой шіркін.Анау бұрынғы күйеуің нашар еркек екен. Екінші күйеуің құтты болсын))
Ақжайық | 24 қаңтар 2014 12:11
Мадина сіңліме әйел махаббатын тілеймін.Мадина,кейбір айтылған келеңсіз сөздерге мән берме,себебі өзінің қолынан түк келмейтін жалқау қазақ шіріген ойын анда-санда құсып қоймаса басы ауырады.Ақымақтың,наданның сөзіне мән берме.Сен керемет қазақтың қызысың.Сенен көп жастар үлгі алады. Семейлік апатайың
Бақытгүл Зайсаннан | 24 қаңтар 2014 12:12
Біліміңіздің таяздығын Азиаданың ашылу салтанатындағы комментаторлығыңыздан түсіндік. Таяз емес, тіптен білім жоқ! Қазақтың жаманы орыс бола алмайды дейді, орысша сөйлеп кімге полиглот боп көрінгіңіз келді тусинбейм вапщеееее
Айымгүл | 24 қаңтар 2014 12:13
Мадина сиздин минезиниз бен қылыгыныздын бари жасанды. Азиаданы жургизуге шакырганда озиниздин шаманызды биле тура неге бардыныз? Неге жауапкершілікпен қарап бас тартпадыныз. Шаманыз белгілі гой, енді жақсы келін бола алатын шығарсың
Әсел Юностьтан | 24 қаңтар 2014 12:15
Сәлем Мәдина апай! Мен сізді жақсы көретінім соншалық тіпті ақпарат құралдарынан бейнеңізді көргенімде қуанышым қойныма сыймай кетеді.Сіз тұрмысқа шықты дегенді естігенімде еңсем түсіп кетті(((
Айко | 24 қаңтар 2014 12:16
Мадина сіз қазақтың қарапайым қызысыз мен сіздін андерінді сүйіп тындаймын.сіз адемі мінезі ашық адамсыз кім не айтсада тамаша адамсыз бақытты болуға лайық жансыз
Тұрар | 24 қаңтар 2014 12:17
Мадина сізге мол бақыт тілеймін!!!!! Тойыңыз жақсы өтсін
Ақбаян | 24 қаңтар 2014 12:18
Мәдина сіздей қазақтың өнерін паш етіп жүрген әнші қауымы аман болсын, тойыңыз сәтті еш кедергісіз жақсы керемет өтсін, шаңырақтарыңз биік болсын, үйіңізден қонақ арылмасын!
Гулсат | 26 қаңтар 2014 02:50
Мадина орамалын кутты болсын! Бакытты бол айналайын. Сени биз оте катты жаксы коремиз. Сулусын тартымдысын суйкимдисин кылыктысын онерлисин Коп казак кыздары сендей болсын!!!!
Қонақ | 26 қаңтар 2014 15:21
Мадинаның өзі үйлену туралы ойымда жоқ, деп шып-пыры шығып жүрсе, оны үйлендіргілері кеп жүрген кімдер екен, а? Әлде кезекті әншінің пиары ма? Мәдина үйленетін болса, неге бүкіл ақпарат құралдары тып-тыныш жатыр. Әлде қолдаушылары көп болғасын, Мадинаның тойы Өскеменде өте ме екен? Кезінде Әйгүл Иманбаева мен Мұрат Мұтырғановта бір үйленісіп, "айырылысып" еді ғой... Әйтеуір қазақтарға біреудің үйленгені де, ажырасқаны да әңгіме болып тұр ғой бүгінде ...
Айда | 14 ақпан 2014 18:47
Құтты болсын тойларыңыз!
Гулайым Сагнайкызы | 21 ақпан 2014 13:17
Меңінше Мадина апа өз бақытынн тапты деп ойлайм. Қазақ не демейт, өзі шын сүйсе болды гой. Қазақ өсек десе болды жан салат. Керсінше қолдап бақытты болсын дегенді білмит. Мен сізге зор денсаулық, тау суындай мөлдір махаббат тілейм.
жанар | 21 ақпан 2014 16:31
Мадина бақытты бол. Сен сияқты қазақтың қыздары көбейе берсін. Жақсы адамға көп мін тағады осыдан әзіңнің жақсы адам екеніңді біле бер. Мін таққан адам сендей бола алады мекен? Сен бақытқа лайықсың қазақтың қай қызы болсада бақытқа лайық. Жақсы адам бір-бірін ғайбаттамай жақсы сөз айта білу керек. Өмірде және өнерде тасың өрге домалап жолдасың екеуің бақытты болыңдар.
Марат | 23 ақпан 2014 19:57
жанар, замандас қазақ қыздары өзінен кіші балаларға күйеуге шыға берсін дегеніңіз бе бұл сонда?! Қазақтың жігіттеріне біреуден қалған тамақты да ішкізбеген қыз алары бар деп. Олжас бауырым бақытты бола алар ма екенсің...
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар