Оңалту орталығы Семейде ашылады

(Дауыстар: 1)
  • 24 қаңтар 2014, 11:16 |
  • Пікірлер: 12
Оңалту орталығы Семейде ашылады

Биыл мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетуге арналған ірі оңалту орталығы құрылысының жобалау-сметалық құжаттары әзірленеді. Бұған қоса өңірімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бағдарлама жүзеге асырылады. Бұл жайында ШҚ облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Семейге барған кезде мәлімдеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дәстүрлі Жолдауындағы тапсырмаларға сәйкес, Шығыс Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарында мүмкіндігі шектеулі балалар мен 18 жастан жоғары жандар туралы ақпарат жиналуда. Семей қаласында бұл жұмыспен «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мекемесі айналысады. Қазіргі кезде орталықта 400-ден астам мүмкіндігі шектеулі жандар қамқорлыққа алынған. Орталық директоры Рымжан Тынысованың айтуынша, орталықта жүйке жүйесінде ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мен 18 жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

Оңалту орталығы Семейде ашылады

Облыс басшысы логопед, емдеу, ойын, сенсорлық, еңбек және тағы басқа оңалтуға арналған кабинеттер-ді аралап көріп, ем қабылдаушы балалардың ахуалымен танысты.

Ауыр еңбек болса да, адамгерші-лігі жоғары кәсіби жұмыстың нәтижесі де жоқ емес. Мәселен, ақыл-ой кемтарлығы және жүрек ақаулығы диагнозымен келген Мирас Қабылаштың бүгінде біртіндеп жағдайы жақсарып келеді. 2009 жылы ашылған мекемедегі күндізгі бөлімнен бүгінге дейін балабақшаға – 3, мектепке – 6, колледжге – 3, үйден тәрбиелеуге – 3, үйден оқуға – 17, жоғары оқу орнына – 1 бала жіберілген. Бұл – орталық ұжымының теңдессіз жеңісі.

Алайда, орталықта шешімін күткен мәселе де жоқ емес. Директордың айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандардың ауқымды бөлігіне қызмет көрсетуге мамандар құлықты болғанымен, оған тұрғын үй ғимаратының бірінші қабатында орналасқан орталықтың мүмкіндігі жеткіліксіз.

Арнаулы орталықтың жағдайымен жіті танысып шыққан облыс басшысы бұл мәселеден хабардар екендігін, сондықтан тиісті орындарға тапсырма жүктейтінін жеткізді.

Думан Анаш
суреттерді түсірген Есімхан Орынбаев
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz

Пікірлер:

Жасұлан | 24 қаңтар 2014 12:05
АШЫП ТАСТАП КЕРЕМЕТ ЕМДЕП ТАСТАЙТЫНДАЙ АЙТАДЫ ҒО МЫНАЛАРЫ
Халықбай | 24 қаңтар 2014 12:08
Өй, сендерде бір адамды үміттендіріп, ашлып қойған мекеме ме де қалдым
Гуля | 24 қаңтар 2014 12:21
Қандай оңалту жұмыстарын жүргізеді екен, сосын бұл Семейдің қай жерінде ашлығалы жатыр? Сол туралы толығыарқ жазсаңыздар! Рахмет
Айжан | 24 қаңтар 2014 12:22
Медициналық оңалтудың техникалық құралдарына: қанның диализі үшін, ішперденің диализі үшін аппарат, велотренажерлар және велоэргометрия, есту аппараттары, оның ішінде жүректің ауыстырып қондыру стимуляторлары (пейсмекерлер), қарама-қарсы тесу құралдары, статодинамикалық функцияларды жаттықтыру және вестибулярлы аппаратқа арналған құралдар, нәжіс қабылдағыштар мен зәр қабылдағыштар, стома арқылы ас қабылдау, парантералды тамақтану үшін қондырғыларды әкеле ме ашлыған кезде???????
Аяужан | 24 қаңтар 2014 12:25
психотерапиялық және диетотерапия, емдеудің дәстүрлі және халықтық әдістері, әлеуметтік психологиялық емдеу әдістері, кинезотерапиялық емдеу шаралары бола ма? Біз үнемі Астанаға барып емделіп жүрміз, өз облысымызда ашылса жақсы болар еді. Бұл қуанышты жаңалық болды мен үшін
Нұрасыл | 24 қаңтар 2014 12:26
Дәрі-дәрмектік терапияны, жылумен емдеуді, сумен емдеуді, массажды, рефлексотерапияны жақсы білетін мамандарды жұмысқа алыңыздарш, айғайламайтын, науқастарға ақырын сөйлейтін врачтар болса қатып кетет))
ЧС | 24 қаңтар 2014 12:30
Оңалту проблемасы оның барлық аспектілері есепке алына отырып, кешенді шешіледі, барлық мұқтаж адамдар үшін оңай қолжетімді болуы, аурудың тұрақты өзгеріп тұратын құрылымына икемделуі, сондай-ақ техникалық прогресс пен әлеуметтік құрылымдардың өзгеруі ескерілуі тиіс. Медициналық, физикалық, психологиялық, кәсіби, әлеуметтік, экономикалық аспектілерден қателеспеңдер
Жадыра | 24 қаңтар 2014 12:36
Қазақстан оңалтудың әлемдік тәжірибесінен қалыс қалып қалғалы қашан? Науқастарға жөндеп қарай алмайт біздің дәрігерлер, жүйкелері жұқааузыңды ашсаң айғайлай жөнелет мәлениет дегеннен жұрдай
Айгүл | 24 қаңтар 2014 12:37
Орталыққа балалар тек жолдамамен келе ма. Жолдаманы өңірлердегі Денсаулық сақтау басқармалары берет дейді сол рас паі. Бөлінетін квоталар саны қанша, оны қалай алсам болад
Гүлбаршын Қарлыбай | 24 қаңтар 2014 12:40
Менің мойын омыртқам қысылып қалған соның салдарынан аяқ-қолым жансызданып, өзді­гінше қимылдауым қиынға түсіп кетті соңғы кездері, тіпті тілге келуі қиынға соғып жүр, орталықта жатқан уақытта әуелі емдеуді неден бастайсыздар?
Фариза | 24 қаңтар 2014 12:41
Сіздерде мүгедектердi оңалтудың қандай кешендi бағдарламалары бар?????
АнАнДи | 24 қаңтар 2014 12:45
Ал квотаға ілікпегендер үшін ақылы ем-домдарымыз бар ма. Емдеу курсы қанша күнге жалғасады. Кейбір балалардың жылына екі рет келуіне бола ма
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар