Әлемнің үздік оқушысы Семейде оқиды

(Дауыстар: 1)
  • 24 қаңтар 2014, 13:09 |
  • Пікірлер: 5
Әлемнің үздік оқушысы Семейде оқиды

Семейдегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Айнұр Мәшпиева әлемнің 175 елінен мыңнан астам жоғары сынып оқушысы қатысқан SAT халықаралық тестілеуінде үздік шығып, арнайы сертификатқа ие болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Айта кетейік, білім сынағы бастан-аяқ ағылшын тілінде өтті. Осы бәсекеде Айнұр тиісті елу сұраққа жүз пайыз дұрыс жауап беріп, ең жоғары 800 балл жинады. Соның арқасында ол әлемде ең мықты саналған Гарвард, Оксфорд, Кембридж секілді іргелі оқу орындарында тегін оқуға мүмкіндік алды. Алайда, білімді қыз өзінің болашақ өмірін Астанадағы Назарбаев университетімен байланыстыруда.

– Назарбаев университетіне түсу үшін алты жүзден астам балл жинау керек. Ал менің көрсеткішім – 800 балл. Енді мен бұл емтиханды қайтадан тапсырмаймын, басқа емтихандарға назар аударамын. Бұл сынақ арқылы мен білімім қандай деңгейде екенін анықтадым, – дейді жас дарын.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz
Айдар: Семей, Қоғам

Пікірлер:

Әйкерім | 24 қаңтар 2014 13:20
Қазақтың қыздары жарайсыңдар! Биіктерді бағындыра беріңдер үлкен үлкен!
Әже | 24 қаңтар 2014 13:28
SAT халықаралық тестілеуін өте қиын деп естіп ем. Жарайсың, еліміздің болашағы сендер сияқты жастардың қолында аман бол жарығым Айнұр
Көркем | 24 қаңтар 2014 13:38
Назарбаев зияткерлік мектебінде оқитындардың бәрі сондай керемет ақылды деп кім айтты бағыңды сынауға барсаң бәрін алдын ала сатып алған балалар түсет оқуға, бірақ мына қыз білімді шығар расыменде де бәлкім
магнум | 24 қаңтар 2014 17:19
Кэмбридж Оксфордқа түспей Астанадағы Назарбаев университетіне түсемін дегендері ғана қызық әрі күдікті. Негізі, жақсы, жарайсыңдар қарындастарым!
Мадина Семейден | 24 қаңтар 2014 20:18
Қарапайым мектепте оқитындарда озат бола алад если што! Бірақ Семейлік қыздың бүл жетістіігіне шын жүректен қуанып жатырмыз! Жеңістен жеңіске жете бер сіңілім!
Сіздің пікіріңіз
Ең танымал
Twitter Facebook Vkontakte
Пікірлер
Сауалнама
Өлім жазасы - керек пе?
Мақұлдаймын, ауыр қылмысты жазалау керек.
Заңды жаңарту керек, кінәсіздерді жазаламау үшін.
Қарсымын, басқа жаза түрі болу керек.
Қарсымын, бұл адамгершіліксіз.
Маған бәрібір.


Барлық сауалнамалар
Қазақстан Өскемен


Күнтізбе
«    Желтоқсан 2016    »
ДүйСейСәрБейЖұмСенЖек
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
Жаңалықтар